Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен «Әлем АРТ» қоры Алматыда «Отандағы концерттер» III халықаралық фестивалін ұйымдастырды

07.11.2007 / Баспасөз орталығы

9-10 қараша күндері Алматыда жыл сайынғы «Отандағы концерттер» классикалық музыка фестивалі өтеді. Бұл шараның ұйымдастырушылары «Әлем Арт» қоғамдық қоры мен «ТұранӘлем Банкі» АҚ.

«Отандағы концерттер» 2005-2006 жылдары Қазақстанда зор табыспен өтті. Алматы мен Астанадағы концерт алаңдарында Фуат Мансуров (дирижер, Ресей), Елена Келессиди (вокал, Греция), Алмас Серкебаев (композитор, АҚШ), Теміржан Ержанов (фортепиано, АҚШ), Марат Бисенғалиев (скрипка, Ұлыбритания), Ерік Құрманғалиев (вокал, Ресей), Сержан Кауков (балет әншісі, Ресей), Владимир Афанасьев (соқпалы аспаптар, Греция), Сәуле Рахметова (балет әншісі), Майра Мұхамедқызы (вокал, Франция) сияқты әйгілі орындаушылар өнер көрсетті.

Бұл жылы «Отандағы концерттер» фестиваліне классикалық сахна әлемінде есімдері жаңадан жарқырап келе жатқан жұлдыздар қатыспақ, қазақстандық өнерсүйер қауым алыс шетелдерде Қазақстанның атын әлемге әйгілі етіп жүрген біздің отандастарымыз - бір топ жас орындаушылардың өнерлерін тамашалай алады.

«Отандағы концерттер» Ш халықаралық фестивалі бағдарламасында өнер көрсететін Алена БАЕВАНЫҢ (скрипка, Ресей), Мемлекеттік Вена Операсының балет әншілері Әлия ТАНЫҚПАЕВА (балет әншісі, Австрия) мен Гүлнар МАШУРОВАНЫҢ дебюттік орындауы (арфа, АҚШ) ерекше орын алады.

Сондай-ақ фестивальға төмендегі орындаушылар қатысады: Әмір ТЕБЕНИХИН (фортепиано, Германия), Меруерт ТҰЯҚБАЕВА (скрипка, Германия), Қайыржан ЖОЛДЫБАЕВ (вокал, Германия), Александр ТАРАСКИН (флейта, Швейцария), Эльдар САПАРАЕВ (виолончель, Швейцария), Руслан САВДЕНОВ және Александра СУРОДЕЕВА (балет әншілері, Ресей), Алмаз ТОҚПАНОВ (кларнет, Германия), Әділ БЕСТІБАЕВ (композитор, Канада), Теміржан ЕРЖАНОВ (фортепиано, АҚШ), Қазыбек пен Малика Ахмедьяровтар (балет әншілері, Германия), Нұржан БАЙБОСЫНОВ (дирижер, Ресей/Қазақстан)

Фестиваль Абылай хан даңғылы, 86, мекен-жайында орналасқан Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Үлкен залында өтеді. Концерттің басталуы сағат 18.30-да.

Әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру, оны қолдау және дамыту «ТұранӘлем Банкі» АҚ жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Банк еліміздің ұлттық, рухани және әлеуметтік жағынан дамуына ерекше көңіл бөледі. БТА үшін қазақстандықтардың рухани дамуы мен еліміздің мәдени мұрасы аса маңызды.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (БТА) ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі бар (22 филиалы мен 256 есеп айырысу - кассалық бөлімдері ).

«ТұранӘлем» банкі белгілі «Итоги» қаржы журналының ұсынуымен «ТМД-дағы үздік банк», сондай-ақ Euromoney халықаралық журналының ұсынысымен 2006 және 2007 жылдардағы «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. Беделді The Banker іскер журналы ТӘБ рейтингісін осы жылдың әлемнің 300 үздік банкі рейтингісіне қосты және «Жыл топжарғандары» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты. Еуропалық Бизнес Ассамблея (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) ТӘБ-іне еуропалық аймақтың банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.