Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем Банкі халықаралық капитал нарықтарындағы өз мүмкіндіктерін сенімді түрде көрсетті

08.10.2007 / Баспасөз орталығы

2007 жылғы 5 қазан күні AMRO Bank N.V., JPMorgan мен Standard Chartered Bank «ТұранӘлем Банкі» АҚ-на арналған 750 млн. доллар сомадағы секьюритизацияның (эмиссия) аяқталғаны туралы хабарлады.

Бұл эмиссияны ТӘБ ӘТҚ («эмитент») арнаулы қаржы компаниясы шығарған және ол Банктің облигациялар шығару бойынша бағдарламасына сәйкес Әртараптандырылған Төлем Құқықтарымен (ӘТҚ) қамтамасыз етілген несие беру нарығындағы бірінші шығарылым болып табылады. Төрт эмиссияның үшеуі осы бағдарлама бойынша сақтандырылған.

Бұл секьюритизация қазақстандық эмитент үшін ең үлкен бірден бір транзакция болып табылады.

ABN AMRO Bank N.V. мен Standard Chartered Bank реестрді жүргізу бойынша біріккен агент болды және JPMorgan-мен осы мәміленің ұйымдастырушылары болды.

Облигациялардың 2007-А серияларының, 2007-В серияларының, 2007-С сериясының, 2007-С сериясының әрбір шығарылымының құбылмалы ставкалары бар, бұл ретте 2007-А сериясы, 2007-С сериясы аз мамандандырылған сақтандырушылармен сақтандырылған, олар есептелген сыйақы мен негізгі қарызды мерзімінде төлеуге кепілдік береді.

СерияларСомаS&P/Moody'sСақтандырушыӨтеу мерзіміОрташа мерзім
2007-AUS$200 млн.AAA / AaaFGIC20155.6 жыл

2007-BUS$200 млн.AAA / AaaMBIA20155.6 жыл
2007-CUS$200 млн.AAA / AaaAmbac20155.6 жыл
2007-DUS$150 млн.BBB- / Baa3Жоқ20155.6 жыл

ӘТҚ секьюритизациясының бағдарламасы халықаралық инвестиция нарығына шығу бойынша Банк үшін арзан халықаралық қорландыру көздеріне жол ашатын

ТӘБ күшін толықтырушы маңызды шара болып табылады. Мәміленің құрылымы мен тар мамандандырылған сақтандырушылардың болуы капитал нарығында қалыптасқан жағдайларда мәмілені сәтті аяқтаудағы негізгі факторлардың бірі болды және банкке облигацияларды ТӘБ тәуекелдігіндегі ағымдағы бағадан анағұрлым төмен бағаға орналастыруға мүмкіндік берді.

Бұл транзакция ТӘБ қорландырудың көздерін әртараптандыру бойынша өз стратегиясын ұстанатынын көрсетеді. Банк сөзсіз жаңа инвесторларды тартты, ең бастысы - әлемдік нарықтарда қалыптасқан жағдайларға қарамастан сыртқы қарыздарды тарту бағдарламасын жалғастыруға қабілеттілін көрсетті.

Мәміледен түскен қаржы ортақ корпоративтік мақсаттарға қолданылатын болады және жақын уақытта ТӘБ алдында қарыздарды өтеуді жүзеге асыру мәселесі тұрмағандықтан әрекеттегі қарыздарды қаржыландыруға бағытталмайды.

S&P мемлекеттердің рейтингісі және банктің рейтинг болжамының қайта қаралу мүмкіндігі туралы хабарламасынан кейін капитал нарығы үлкен психологиялық қысымдық көріп жатқан жағдайда ТӘБ мәмілені сәтті аяқтады. Бұл инвесторлардың ТұранӘлем Банкіне және Қазақстан экономикасына толығымен сенетінін көрсетеді.

Шын мәнінде де ЖІӨ 2007 жылдың бірінші жарты жылдығында 10,2%-ды құрады, номиналды жалақы өсімі - 28% болды. 2007 жылдың қаңтар-ақпан айларында негізгі капитал инвестициялары 1783,7 млрд. теңгені құрады.

2007 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша аудиттелмеген біріктірілген балансқа сәйкес Банктің активтері жыл басынан бері 50,91%-ға, 24 659 млн. АҚШ долларына, несиелік портфелі 76,74% - ға, 18 695 млн АҚШ долларына дейін өсті.

Сонымен қатар Банктің міндеттемелері аталған уақытта 45,62%-ға, 21 562 млн. АҚШ долларына дейін, соның ішінде клиенттердің депозиттері - 48,14%-ға, 6 161 млн. АҚШ долларына дейін өсті. Банктің капиталы 102,09%-ға 3 097 млн. АҚШ долларына дейін өсті. Банктің таза пайдасы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 73,64%-ға артып, 373 млн. АҚШ долларын құрады. Капиталдың барабарлық коэффициенті К1 – 14.30%, К2 – 15.81%-ды құрады.

Әлемдік нарықтардағы тамыз айының бас кезіндегі дағдарыстан бері Банк қаржы тәртібін күшейту үшін бірқатар мынадай шаралар өткізді: әрекеттегі несие келісімдеріне, несие өтінімі мен несие желілеріне мұқият талдау жасалынды. Шетелдік банктерден ТӘБ кепілдігімен қолма-қол ақшасыз қаржы алуға ерекше көңіл аударылды. Ірі қарыз алушылармен жұмыс жүргізілді.

Клиенттермен бірге шетелдік банктер арқылы бірқатар жобаларды қайта қаржыландыру жұмыстары жүргізілді. ҚР Ұлттық Банкімен своп-операциялар және банкаралық нарықтағы қысқа мерзімді шеттен қарыз алып пайдалану қолданылды.

Нәтижесінде мерзімі өтіп кеткен қарыздардың көлемі несие портфелінің көлемінен 1 пайыз азырақ болды, 10 ірі қарыз алушылардың үлесі банк портфелінің 14,9%-ын құрады.

Банктің жақсы төлемпаздық «жастығы» бар. Төлемпаздық активтері банк портфелінің 14,9%-ын құрады.

Банк қыркүйек айының ортасында 600 млн. АҚШ доллары сомасындағы мостикалық қарызын сәтті өтеді және 10 жылға дейін өтеу мерзімімен осы соманың жартысын қайта қаржыландыру келісіміне қол жеткізе алды. Сонымен бірге банк өтеу мерзімдері әртүрлі алдын ала шығарылған еурооблигациялар бойынша шамамен 41,6 млн. АҚШ доллары сомасына пайыздық төлемдер жасады.

Жыл аяғына дейін банк өзінің сыртқы міндеттемелері бойынша 30 млн. АҚШ долларын өтеуі тиіс.

Сонымен қоса, Банк өзінің бөлшек сауда портфелін секьюритизациялау бойынша жобалармен белсенді жұмыс жасауды жалғастырады.

Сонымен қатар Банк шетелдік инвесторлармен түсіндіру шараларын жүргізуде, соның ішінде:

- шетелдік инвесторлармен жүйелі түрде телефондық конференциялар ұйымдастырады және жіберетін анықтамалық ақпараттар әзірлейді;

- қазан айының ортасында шетелдік инвесторлар үшін (АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур) ақпараттық роуд-шоу өткізу жоспарланып отыр.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) — ірі банктердің бірі және ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісі осыны дәлелдейді. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі бар (22 филиалы мен 256 есеп айырысу - кассалық бөлімдері ).

«ТұранӘлем» банкі белгілі «Итоги» қаржы журналының ұсынуымен «ТМД-дағы үздік банк», сондай-ақ Euromoney халықаралық журналының ұсынысымен «Орта Азиядағы үздік банк 2006» атанды. Беделді The Banker іскер журналы ТӘБ рейтингісін осы жылғы әлемнің 300 үздік банкі рейтингісіне қосты және «Жыл топ жарғандары» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты.