Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ «Еуропаның үздік компаниясы» атағына ие болды

25.09.2007 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлемБанкі» АҚ Еуропалық Бизнес Ассамблея (EBA, Оксфорд, Ұлыбритания) құрылтайшылық ететін еуразиялық аймақтың банк секторында «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағына ие болды.

Сонымен қатар ТұранӘлем банкі EBA нұсқасы бойынша Еуразиялық аймақтың аса қарқынды дамушы 100 қаржы институты қатарына енді, Банктің Директорлар Кеңесінің Төрағасы Мұхтар Әблязов «Еуропаның Топ-менеджері» атағына ие болды.

ЕВА Халықаралық сарапшылары Кеңесінің шешіміне сәйкес ТӘБ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Әблязов Мұхтар Қабылұлына «Еуропаның Топ-менеджері» құрметті атағы берілді. Біз ТӘБ кәсіби тобына зор табыстар мен жемісті еңбек тілейміз», - деп атап өтті ЕВА Бас директоры лорд Джон Вильям Артур Неттинг 2007 жылғы 24 қыркүйек күні «Лидерлердің Оксфорд саммиті» конференциясында барлық лауреаттарды марапаттау салтанаты кезінде (Оксфорд, Ұлыбритания).

“Best Enterprise of Europe”халықаралық сыйлығына ұсыну ЕВА ақпараттық-талдау бөлімінің зерттеулері негізінде, сондай-ақ «ХХІ жүзжылдық көшбасшылары» халықаралық имидж бағдарламасы бойынша серіктестердің, атап айтқанда, өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлердің Халықаралық конгресі, Еуропалық нарықты зерттеу орталығы (Бельгия), кеңесші-маркетологтардың (Чехия) ұсынысы бойынша жүзеге асырылады.

Бұл наградаларды Шығыс Еуропа елдеріндегі даму жөніндегі ЕВА директоры Татьяна Гребенюк VIII Алматы банкаралық конференциясында табыс етті.

Еуропалық Бизнес Ассамблея – Еуропа елдері мен бұрынғы кеңестік кеңістік елдеріндегі аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуын әзірлеу мен енгізу жөніндегі халықаралық корпорация. Үкіметтік емес бұл ұйымның мақсаттарының бірі өзінің қызметімен қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосатын компаниялар мен жеке адамдардың позитивті имиджін қалыптастыру болып табылады.

ЕВА мәртебелі Халықаралық марапаттардың құрылтайшысы, олар халықаралық қоғамдастық ие болған «Еуропалық сапа», «Еуропаның үздік кәсіпорындары», «Сократ атындағы сыйлық» және тағы басқалар. Наградалар Лондондағы әйгілі ағылшын зергері Альфреда Виньецкийдің шеберханасында және бағалы металдардан жасалған, 999,9 пробадағы алтынмен апталып, «Swarowski crystals» хрусталімен әшекейленген.


«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) — ірі банктердің бірі және ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы. Банктің 2006 жылдың 31 желтоқсанынан 2007 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімдегі топтастырылған активтері 47%-ға, 16,3 млрд. АҚШ долларынан 24,0 млрд. АҚШ долларына дейін, баланстық меншікті капиталы 94%-ға сәйкес 1,53 млрд. АҚШ долларынан 2,97 млрд АҚШ долларына дейін өсті.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі бар (22 филиалы мен 256 есеп айырысу - кассалық бөлімдері ).

«ТұранӘлем» банкі белгілі «Итоги» қаржы журналының ұсынуымен «ТМД үздік банкі 2006», сондай-ақ Euromoney халықаралық журналының ұсынысымен «Орта Азиядағы үздік банк 2006» атанды. Беделді The Banker іскер журналы ТӘБ рейтингісін осы жылдың әлемнің 300 үздік банкі рейтингісіне енгізді және «Жылдың топжарғаны» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп таныды.