Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

ТұранӘлем банкінің 2007 жылдың үшінші тоқсанының алдын ала әзірленген қорытындысы бойынша қаржылық жандайы

07.11.2007

2006 жылдың 31 желтоқсанынан 2007 жылдың 1 қазанына дейінгі аралықтағы алдын ала берілген мәліметтер бойынша БТА топтастырылған активтері 47, 4%-ға 24,1 млрд. АҚШ долларына, капиталы 2,3 есеге 3,6 млрд. АҚШ долларына өсті. БТА топтастырылған таза пайдасы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есеге артып және 2006 жылдың қорытындысы бойынша 60%- дан асып, 492 млн. АҚШ долларын құрады.

Берілген несиелер көлемі 2006 жылдың соңындағы 10,6 млрд. АҚШ долларынан 2007 жылдың 1 қазанында 18,7 млрд. АҚШ долларына дейін артты. 2007 жылдың 9 айы ішіндегі өсім көлемі 76%. Осы мерзімдегі таза пайыздық маржа 4,2% -дан 5,5%-ға өсті.

2007 жылдың қазан айында Банк 750 млн. АҚШ долларына Диверсификацияланған Төлем Құқықтарын (ДТҚ) секъюритизациялау бойынша транзакцияны аяқтады. Бұл эмиссияны БТА мамандандырылған қаржы компаниясы жүргізді және ол банктің облигациялар шығару бойынша бағдарламасына сәйкес ДТҚ-мен қамтамасыз етілген халықаралық нарықтағы алғашқы шығарылым. Бұл секъюритизациялау қазақстандық эмитент үшін бірден бір ең үлкен транзакция болып табылады.

2007 жылғы 1 қарашада Moody’s рейтингілік агенттігі бірқатар қазақстандық банктердің, соның ішінде ТұранӘлем банктің қарыздық міндеттемелері бойынша рейтингісін төмендетті (ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді рейтинг Ba1/NP, шетел валютасындағы борыштық құнды қағаздар бойынша рейтинг (senior unsecured debt) Ba1, шетел валютасындағы борыштық құнды қағаздар бойынша рейтинг (subordinated debt) Ba2, шетел валютасындағы борыштық құнды қағаздар бойынша рейтинг (junior subordinated debt) Ba3). Барлық депозиттік және борыштық рейтинг бойынша болжам тұрақты.

Банк агенттіктердің бұдан бұрынғы рейтингті төмендетуі сияқты Moody’s әрекеті қазақстандық банктер тарапынан арандату туғызған жоқ және ол әлемдік қаржы нарығында орын алған жағымсыз көңіл-күйдің әсері болып табылады деп есептейді.

Рейтингтерінің төмендеуіне қарамастан ТұранӘлем банкі синдикатталған несиелер мен облигациялар шығарылымдарын қосқанда несие келісімінде қарастырылған барлық қаржылық қызметтеріне сәйкес болып отыр.


2007 жылғы қыркүйек айында Банк еуразиялық аймақтың банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» ("Best Enterprise of Europe") атанды.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ трансшегаралық экспансия бойынша ТМД аумағындағы көшбасшы болып табылады. Тармақталған филиалдар желісі мен еншілес компаниялары бар. Банктің қаржы тобына сақтандыру, ипотекалық несиелендіру, зейнеткерлік қамсыздандыру, лизинг, активтерді және тағы басқа қызметтер көрсететін кәсіпорындар кіреді.

БТА банк конгломератына кіретін сақтандыру компаниялары 2007 жылдың 9 айындағы қорытынды бойынша сақтандыру қызметтері нарығындағы көшбасшы және 15 пайыз үлеспен 1 позицияны иемденеді.

Қазақстандағы ипотекалық компаниялардың арасындағы мәмілердің 50 пайызы дерлік «ТұранӘлем Банкі» АҚ «БТА Ипотека» еншілес компаниясына тиесілі.

«БТА Қазақстан ЖЗҚ» АҚ 2004 жылдың қыркүйегінен 2007 жылғы қыркүйегіне дейінгі аралықтағы 68,78% (нарықта 1 орын) номиналды кіріс коэффицентімен Қазақстанның зейнетақы қорлары арасында 4 орынды иемденеді.