Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ Украинаның ірі сақтандыру компаниясы НАСК «Орантаның» акцияларын сатып алды

03.10.2007 / Баспасөз орталығы

2007 жылғы 2 қазан күні Киевте (Украина) украиндық ұлттық акционерлік «Оранта» (әрі қарай НАСК «Оранта») сақтандыру компаниясы акцияларының мемлекеттік пакетін сату бойынша конкурс болып өтті. Конкурсқа ТМД-ның ірі қаржы топтары: «ТұранӘлем Банкі» АҚ (Қазақстан Республикасы), «Банк ЦентрКредит» АҚ (Қазақстан Республикасы) және «Альфа-банк» ААҚ (Ресей Федерациясы)қатысты.

Конкурстың жеңімпазы 25 % + 1 НАСК «Оранта» акциясын 500,75 млн. гривенге (99,2 млн. АҚШ доллары) сатып алған ТұранӘлем банк (ТӘБ) болды. Ресейлік «Альфа-банк» баға 98,2 млн. доллар болған кезде конкурстан шықты.

ТӘБ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Мұхтар Әблязов: «Сақтандыру бизнесі ТӘБ үшін банктің еншілес сақтандыру компаниялары нарық көшбасшылары болып табылатын Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар ТМД-ның барлық аумағында, атап айтқанда, Украинада да профильді болып табылады. «Оранта» компаниясының 25 пайыз акциясын сатып алу Украинаның ірі сақтандыру компаниясымен басқару тиімділігін арттыру мақсатында ТӘБ сақтандыру активтерін топтастыру бойынша жасалған маңызды стратегиялық қадам болды» деп атап өтті.

ТӘБ директорлар кеңесінің мүшесі Еркін Тәтішев: «Мөлшерлемелер өте жоғары болды, алайда біз компанияны сатып алуға және дамытуға қаржы инвестициялауға дайынбыз. Оның үстіне біз алдағы уақытта да компанияны дамытып және оны украиндық сақтандыру нарығының абсолюттік көшбасшылары қатарына енгізуге қанша қаржы қажет болатын болса, сонша қаржы салатын боламыз», - деп мәлім етті.

НАСК «Оранта» басқармасының төрағасы Олег Спилка НАСК «Оранта» акцияларын сатып алу жөнінде былай деді: «ТұранӘлем Банкі» ұсынған баға кез келген бизнес үшін жоғары, сақтандыру нарығы үшін тіпті жоғары болып табылады, алайда ол «Орантаның» даму қарқынын ескеріп, сөзсіз ақталды. Компанияның жинақтарының өсімі 2007 жылдың бірінші 9 айында 60 пайыздан артты. ТұранӘлемБанкінің акцияларды сатып алуын біз позитивті деп бағаладық, өйткені бұл инвесторлардың компанияның әрі қарай дамуына ниетті екенін дәлелдейді».

Украинаның Мемлекеттік Мүлік қорының төрағасы Валентина Семенюк НАСК «Оранта» акциялары үшін бағалар теңдессіз болып табылады деп мәлімдеді. «Біз 200-250 миллион гривен болады деп күткен едік, - деп мәлім етті Семенюк ханым,- алайда баға біз күткеннен де асып түсті. Бұл Украинаның мемлекеттік бюджетіне қомақты түсім болатыны сөзсіз. Бұл байқау әділетті және айқын болды».

НАСК «Оранта» - 1921 құрылған Украинаның ірі сақтандыру компаниясы. Кейінгі онжылдық ішінде «Оранта» сақтандыру төлемдерінің көлемі бойынша және мембюджетке жасаған төлемдері бойынша украиндық сақтандыру нарығындағы көшбасшы болып табылады.

«Орантаның» агенттік желісі Украина нарығындағы сақтандырушылар арасындағы көшбасшылардың бірі және 7 мыңнан астам сақтандыру агенттерін есепке алады, 700 кеңсе мен Украина бойынша 1000-нан астам сату нүктелері бар. Украинаның әрбір үшінші сақтандыру агенті «Орантаның» қызметкері болып табылады.

«Орантаның» сақтандыру төлемдерінің көлемі 2007 жылдың бірінші жартыжылдығында ғы украиндық сақтандыру компаниялары арасындағы ең үлкені болып табылады және 276 млн грн. ($54,6 млн) құрайды, ал сақтандыру төлемдерінің көлемі - 92 млн грн. ($18,2 млн). Аталған уақыттағы компанияның сақтандыру жинақтарының көлемі 60 пайыздан асты.

2004 жылы «Оранта» «Украинадағы жыл бренді» болды, ал 2005 жылы компания «Мемлекеттің ең ірі сақтандыру компаниясы» ретінде «Брендтер гвардиясы» қатарына енді, 2006 жылы «Оранта» «Жыл таңдауы» атағына ие болды. Жыл сайын НАСК «Оранта» Украинаның ең ықпалды 100 компаниясы қатарына кіреді.


«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) — ірі банктердің бірі және ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы. Банктің 2006 жылдың 31 желтоқсанынан 2007 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімдегі топтастырылған активтері 47%-ға, 16,3 млрд. АҚШ долларынан 24,0 млрд. АҚШ долларына дейін, баланстық меншікті капиталы 94%-ға сәйкес 1,53 млрд. АҚШ долларынан 2,97 млрд АҚШ долларына дейін өсті.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі бар (22 филиалы мен 256 есеп айырысу - кассалық бөлімдері ).

«ТұранӘлем» банкі белгілі «Итоги» қаржы журналының ұсынуымен «ТМД үздік банкі 2006», сондай-ақ Euromoney халықаралық журналының ұсынысымен «Орта Азиядағы үздік банк 2006» атанды. Беделді The Banker іскер журналы ТӘБ рейтингісін осы жылдың әлемнің 300 үздік банкі рейтингісіне қосты және «Жыл топжарғаны» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты.