Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ WAKALA құрылымы бойынша 250 млн. АҚШ доллары сомасына ислам несиесін тартты

12.07.2007 / Баспасөз орталығы

2007 жылғы 10 шілде күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ 250 млн. АҚШ доллары сомасындағы Исламдық қаржыландыруды тарту бойынша мәмілені сәтті аяқтады. Көшбасшы ұйымдастырушылар Abu Dhabi Islamic Bank PJSC (“ADIB”), Barclays Capital мен CIMB Bank (L) Limited (“CIMB”) болды.

Қарыздың басты ерекшелігі Таяу Шығыс пен Малайзия инвесторларына бағытталуында. Нарықтағы мәміле сәтті синдикатталған соң қарыздың бастапқы сомасы 60%-ға артты, нәтижесінде қаржыландыру сомасы 250 млн. АҚШ долларына дейін өсті. Несие 2 жыл мерзімге тартылды, маржа жылдық 0,5%-ды құрады.

Мәмілеге 14 қаржы институты қатысты, олардың 4-еуі Қазақстан үшін жаңа инвесторлар.

Осы қаржы тартуды жүзеге асыра отырып Банк айтарлықтай инвесторлық базасын кеңейтіп, әртараптандырып үлгерді, атап айтқанда, Таяу Шығыс пен Малайзия инвесторларымен бұрынғы қарым-қатынасын нығайтты және жаңа қарым-қатынас орнатты.

ТӘБ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко, мәмілеге қол қою рәсімінің сәтті өткені жөнінде мәміле жасап: «Бұл Ислам несиесі ТӘБ тарихында болған ең ірі Исламдық қаржыландыру деп айта аламыз. ТұранӘлем Банкі осы нарықта Исламдық құрылымды ұсынған және Таяу Шығыс аймағы мен Малайзияның ең құрметті институттарымен қарым-қатынасын ойдағыдай дамыта бастаған Қазақстандағы алғашқы банк. Бастапқыда жарияланған 150 млн. АҚШ долларын 250 млн. АҚШ долларына дейін өсіріп - Қазақстандағы Исламдық займның ең ірі сомасын тартып, бұл жолы ТӘБ өзінің көшбасшылық мәртебесін тағы да нығайта түсті. Тіпті қаржы нарығындағы жоғары ағымдық құбылмалы жағдайға және спредтердің өсуіне қарамастан Банктің халықаралық нарықтағы көшбасшылық ұстанымының арқасында ТұранӘлем Банкі мәміледе алға шығып, жеңіске жетті», - деп атап өтті.

Р.Солодченко 2007 жылдың мамыр айында Алматыда Исламдық банк конференциясын ұйымдастырып ТұранӘлем Банкі ТМД нарығында «ислам терезесі» ретінде танылды деп есептейді. Банктің тұрақты ұстанымы мен өсуінің жоғары қарқыны қазақстандық банк секторын Исламдық қаржыландыруда «бірінші өтуші» рөлін ойнауға мүмкіндік береді, бұл барлық дүниежүзі елдерінің, соның ішінде Таяу Шығыс аймағы мен Малайзия инвесторларымен серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді деп есептейді.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) — ірі банктердің бірі және ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы. 2007 жылдың І мамырында банктің активтері 20,4 млрд., ал банктің меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. 2007 жылы ТМД-дағы банктің активтерін топтастырып, 2015 жылға дейін 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген. Банк географиялық әртараптандыру мен банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, негізгі көрсеткіштерін тұрақты және қарқынды дамытуды көздейді.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларусь, Грузия мен Армения елдеріне тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыған дәлел. ТӘБ өкілдіктері Ресей, Украина, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі бар (22 филиал мен 244 есеп айырысу - кассалық бөлімдері ).

Abu Dhabi Islamic Bank PJSCBarclays Capital CIMB Bank