Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Астанада ең ірі құрылыс жобасы – «Хайвил Астана» ТҮК-нің бірінші блогы пайдалануға берілді

22.10.2007 / Баспасөз орталығы

20 қазанда астанамыздағы ірі құрылыс жобасы – тұрғызылып жатқан алты «Хайвил Астана» тұрғын үй кешенінің бірі – «А» блогының салтанатты ашылуы болды. Жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыс кезінде оңтүстік кореялық компанияның дайын тұрғын үйді табысты түрде пайдалануға беру дерегі өз нысандарын пайдалануға берудің сапасы үшін де, мерзімдері үшін де клиенттер алдында жауап беретін сенімді серіктес ретіндегі «High Vill Kazakhstan» компаниясының мәртебесін тағы да растады.

Мерекелік шараға Қазақстанның және Оңтүстік Кореяның ресми тұлғалары, депутаттар мен бизнесмендер, клиенттер мен журналистер қатысты. Астанадағы «А» блогының ашылуына Кореяның БАҚ-ның өзінен масс-медианың 40-қа жуық өкілдері қатысты. «Хайвил Астана» ТҮК жобасының жалпы құны шамамен 1,350,000,000 АҚШ долларын құрайды. Бірінші кезектің құны («А» блогы) – 127,000,000 АҚШ доллары.Сол аралықта «ТұранӘлем Банкі» АҚ «Хайвил Астана» ТҮК-нің құрылысына 200 млн. АҚШ долларынан астам мөлшерде қаржы құйды, сондай-ақ осы жоба аясында 11,7 млн. АҚШ долларынан астам сомаға 43 клиентке ипотекалық несие берді.

«А» блогы - 372 пәтерден және 5 подъезден тұратын 20-қабатты тұрғын үй. «Хайвил Астана» ТҮК-де барлығы шамамен 3 мың пәтер салынды. Тұжырымдамасы «ақылды үй» қағидасынан тұрады. Жер үсті үш қабатты паркинг, үлкен кешен ішіндегі парк, қауіпсіздік жүйесі және озық технологиялар – мұның барлығы компания тарапынан тұрғындарға арналған жайлылық.

Пәтерлердің 16 үлгісінің ішінде – классикалық, шығыс, модерн және тағы басқа үлгілер бар. Клиент «Хайвил Казахстан» компаниясының «Model House» демонстрация залында жобалау мен интерьердің ұнаған үлгісін таңдау мүмкіндігін алады. Компания ұсынған пәтерлер орналасуға толығымен дайын: таза әрлеу және кәсіпқой мамандардың дизайнынан басқа, олардың ішінде жайлы өмірге арналғанның барлығы, тіпті қоса орнатылған жиһаз бен тұрмыстық техникаға дейін бар.

«А» блогын тұрғызу кезінде «Хайвил Астана» кешеніндегі «Sample House» тұрғын үйдің дайын аудандарын, яғни үлгілі пәтерлерін көргеннен кейін клиенттердің жасаған барлық ескертулері ескерілді, ол жерде жүргізілген әрлеу жұмыстарының барлық сатыларын егжей-тегжейлі көруге болады. Пәтерлердің мұндай көрсетілімі – құрылыстың әрбір қадамы үшін жауап беретін оңтүстік кореялық компанияның ноу-хауы.

Блокта әлеуметтік-мәдени тұрмыстық бөлімшесі де маңызды болып табылады, оған қауіпсіздік жүйесі, анықтамалық бөлім, фитнес-клуб, гольф ойнауға арналған жаттықтыру залы, караоке және басқа да жайлар кіреді.

«А» блогына тұрғындарды орналастыру тұрғындардың қолайлылығы үшін ойластырылған кесте бойынша бірнеше сатыдан тұрады. «А» блогы, бүкіл «Хайвил Астана» ТҮК сияқты Президент резиденциясына таяу жерде, астананың әкімшілік орталығына жақын, экологиялық таза ауданда орналасқан. Жаңа технологиялармен және қазіргі заманғы құрылыс саласындағы шешімдермен үйлескен тұрғын үй кешенінің тамаша орналасуы «Хайвил Астана» кешенін астанада тұрғын үйді сатып алуға арналған өте тартымды орындардың бірі ретінде айрықша танытады.

Кешеннің артықшылықтарының бірі – аулалар аумағында табиғи саябақтардың болуы. «Хайвил» тұрғын үй кешені үшін арнайы Бурабай демалыс аймағынан 20 мыңнан астам қарағай мен ағаштар әкелінді. Ғимараттардың алдын арнайы декоративті элементтер безендіретіндігін атап өту керек, олар кешеннің сыртқы келбетіне айрықша салтанаттықты береді. Осылайша, біз «Хайвилл Астана» тұрғын үй кешені қала сәулетінде айрықша орын алатындығына және жас астананың лайықты сәні болатындығына сенеміз.

«Хайвил Астана» ТҮК-нің алғашқы блогын пайдалануға өткізіп, «High Vill Kazakhstan» компаниясы «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның қолдауымен қаржы нарығындағы дағдарысқа табысты түрде қарсы шығуды көрсетеді. Өз ретінде, ТӘБ бизнесті жүргізудегі транспаренттіліктің және барлық халықаралық стандарттарға сәйкестіктің үлгісі ретіндегі «High Vill Kazakhstan» сияқты құрылыс компанияларымен ынтымақтастықты жақтайтындығын тағы бір рет дәлелдеді. Бұдан әрі "High Vill Kazakhstan" компаниясы және "ТұранӘлем Банкі" АҚ қолданыстағы бірлескен жобаны, сондай-ақ жаңа бірлескен идеялар мен жобаларды жүзеге асыру арқылы серіктестік қарым-қатынастарын дамытуды және нығайтуды көздеп отыр.

Бүгінгі таңда компания В (209) блогында қалған пәтерлерді сатумен айналысып жатыр, оларды 2007 жылғы желтоқсанда пайдалануға беру жоспарланып отыр, сондай-ақ Д және С блоктары ғимараттарын табысты түрде тұрғызып жатыр.

"ТұранӘлем Банкі" АҚ (ТӘБ) ТМД елдері аумағында банктік желіні құру бойынша ірі банктердің бірі және көшбасшысы болып табылады. 2007 жылғы 1 қыркүйекте аудирленбеген консолидацияланған теңгерімге сәйкес Банк активтері жыл басынан бері 50,91%-ға, яғни 24 659 млн. АҚШ долларына дейін, капитал – 102,09%-ға, яғни 3 097 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайды. Банктің таза пайдасы 373 млн. АҚШ долларын құрады, яғни өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 73,64%-ға өсті.

ТМД елдерінде және шетелде өкілдігі бар ТұранӘлем Банкі өзінің ТМД елдеріндегі қызметін кеңейтіп жатыр, оны ТӘБ-нің стратегиялық серіктес банктері желісінің болуы дәлелдейді, олардың қызметі Украина, Ресейдің 4 аймағы, Беларусь, Грузия, Армения, Қырғызстан және Түркия елдеріне таралып жатыр. ТӘБ-тің өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің бүкіл Қазақстан Республикасы бойынша филиалдарының тармақталған желісі бар (22 филиал және 256 бөлімше).

«ТұранӘлем» Банкі «Итоги» беделді қаржы журналының пікірі бойынша «ТМД-дағы Жыл банкі» атанды, сондай-ақ Euromoney халықаралық журналының пікірі бойынша 2006 және 2007 жылдардағы «Орталық Азиядағы ең үздік банк» атанды. Ықпалды іскер The Banker журналы ТӘБ-ті осы жылдағы әлемнің 300 ең үздік банктері рейтингіне кіргізді және «Жыл үздігі» номинациясында 3 орынды иеленді. Европалық Бизнес Ассамблеясы (EBA, Оксфорд, Ұлыбритания) ТӘБ-не Еуразия аймағының банктік секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.