Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
Euromoney «ТұранӘлем Банкі» АҚ –ын екі мәртебелі сыйлықпен марапаттады
14.05.2007 / Press-serviceХалықаралық Euromoney басылымы «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ын дамушы Еуропа нарықтарындағы корпоративтік басқару бойынша көшбасшы банк - "Corporate Governance 2006", сондай-ақ ТӘБ-ін Орталық және Шығыс Еуропадағы және Орталық Азиядағы ең тиімді басқарылатын банк - "Best Managed Companies 2007"деп таныды.
"Corporate Governance 2006" марапатын тағайындауда 2006 жылғы мамырдан 2007 жылдың сәуіріне дейінгі аралықтағы банктің қызмет көрсету уақыты қарастырылды. Сондай-ақ "Best Managed Companies 2007" атағы 2007 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейінгі аралықты қамтиды.
Беделді басылымның бұл марапаты - «ТұранӘлем Банкі» АҚ –ның дүниежүзілік қаржы нарығындағы ұстамының беріктігін және оның бағалы қағаздарының қазақстандық және шетелдік инвесторлар үшін де тартымды екенін дәлелдейді.
Euromoney басылымы компаниялардың корпоративтік басқаруындағы халықаралық стандарттарды енгізу мен қолдану бойынша сауалнаманы қарастыру барысында мына аспектілер сарапқа салынды: меншік иелері құрылымдарының мөлдірлігі, қаржылық мөлдірлігі, басқарма құрылымы, мүдделі тараптардың қарым-қатынастары мен басқарушылардың мүдделері.
«Бүгінгі банк ісіндегі барьерге қарамастан корпоративтік басқару саласы бойынша Euromoney марапатына ие болған банктер әлемдегі ең мықты қаржы институттары болып табылады. Олар нарықтағы тұрақты ұстанымдары, қызмет көрсетудегі жоғары деңгейі, әлеуетті өсімі мен тиімді басқарулары үшін марапатталған болатын. Бұл банктер шын мәнінде бірінші класты қаржы қызметтерін ұсынады және сенімге лайықты», - деп атап өтті Орталық және Шығыс Еуропа , Ресей мен ТМД аймақтары бойынша «Евромани» директоры Мартин Борн.
Екінші номинация бойынша жеңімпаз компанияларды анықтау барысында Euromoney сарапшылары банк стратегиясының сенімділігі мен дәйектілігі, қызмет көрсеткіштері, қаржылық есеп беруінің мөлдірлігі, корпоративтік басқару стандарттары және команданың инвесторлар мен талдаушылар үшін ашықтығын басты назарға алды.