Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

26-27 қыркүйек күндері 30-ға жуық елден келген 500-ден астам қатысушылар VIII Алматы банкаралық конференциясына жиналды

28.09.2007 / Баспасөз орталығы

26-27 қыркүйек күндері Алматы қаласында «InterContinental Hotel – The Ankara in Kazakhstan» қонақүйіндеТұранӘлем Банктің ұйымдастыруымен банк және әлемдік қаржы қоғамдастығы өкілдерінің кезекті кездесуі - VIII Алматы банкаралық конференциясы (АБК) болып өтті.

«Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық», - достастық елдерінің банк жүйесіне қатысушылардың алғаш рет басын қосуға шешім қабылдаған I банкаралық конференциясына қатысушылар 2000 жылы осылайша пайымдаған болатын. Содан бері банк және әлемдік қаржы қоғамдастығы өкілдерінің жыл сайынғы кездесуі дәстүрге айналды.

АБК- бұл екі күндік идеялар, концепциялар, әдістемелер алмасу марафоны, оның мақсаты қаржыгерлер мен банкирлердің еркін араласуына, пікір таластыруына мүмкіндік жасау. Конференцияның міндеті – оған қатысушылардың кәсіби тез шыңдалуына жағдай жасау. Конференция жылдан жылға өсіп келе жатқан қаржы талдаушыларының, аудиторлардың, қазынашылардың, банк мамандарының басын қосады. Бұл жылы конференция 30-ға жуық елден келген 500-ден астам қатысушылары мен қонақтарының саны жағынан рекорд жасады.

Қазақстанның банк жүйесі мен ТМД кеңістігіндегі басқа ойыншылардың рөлі жылдан жылға артып келеді. VIII АБК тақырыбының «ТМД-ның қарқынды дамушы банктік жүйелері» деп таңдалуы да сондықтан. Олар банк секторындағы тәуекелдіктерді бағаламақшы, капитал нарығындағы проблемаларды талқылап, доминанттық биржалардың бәсекелестік артықшылықтарын талқылап, әлемдегі исламдық банкингті енгізудің табысты үлгілеріне талдау жасап және бұл тәжірибені Қазақстан мен ТМД-да қолдану мүмкіндігі, сондай-ақ, жеке тұлғаларды несиелендіру мәселелері мен бұрынғы кеңестік кеңістіктегі банктік жүйелерді біріктіру перспективаларын қарастырды.

Сонымен қатар Алматы банкаралық конференциясының негізгі арқауы Еуразиялық банкирлер клубының (ЕБК) ұйымдастыру комитетінің бірінші отырысын өткізу болды. ТӘБ ТМД-дағы ең ірі жеке меншік қаржы институттарының бірі болғандықтан, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық банкирлер клубын құру туралы бастамасын қолдайды.

ТӘБ басшылығы Еуразия елдерінің қаржы нарығына қатысушылар мемлекеттердің экономикасы алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешуге және интеграциялық әлеуетті толығымен пайдалануға мүмкіндік беретін ынтымақтастық тиімділігін сапалы жаңа деңгейге көтерулері аса қажет деп есептейді. ЕБК қызметі жан-жақты қажетті экономикалық ынтымақтастықты дамытуға негізделді.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) — ірі банктердің бірі және ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы. Банктің 2006 жылдың 31 желтоқсанынан 2007 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімдегі топтастырылған активтері 47%-ға, 16,3 млрд. АҚШ долларынан 24,0 млрд. АҚШ долларына дейін, баланстық меншікті капиталы 94%-ға сәйкес 1,53 млрд. АҚШ долларынан 2,97 млрд АҚШ долларына дейін өсті.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі бар (22 филиалы мен 256 есеп айырысу - кассалық бөлімдері ).

«ТұранӘлем» банкі белгілі «Итоги» қаржы журналының ұсынуымен «ТМД үздік банкі 2006», сондай-ақ Euromoney халықаралық журналының ұсынысымен «Орта Азиядағы үздік банк 2006» атанды. Беделді The Banker іскер журналы ТӘБ рейтингісін осы жылдың әлемнің 300 үздік банкі рейтингісіне қосты.