Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Қарағанды облысының Әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы келісім жасады
30.05.2007 / Баспасөз орталығы2007 жылғы 30 мамыр күні Қарағандыда “ТұранӘлем Банкі” АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко мен Қарағанды облысының Әкімі Нұрлан Нығматулин Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжатқа қол қою рәсімінің «Қарағанды Инвест 2007» 1-Халықаралық инвестициялық Форумы аясында өтуі ерекше атап өтерлік жағдай.
Ынтымақтастықтың басты бағыттары ретінде тау-кен, металлургия өнеркәсіптерін дамыту бойынша ұзақ мерзімді жобалар, сондай-ақ бәсекелестікке қабілетті өнімдерді шығаруға бағытталған инновациялық жобалар белгіленді.Қарағандыда қол қойылған құжат аясында 2007 жылы Қарағанды қаласынан “ТұранӘлем Банкі” АҚ бизнес-орталығы құрылысын бастау жоспарланып отыр.
«Қарағанды облысымен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасау – бұл ТұранӘлем банкінің саясатын жүзеге асырудағы кезекті қадамдарымыздың бірі, ол жергілікті билікпен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған. Осы құжаттағы ережелердің жүзеге асуы біздің ынтымақтастығымыздың қазіргі әлеуетін толық пайдалануға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – еліміздің барлық аймақтарындағы клиенттерге заманға са, сапалы және олар талап ететін банк өнімдерін ұсыну. Мұндай ынтымақтастықтың табысты және екіжақты тиімді болатынына кәміл сенемін», - деп атап өтті Роман Солодченко құжатқа қол қою рәсімінде.
Кездесу кезінде тараптар ынтымақтастық кезінде оң нәтижелерге қол жеткізгендерін және ТұранӘлем банкінің Қарағанды, Жезқазған, Теміртау филиалдарының аймақ экономикасына қосқан ауқымды үлесін де атап өтті. “ТұранӘлем Банкі” АҚ басты мақсаттарының бірі корпоративтік клиенттер үшін және олардың бизнесі үшін ең қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Екіжақты тиімді шарттармен банк аймақтағы бірқатар мынадай ірі жобаларға қаржылық қолдау көрсетті: «№1 Машзауыт» ЖШС кәсіпорнын қаржыландыру (тау-шахта техникасын шығаратын құрал-жабдықтарды жаңарту), ГОРКОМТРАНС – күл-қоқыс жинайтын техника автопаркін жаңарту), «Ремиксер» ЖШС (қала жолдарына қызмет көрсететін техникаларды жаңарту), «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» АҚ (арглабин өндіретін зауыт).
“ТұранӘлем Банкі” АҚ осы аймақтағы сауданы қаржыландыруда, ШОБ-ті несиелендіруде көшбасшылық ұстанымын нығайтып келеді. Экономика үші ШОБ-ті дамытудың маңыздылығын ескере келіп, банк бұл секторды ең басты секторлардың бірі ретінде айқындады. “ТұранӘлем Банкі” АҚ Қарағанды филиалы ШОБ субъектілерін 18 млрд. теңгеден астам сомаға, халықты 8 миллиардтан астам сомаға несиелендірді.
ТұранӘлем банкінің басты артықшылықтарының бірі – кең ауқымды желісі болып табылады (қазіргі таңда Қарағанды облысы бойынша банктің 23 бөлімшесі бар). Экономиканың жалпы өсімі, халықтың нақты кірісінің көбеюі түсетін кірістер мен шығыстарды алдын ала жоспарлауға мүмкіндік беріп, карточкалық бизнестің артуына септігін тигізді. ТұранӘлем банктің тармақталған банкоматтар жүйесі – осы аймақтың жер-жерінде орналасқан 86 банкоматы бар.
Қарағанды облысы бойынша ТӘБ клиенттерінің саны 2007 жылғы 1 мамырда 144756- ға жетті, олардың 4439-ы заңды, ал 140326-сы жеке тұлғалар.
ТӘБ облыстың күнделікті өміріне белсене араласады – Жеңістің 60 жылдығы саябағының құрылысын қаржыландырды, Кеңгір кентінің су құбырын қайта жасауға және «Ұлытау» мұражайына көмектесті, сондай-ақ балалар үйлеріне, интернаттарға, спортшыларға, би ұжымдарына тұрақты трде демеушілік қолдау көрсетіп келеді. 2005 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықта 9,7 млн. теңге көлемінде материалдық және демеушілік көмек көрсетілді.
“ТұранӘлем Банкі”АҚ (ТӘБ) — ірі банктердің бірі және ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы. 2007 жылдың І жартысындағы қорытынды бойынша банк активтері 17,0 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2,2 млрд. АҚШ долларына жетті. 2007 жылы ТМД-дағы банктің активтерін топтастырып, 2015 жылға дейін 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген. Банк географиялық әртараптандыру мен банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, негізгі көрсеткіштерін тұрақты және қарқынды дамытуды көздейді.
Халықаралық Standard & Poor's/ Moody's/ Fitch Ratings рейтингілік агенттігі берген жоғарғы рейтингілер BB позитивті /Baa+ тұрақтыBB+ позитивті болып топтастырылады.
ТМД елдерінде және алыс шет елдерде еншілес банктер желісі арқылы өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларусь, Грузия мен Арменияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыған дәлел.
ек кейінгі екі жылдың өзінде ТұранӘлем банкі көптеген марапаттарға ие болды. ТӘБ тобы белгілі британдық қаржы басылымы «Euromoney» марапатына ие болды. Сарапшылар банкті мына номинациялар бойынша жеңімпаз деп таныды: «ТМД-дағы үздік банк», «Орта Азиядағы үздік банк», «Дамушы рыноктардағы үздік несиегер», сондай-ақ дамушы Еуропа нарықтарындағы корпоративтік басқару бойынша көшбасшы банк, Орталық және Шығыс Еуропадағы және Орталық Азиядағы ең тиімді басқарылатын банк деп атады.
«The Banker» журналы ТӘБ-ін Қазақстандағы «2005 жылдың үздік банкі»деп атады. Қазақстанның Ұлттық Тұтынушылар Лигасы банкті екі мәрте «Мінсіз банк» сапа белгісімен марапаттады. Банк «Саф Алтын» қоғамдық ұлттық сыйлығының «2006 жылдың үздік банкі» номинациясы бойынша Гран-при иегері.
ТұранӘлем банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында тармақталған филиалдар желісі бар (22 филиал мен 208 есеп айырысу-кассалық бөлімдері).
Облыс туралы анықтамалық ақпарат
Қарағанды облысы Қазақстанның тарихи орталықтарының бірі. Көшпенділердің ежелгі саяси орталығы – Ұлытау осы аймқта орналасқан. Үш жүздің өкілдері осы жерде қазақ халқының бірлігін бейнелейтін ру таңбалары белгілеген. Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінде орналасқан және Қазақстан Республикасының 9 және 14 облысымен шектеседі.
Облыстың инвестициялық саясаты қазіргі шетелдік және отандық ннвесторлардың инвестицияларын облыс экономикасына тартуға және инвестициялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
Облыс экономикасы үшін шетелдік инвестициялардың ең перспективалық және кең тараған түрі біріккен кәсіпкерлік болып табылады, оның деңгейі жағынан Қарағанды облысы төртінші орынды иемденеді. Облыста 720 біріккен және шетелдік кәсіпорындар бар.
Шетелдіктер қатысатын ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар:
- «Миттал Стил Теміртау» АҚ («LNM Group», Ұлыбритания)
- «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС(Оңтүстік Корея кәсіпорны, Ресей)
- «Қарағанды маргарин зауыты» АҚ («Урсем Холдинг», Швейцария)
- «Қарағанды кәмпиттері» АҚ (“U. I. G. Limited”, Ұлыбритания)
- «Эфес Қарағанды сыра қайнату зауыты» АҚ («Эфес», Түркия)
- «Жайрм ТБК» АҚ(Еуразиялық өнеркәсіп Ассоциациясы, Ресей)
- “Central Asia Cement”АҚ (Малайзия)
- “NOVA ЦИНК”ЖШС БК (“Nova-trading & Commerce AG”)
- “Қарағанды-Жылу”ЖШС («Enrhost.Ltd», Ұлыбритания)
- “Шұбаркөл көмір кесу”АҚ (Еуразиялық өнеркәсіп Ассоциациясы)
- “Сараньрезеңкетехника”ЖШС (“ECM Wertpapierdienstleistungs GmbH”, Германия)
- «Қарағандырезеңкетехника» ЖШС («Сибхимимпекс», Ресей)