Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
«ТұранӘлем Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Әзірбайжанның қаржы министрімен өзара тиімді ынтымақтастық перспективаларын талқылады
25.07.2007 / Баспасөз орталығы24 шілде күні Алматыда «ТұранӘлем Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов Әзірбайжанның қаржы министрі Самир Шарифовпен кездесті.
Әзірбайжан тарапының ұсынысы бойынша өткен бұл кездесу ағымдағы жылдың тамыз айына белгіленген Әзірбайжан Президенті Ильхам Алиевтің сапарына тураланды.
Тараптар қазақстандық және әзірбайжандық іскер орта арасындағы өзара ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікірлесті, сондай-ақ бұл үдерісте ТӘБ маңызды рөл атқаратынына сенімді екендерін білдірді.Шарифов мырза жергілікті банктер капиталға айналған ақшаларының жеткіліксіздігінен ұзақмерзімді және ауқымды жобаларды қаржыландыруға жағдайы жоқ екенін айта келе, ТӘБ-ін Әзірбайжандағы перспективалық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.
Өз кезегінде Әблязов мырза Әзірбайжанның қарқынды дамып келе жатқан нарықтағы, оның ішінде мұнай-газ секторы, құрылыс пен ипотеканы қаржыландыру саласындағы ТӘБ-нің аса белсенді жұмысына қызығушылығы зор екенін және қомақты ресурстары мен банктік озық технологиясы бар банк қазіргі уақытта бағасы 1 млрд. АҚШ доллары болатын жобаларды қаржыландыруға мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Мұхтар Әблязов егер осы мемлекеттің үкіметі жекешелендіру жөнінде шешім қабылдаса, ТӘБ әзірбайжандық мемлекеттік банктің бірін сатып алуы ықтимал екенін де тілге тиек етті.
«Ірі нарығы бар елдердегі қызметімізді дамыту біздің жұмысымыздың басымдық бағыттарының бірі болып табылады, ал бүгінде Әзірбайжан экономикасының өсу қарқыны таңқалдырады. Әзірбайжанның құрылымына ұқсайтын Қазақстан нарығында зор тәжірибесі бар ТұранӘлем Банкі осы елдегі жобаларды зор табыспен жүзеге асырар еді. Біздің екі елдің арасындағы, әсіресе, «Баку-Тбилиси-Жейхан» бірлескен жобасын жүзеге асыру аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың нығая түсетініне сенемін, - деп атап өтті кездесу кезінде Әблязов мырза.