Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ шетелдік өкілдіктер жұмысын қайта ұйымдастырады

28.06.2007 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем Банкі» АҚ өзінің шетелдегі өкілдіктерінің жұмысын қайта ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады.Бұрын саудалық қаржыландырудағы клиенттерді тартуға, Ресеей нарығын талдау мен РФ-дағы клиенттермен байланыс орнатуға бағытталған Банктің Ресейдегі өкілдігі бұдан былай инвестициялық қаржыландыру жобасына шоғырландырылады. Өкілдік РФ-дағы саудалық қаржыландыру бойынша өз міндетін табысты аяқтады және бұдан былай бұл қызметті «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның Халықаралық қатынастар және саудалық қаржыландыру басқармасы жүзеге асыратын болады.

ТұранӘлем Банкінің Украинадағы өкілдігінің жұмыстарында да осындай өзгерістер болмақ.

Сонымен бірге ТӘБ басқармасының шешіміне сәйкес банктің аймақтық желісін оңтайландыруға байланысты ТұранӘлем Банкінің Беларусьтегі (Минск), Тәжікстандағы (Душанбе) және Қырғызстандағы (Бішкек) өкілдіктері 2007 жылдың 1 шілдесіне дейін жабылады.

Оңтайландырылатын өкілдіктердің міндеттерін осы елдердегі ТӘБ-нің стратегиялық серіктес банктері атқаратын болады.

Серіктестерге, сонымен қатар банктерге қатысты банктің міндеттемелері өзгермейді. ТӘБ алдағы уақытта да ашық несиелік желілер мен орнатылған корреспондеттік қарым-қатынастар аясында ТМД банктерімен ынтымақтастығын нығайтып және дамытуды жоспарлап отыр.

РФ-да ТӘБ стратегиялық серіктес банктер желісі 4 аймақты қамтиды. Ол «Славинвестбанк» ЖШҚ (Мәскеу), «Омск-банк» ААҚ (Омбы), «ТӘБ Қазан» ААҚ мен «Агроинкомбанк» ААҚ-ына (Астрахань) ұсынылған.

ТӘБ стратегиялық серіктес банктері Украина, Беларусь, Грузия мен Армения елдерінде жұмыс істейді.

ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де қызмет етеді. ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасында 22 филиалы мен 244 бөлімшесі бар.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) — ірі банктердің бірі және ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы. 2007 жылдың І жартысындағы қорытынды бойынша банктің топтастырылған активтері 19,4 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. 2007 жылы ТМД-дағы банктің активтерін топтастырып, 2015 жылға дейін 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген. Банк географиялық әртараптандыру мен банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, негізгі көрсеткіштерін тұрақты және қарқынды дамытуды көздейді.