Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ THE BANKER журналының жыл сайынғы таңдаулы 1000 рейтингісінің әлемнің 300 үздік банктері қатарына қосылды

16.07.2007 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем Банкі» АҚ аса беделді The Banker қаржы басылымының болжамы бойынша 295 - рейтингілік орынды иемденіп, екінші жыл қатарынан әлемнің таңдаулы 1000 үздік банктері қатарына кірді.

Сонымен қатар «ТұранӘлем Банкі» АҚ Arab Foreign Bank (Ливия) мен Intercontinental Bank-ке (Нигерия) ғана жол беріп, «Жылдың үздіктері» рейтингісінде үшінші орынды иемденді.

The Banker үздік банктерді қаржылық дамудың тұрақтылығы, капиталды басқару тиімділігі, ақпараттық технологияларды енгізуі, банктің инфрақұрылымын дамытуы және нарықтағы стратегиялық жетістіктері сияқты критерийлері бойынша анықтады.

«Қазақстандық банктің әлемнің анағұрлым қарқынды дамып келе жатқан қаржы институттарының басын қосатын мәртебелі рейтингкке енуі біз үшін аса қуанышты жағдай. ТұранӘлем Банкі өсімінің тұрақты көрсеткіштерімен қарқынды дамушы банк екенін әлдеқашан көрсеткен болатын. Банктің 300 үздіктер қатарына кіруі, сондай-ақ «Жылдың үздіктері» рейтингісімен үштік көшбасшылар қатарына енуі осыны тағы да дәлелдеді. Біз сапалы қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ менеджмент және инновациялық технологиялар салалары бойынша да алда келеміз, бұл біз үшін зор мақтаныш. Осынау мәртебелі атақ үлкен міндеттер жүктейді, сондықтан да біз осы мәртебелі тізім бойынша әрі қарай да биіктен көрінуге бар күшімізді салатын боламыз», -деп атап өтті «ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко.

The Banker басылымының атағы қаржы нарығына қатысушылар үшін аса мәртебелі атақ. Өзінің 80-жылдық тарихында қаржы секторындағы маңызды ақпарат көзі болып келе жатқан The Banker журналы - Financial Times тобының ғаламдық айлық басылымы. Таңдаулы 1000 тізіміне 140 елдегі капиталы бойынша бірінші деңгейдегі әлемнің ірі банктері кіреді.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) — ірі банктердің бірі және ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы. Банктің активтері 2007 жылдың І мамырында 20,4 млрд., ал меншікті капиталы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. 2007 жылы ТМД-дағы банктің активтерін топтастырып, 2015 жылға дейін 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген. Банк географиялық әртараптандыру мен банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, негізгі көрсеткіштерін тұрақты және қарқынды дамытуды көздейді.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларуське, Грузияға, Армения мен Қырғызстанға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыған дәлел. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі бар (22 филиал мен 244 есеп айырысу - кассалық бөлімдері ).