Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Ислам даму банкі негіздемелік келісімге қол қойды
29.08.2007 / Баспасөз орталығы2007 жылғы 29 тамыз күні «ТұранӘлем Банкі» (ТӘБ) АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Әбіләкім Жұмахметов пен Ислам даму банкінің (IDB) Вице-президенті Амаду Бубакар ТұранӘлем Банкіне 10 жыл мерзімге 50.млн. доллар сомаға қаржыландыру желісін беру Туралы негіздемелік келісімге қол қойды.
Осы келісімге сәйкес ТұранӘлем Банкі шағын және орта бизнес жобаларын, атап айтқанда, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және өңдеуші секторларды лизинг қаржыларымен қаржыландыруды, мерзімін ұзартып сатуды және Истисна (Istisna) ислам әдісі бойынша қаржыландыруды жоспарлап отыр.
Берілетін несие желісінің негізгі мақсаты шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған несие ресурстарының мерзімін ұзарту және арзандату болып табылады.
ТӘБ мен IDB арасындағы негіздемелік келісімнің ерекшелігі ТӘБ клиенттеріне берілетін несиелер 300 мыңнан 7,5 млн. АҚШ долларына дейінгі соманы құрамақ және 10 жыл мерзімге дейін берілетін болады.
Осы желі аясында Қазақстан Республикасы ішінде, сондай-ақ сырт елдерде ТӘБ клиенттерінің негізгі қаржыны сатып алуға арналған мәмілелері қаржыландырылуы мүмкін.
«Мен ТӘБ мен ИБР арасындағы келісімнің жасалуы біздің елімізде жүзеге асыратын біріккен жобалардың бастамасы ғана деп ойлаймын. Мұндай серіктестіктің табысты және екіжақты тиімді болатынына кәміл сенемін», - деп атап өтті құжатқа қол қою рәсімінде Әбіләкім Жұмахметов.