Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

22.10.2007
Астанада ең ірі құрылыс жобасы – «Хайвил Астана» ТҮК-нің бірінші блогы пайдалануға берілді
20 қазанда астанамыздағы ірі құрылыс жобасы – тұрғызылып жатқан алты «Хайвил Астана» тұрғын үй кешенінің бірі – «А» блогының салтанатты ашылуы болды. Жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыс кезінде оңтүстік кореялық компанияның дайын тұрғын үйді табысты түрде пайдалануға беру дерегі өз нысандарын пайдалануға берудің сапасы үшін де, мерзімдері үшін де клиенттер алдында жауап беретін сенімді серіктес ретіндегі «High Vill Kazakhstan» компаниясының мәртебесін тағы да растады.

19.10.2007
ТұранӘлем Банкі» АҚ ұйымдастырған тұңғыш республикалық ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды
Бүгін Алматыдағы Ғалымдар үйінде «ТұранӘлем Банкі» АҚ жариялаған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты болып өтті.

15.10.2007
Интернет-банкинг жүйесінде бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдерді жасау
2007 жылғы 15 қазаннан бастап енді сіз мүлік, жер және көліктен басқа, салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдердің тағы 40 түрі бойынша қосымша төлем жасау мүмкіндігіне ие боласыз.

08.10.2007
ТұранӘлем Банкі халықаралық капитал нарықтарындағы өз мүмкіндіктерін сенімді түрде көрсетті
2007 жылғы 5 қазан күні AMRO Bank N.V., JPMorgan мен Standard Chartered Bank «ТұранӘлем Банкі» АҚ-на арналған 750 млн. доллар сомадағы секьюритизацияның (эмиссия) аяқталғаны туралы хабарлады.

05.10.2007
ТӘБ акционерлерінің сырттай жалпы жиналысы
«ТұранӘлем Банкі» АҚ 2007 жылғы 4 қазан күні «Казахстанская правда» газетінде мынадай тақырыпта ТӘБ акционерлерінің сырттай жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарландыру жарияланғанын хабарлайды.

03.10.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ Украинаның ірі сақтандыру компаниясы НАСК «Орантаның» акцияларын сатып алды
2007 жылғы 2 қазан күні Киевте (Украина) украиндық ұлттық акционерлік «Оранта» (әрі қарай НАСК «Оранта») сақтандыру компаниясы акцияларының мемлекеттік пакетін сату бойынша конкурс болып өтті. Конкурсқа ТМД-ның ірі қаржы топтары: «ТұранӘлем Банкі» АҚ (Қазақстан Республикасы), «Банк ЦентрКредит» АҚ (Қазақстан Республикасы) және «Альфа-банк» ААҚ (Ресей Федерациясы)қатысты.