Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Жапон халықаралық ынтымақтастық банкі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

22.08.2007 / Баспасөз орталығы

2007 жылғы 22 тамыз күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) Басқарма Төрағасы Роман Солодченко мен Жапон халықаралық ынтымақтастық банкінің Халықаралық қатынастар Басқармасының Директоры (Japan Bank for International Cooperation, JBIC) Тошиюки Косуги өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Осы құжатқа сәйкес, тараптар өз жұмыстарындағы координацияны нығайту және халықаралық қаржы операциялары бойынша табысты ынтымақтастықты қалыптастыру жөнінде келісім жасады. Меморандумда негізгі принциптер аталған, тараптар өз қызметтерінде осы принциптерді негізге алатын болады.

Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою ТӘБ стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылатын JBIC-пен қарым-қатынастың маңызды кезеңі болмақ. Сонымен қатар JBIC атом энергетикасы саласында Қазақстан мен Жапония арасында жасалған бірқатар келісімдерге ең негізгі қатысушылардың бірі.

Естеріңізге сала кетейік, ТӘБ мен JBIC арасындағы ынтымақтастық 2003 жылдың қазан айында сәтті басталған болатын, ал 2004 жылы келіссөздер нәтижесінде 40 млн. доллар сомасындағы несие келісіміне қол қойылды.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) — ірі банктердің бірі және ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы. 31.05.2007 жылы банктің топтастырылған активтері 22 100 млн. $, ал меншікті капиталы 2 379 млн. $ болды.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі бар (22 филиал мен 249 есеп айырысу - кассалық бөлімдері ).


Жапон халықаралық ынтымақтастық банкі (Japan Bank for International Cooperation, JBIC) – Жапонияның ірі мемлекеттік банктерінің бірі. 1999 жылы қазан айында Жапонияның Экспорттық-импорттық банкі (Эксимбанк) мен Халықаралық экономикалық ынтымақтастық банкінің (ХЭЫБ) бірігуі арқылы құрылды. JBIC қызметінің негізгі бағыты жапондықтар қатысатын ірі жобаларды қаржыландыру болып табылады.