Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Қызылорда облысының әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
05.06.2007 / Баспасөз орталығы2007 жылғы 4 маусым күні Қызылордада «ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко мен Қызылорда облысының Әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Ынтымақтастықтың басты бағыттары ретінде мұнай, мұнай-химия және қайта өңдеу өнеркәсіптері, энергетика, құрылыс салаларындағы біріккен ұзақмерзімді жобалар, сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендіруге арналған жобалар белгіленді.
“ТұранӘлем Банкі” АҚ басты мақсаттарының бірі корпоративтік клиенттер үшін және олардың бизнесі үшін ең қолайлы жағдай жасау.
Өзара тиімді шарттар бойынша банк аймақтағы бірқатар ірі жобаларға қаржылай қолдау көрсетті: «УАД» ЖШС ұсақ тас өндіретін зауытты ұйымдастыру жобасын қаржыландырды. «КСМиК» ЖШС-іне темір бетон өнімдерін шығаратын зауыт, «СКЗ-37» ЖШС Сұлутөбе кірпіш зауыты құрылысына, сондай-ақ «Қызылордаотын» ЖШС-ына Самал тұрғын үй кешені құрылысын қаржыландыруға көмектесті. Одан басқа «Dihan күріш компаниясына» күріш өсіру, қайта өңдеу, бөлшектеп қайта өңдеу және сатуды несиелендіру жүзеге асырылды, сонымен қоса «Энергия» ЖШС-іне сауда-ойын-сауық кешендері құрылысына несие берілді.
Кездесу кезінде тараптар ТұранӘлем банкінің Қызылорда филиалы жұмысының нәтижелері мен осы аймақтың экономикасына қосқан зор үлесін қанағаттанарлықпен атап өтті.
2001 жылдан 2006 жылға дейінгі мерзім ішінде ТӘБ филиалы жалпы сомасы 30 747 млн. теңге, соның ішінде 2006 жылы 15743 млн. теңге несие берді, олардан:
шағын және орта бизнесті қолдауға 20 943 млн. теңге, соның ішінде 2006 ж. 10 784 млн. теңге;
аграрлық секторды қолдауға – 1 607 млн. теңге, соның ішінде 2006 ж. 329 млн.теңге;
халықты несиелендіруге – 9 804 млн. теңге, соның ішінде 2006 ж. 4 959 млн. теңге берілді.
Осы мерзім ішінде 8 375 млн. теңге сома, соның ішінде 2006 ж. 2 452 млн. теңге, заңды тұлғалар - 37 288 млн. теңге сомаға, соның ішінде 2006 ж. 4 866 млн. теңге сомаға жеке тұлғалардың депозиттері тартылды, бұл халықтың банкке деген сенімінің артқандығын көрсетеді.
2007 жылдың 1 сәуіріндегі жай-күйі бойынша банктік қызмет көрсетудегі аймақтық нарықтағы филиалдың үлесі заңды тұлғаларды несиелендіру бойынша 35,7%-ды, жеке тұлғалар бойынша – 24,7%, шағын кәсіпкерлік бойынша – 19,6 %-ды құрады.
Сонымен қоса аймақтағы депозиттерді тарту бойынша филиалдың нарықтағы үлесі 68,1%, заңды тұлғалардың жедел депозиттері бойынша – 86,1%, заңды тұлғалар бойынша-40,1% болды.
Қызылорда облысындағы ТӘБ филиалы 1997 жылдың 12 мамырынан жұмыс істей бастады. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласында филиалдың бас офисі бар.Сонымен қоса, әкімшілік орталықта төрт бөлімше жұмыс істейді, «Тұран» бөлшек сауда, банктік қызмет көрсету орталығы, № 08-01 бөлімше және ЦПМБ бөлімшесі жұмыс істейді. Шиелі кентінде «Кен» банктік қызмет көрсету орталығы, ал Арал қаласында «Толқын» ЕКБ жұмыс істейді.
Клиенттерге қызмет көрсетуді кеңейтіп және сапасын жақсарту үшін 2007 жылдың екінші жартысында Қызылорда облысының екі ауданынан тағы да үш банктік қызмет көрсету орталығын, бір ЕКБ ашу жоспарланып отыр. Экономиканың жалпы өсімі, халықтың нақты кірісінің артуы түсетін кірістер мен шығыстарды алдын ала жоспарлауға мүмкіндік беріп, карточкалық бизнестің артуына септігін тигізді. Қазіргі таңда 251 кәсіпорынға Банктің жалақы жобасы бойынша қызмет көрсетіледі, олардың 55-і бюджеттік саладағы ұйымдар. Филиалдың аймақтың әр жерінде орналасқан тармақталған банкоматтар жүйесі -27 банкоматы бар.
2007 жылдың 1 мамырындағы жай-күйі бойынша ТӘБ Қызылорда филиалының клиенттер саны 17 039-ға жетті, олардың 1296-сы заңды және 15 743-і жеке тұлғалар.
ТӘБ-нің Қызылорда филиалы облыстың күнделікті өміріне белсене араласады. Банк тұрақты түрде соғыс және еңбек ардагерлері кеңесіне, балалар үйлеріне, интернаттарға, спорт ұйымдарына, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ су апатынан зардап шеккендерге материалдық және демеушілік көмек көрсетіп келеді. 2007 жылдың 5 айы ішінде 2,4 млн.теңге көлемінде материалдық және демеушілік көмек көрсетілді.