Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
«ТұранӘлем Банкі» АҚ «30 корпоративті көшбасшы» бағдарламасы аясында көмірді жерасты газдандыру серпінді жобасын қаржыландырады
15.11.2007«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» бағдарламасы аясында экологиялық таза озық технология — көмірді жерасты газдандыруға бағытталған серпінді жобасын қаржыландырмақ.
Қазіргі таңда көмірді жерасты газдандыру бойынша Қазақстанда тәжірибе болған емес. Осы бағыттағы республикамыздағы алғашқы қадам ТӘБ-інің «Кіші Іле кен орнындағы көмірді жерасты газдандыру» серпінді жобасын жүзеге асыруы болмақ.
Сонымен қатар республикамызда оларды жерасты газдандыруға әлеуетті жарамды басқа да көмір кенорындары бар. ТӘБ осы кен орындарындағы, әсіресе Қазақстанның энергиясы тапшы аудандарындағы жерасты газдандыруды жүзеге асыруды зерттеу мүмкіндіктерін қарастыруға әзір.
Көмірді жерасты газдандыру – бұл көмірді жердің бетіне шығармай пайдаланудың экологиялық таза технологиясы, ол әрі қарай электр энергиясы және басқа да бағалы өнімдер өндірісінде қолдану үшін синтетикалық газ алуға мүмкіндік береді. Көмірді дәстүрлі әдістермен жағудың экологияға және климаттың өзгеруіне әсері зор болғандықтан бұл технология кейінгі жылдары ерекше назарға ілігіп отыр.
Мұнай, табиғи газ сияқты энергияның бастапқы көздеріне бағаның өсетіні туралы болжам жақын болашақта бастапқы энергияның негізгі көзі болып қалатын және Қазақстанда айтарлықтай жеткілікті қоры бар балама көмірді пайдаланудың экологиялық таза технологиясын іздеуге мәжбүрлейді.
Аталмыш жобаны жүзеге асыруға дайындық аясында 12-13 қараша күндері Алматы қаласында көмірді жерасты газдандыру саласындағы халықаралық тәжірибені оқыту бойынша семинар болып өтті. БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментімен бірлесіп өткізетін бұл шараның бастамашысы және демеушісі «ТұранӘлем Банкі» АҚ.
Семинар БҰҰ-ның үкіметтерге және жеке секторға энергетиканың орнықты дамуына техникалық көмек көрсетуі аясында өтуде және еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев жариялаған еліміздің экономикасын модернизациялау бағдарламасына және оның заманауи тиімді технологиялар арқылы еліміздің экономикасын әрі қарай дамытуға барынша үлес қосудағы тілегін жүзеге асыруға ТӘБ-інің белсене қатысуға деген ұмтылысын білдіреді.
Семинардың негізгі мақсаты мүдделі мемлекеттік органдар мен мамандарды көмірді жерасты газдандыру мүмкіндіктері мен перспективалары және осы перспективалық технологияны қолданудағы халықаралық тәжірибемен таныстыру болмақ.
Семинарға АҚШ, Канада, Оңтүстік Африка, Ресей, Австралия, Қытай, Үндістан елдерінен және Өзбекістаннан келген жетекші әлемдік сарапшылар қатысты. Олар бұл шараға қатысушыларды өздерінің және басқа да елдердің көмірді жерасты газдандыру тәжірибелерімен, сондай-ақ оның техникалық, экономикалық және экологиялық аспектілерімен таныстырды.