Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
Euromoney «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ын тағы да Орта Азияның үздік банкі деп таныды
17.07.2007 / Баспасөз орталығыТұранӘлем Банкі Euromoney халықаралық басылымы өткізген «Үздік жетістіктері үшін марапаттар» байқауы аясында (Awards for Excellence) орталық-азиялық аймақтағы 2007 жылғы үздік банк атанды.
Қаржы және банк тақырыбына маманданған алуан түрлі 100-ге жуық басылымдар кіретін аса беделді Euromoney журналының бұл марапаты халықаралық қаржы нарығындағы ТұранӘлем Банкі ұстанымдарының беріктігін және оның бағалы қағаздарының қазақстандық және шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығын тағы да дәлелдей түсті.
Атап өтерлік бір жайт, Euromoney журналының болжамы бойынша 2005 жылы да «Орта Азиядағы үздік банк» атағына «ТұранӘлем Банкі» АҚ ие болды.
Қазіргі заманда банктік бизнесті жүргізудің барлық объективті қиындықтарына қарамастан ТұранӘлем Банкі «Үздік жетістіктері үшін марапаттар» байқауы аясында өзін көшбасшы қаржы институты ретінде көрсете алды.
«Euromoney белгілеген банктер шын мәнінде бірінші класты қаржы қызметтерін көрсетеді және олар клиенттер тарапынан зор сенімге лайықты. Сіздерге оларды біздің журналымыз ұсынады», - деп атап өтті Орталық және Шығыс Еуропа, Ресей мен ТМД аймағы бойынша Euromoney директоры Мартин Борн.
Жеңімпаз компанияларды таңдау барысында Euromoney сарапшылары банктің нарықтағы ұстанымдарын, нарық үлесін, банктік жаңа өнімдерін, менеджмент жүйесін, қызметкерлерінің кәсіпқойлығын, банктің инновациялық сипатын, қаржы көрсеткіштерін және меншікті капиталының көлемін назарға алды.