Жаңалықтар
| 2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
| қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
«ТұранӘлем Банкі» АҚ 500 млн. АҚШ долларына балама жапон иені сомасындағы синдикатталған несиені тартты
25.04.2007 / Баспасөз орталығыING Bank N.V. (“ING”), Standard Chartered Bank (“SCB”) және Sumitomo Mitsui Banking Corporation Europe Limited (“SMBCE”) 500 000 000 АҚШ долларына балама жапон иені сомасындағы синдикатталған несиені тарту жөніндегі мәміленің сәтті аяқталғанын және осы мәміле бойынша келісімге 2007 жылғы 20 сәуір күні қол қойылғанын қуанышпен хабарлайды. Келісімге сәйкес қарызгер TuranAlem Finance B.V. (Голландия), ал кепілдемеші - «ТұранӘлем Банкі» АҚ болды.
Жетекші Уәкілетті Ұйымдастырушылар ING Bank N.V. (“ING”), Standard Chartered Bank (“SCB”) және Sumitomo Mitsui Banking Corporation Europe Limited (“SMBCE”) болды. Синдикаттау барысында ABN Amro Bank N.V. және First Сommercial Bank Уәкілетті Ұйымдастырушылар мәртебесіне ие болды.
Бұл «ТұранӘлем Банкі» АҚ тартқан жапон иеніндегі алғашқы синдикатталған несие. Синдикатталған несие арқылы тартылған қаржының басым бөлігін азиялық инвесторлар ұсынды. Бұл әлемдік банк қоғамдастығындағы бұрыннан келе жатқан және жаңа инвесторлардың «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ын мойындауының тағы бір дәлелі.
Синдикатталған несиені тарту «ТұранӘлем Банкі» АҚ азиялық аймақтағы банктермен қарым-қатынасын әрі қарай дамытуына себепші болмақ.
Синдикатталған несие мына шарттар бойынша тартылды:
| Қарызгер: | TuranAlem Finance B.V. |
| Кепілдемеші | «ТұранӘлем Банкі» АҚ (“ТӘБ ”) |
| Несие сомасы: | 500 000 000 АҚШ долларына балама жапон йеніндегі сома |
| Несие мерзімі: | Несие келісіміне қол қойылған сәттен бастап 36 ай |
| Мақсаты: | Сауданы қаржыландырумен қоса ортақ корпоративтік мақсаттар |
| Қарыздың негізгі сомасын төлеу: | Біржолғы |
| Маржа: | Жылдық 0.55% |
Мәміле жөнінде «ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко мынадай мәлімдеме жасады. «Қаржы нарығындағы күшті бәсекелестік жағдайында ТұранӘлем банкі 2006 жылы көшбасшылық ұстанымын және өсудің жоғары қарқындылығын тұрақтандыра алды. Бұл жыл ішінде біздің банк мейлінше табысты және тұрақты қаржы институтына айналды. Біз банктің ТМД-дағы ірі қаржы институты болуына шешуші қадам жасадық. Қазақстан мен ТМД-ның банктер жүйесіне үлгі болып, ТӘБ ағылшынның фунт стерлингтерімен, еуромен және жапон йенімен үш дебюттік еуробонд шығарылымдарын жүзеге асырды. Инвестициялық қорды әрі қарай әртараптандыру бағытында біз жапон йенімен синдикатталған несиені тартуды сәтті аяқтадық. Несиені тарту азиялық инвесторлардың Қазақстан рыногына қызығушылығын көрсетті, осыған орай біз бұл аймақтағы банктің беделін арттыруды көздеп отырмыз».
1925 жылы негізі қаланған ТұранӘлем банкі Қазақстандағы ірі жеке меншік банктердің бірі болып табылады. ТӘБ корпоративтік клиенттерге және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді, сондай-ақ қаржы қызметтерінің басқа да түрлерін ұсынады. Банктің бас офисі Алматыда орналасқан. ТӘБ активтері 17 млрд. АҚШ долларын, ал меншікті капиталы 2.2 АҚШ долларын құрайды.
ТӘБ мынадай халықаралық рейтингілерге ие болды: Standard & Poor’s – BB, Moody’s – Ba1, Fitch – BB+. 2006 жылдың желтоқсанында Standard & Poor’s пен Fitch ТӘБ болжамын “тұрақтыдан” “позитивтіге ”дейін көтерді.
2006 жылдың шілде айында ТӘБ «Euromoney» журналының «Үздік несие алушы – қаржы институттары тобы – 2006 жылғы Еуропаның дамушы рыноктары» марапатына ие болды. 2005 жылы ТӘБ «Euromoney» журналының «ТМД-дағы үздік банк» және «Орта Азиядағы үздік банк» номинациялары бойынша марапатқа ие болды. Сондай-ақ The Banker-ге сәйкес 2005 жылы ТӘБ « Қазақстандағы 2005 жылдың үздік банкі» болды.
ТӘБ ТМД мен Балтиканы қосқанда, дүние жүзі бойынша 650-ге жуық шетелдік банктермен белсенді ынтымақтастық құрады. Халықаралық банктердің 50 пайыздан астамының сауданы қаржыландыру саласында ТӘБ-імен әріптес болуға 3 жылдық мерзімге 2 млрд. АҚШ долларынан астам мөлшердегі орналастырылған лимиттері бар. 2006 жылдың 31 желтоқсанында ТӘБ-нің шетелдердегі өкілдіктерінің саны 10-ға жетті.
Қарыз алушы - TuranAlem Finance B.V. ТӘБ-тің 100 пайыз еншілес кәсіпорны. Негізі 2001 жылы қаланған TuranAlem Finance B.V. ТӘБ қаржыларын тарту құралы болып табылады.
TuranAlem Finanke B.V. кепілдік берілмеген ірі қарызына Moody`s атынан Baal, (Болжамы: Тұрақты) Standard & Poor’s-тен BB (Болжамы: Тұрақты) және Fitch атынан BB+ (Болжамы: Тұрақты) рейтингілері берілді.
Қосымша ақпараттар алу үшін сіз мына тұлғаларға хабарласа аласыз:
| ING | Jana Petkova | +44 20 7767 5216 |
| SCB | Natalia Sokolova | +44 207 280 6023 |
| SMBC | Nick Vozianov | +44 20 7786 1145 |
| BTA | Gulnara Galyamova | +7 327 250 4093 |
Жетекші өкілетті ұйымдастырушылар атынан
ING Bank N.V.
Standard Chartered Bank
Sumitomo Mitsui Banking Corporation Europe Limited

