Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ «Темірбанк» АҚ-ынан «Инэксимбанк» ЖАҚ акцияларының бақылау пакетін сатып алды

22.11.2007 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) өзінің еншілес құрылымы - «Темірбанк» АҚ-ынан «Инвестициялық экспорттық-импорттық банк» ЖАҚ («Инэксимбанк», Қырғызстан) акцияларының бақылау пакетін сатып алу бойынша мәмілені аяқтады.

20,3 млн. астам АҚШ долларын құраған бұл мәміле 2007 жылғы 19 қарашада аяқталды.

ТӘБ Қазақстанның Қаржы ұйымдарын реттеу агенттігінің және Қырғызстанның Ұлттық банкінің тиісті рұқсатын алды.

«Темірбанк» АҚ меншігіндегі «Инэксимбанк» ЖАҚ акция пакетін сатып алуы, сондай-ақ «Темірбанк» АҚ-ының опцина туралы Қайта жаңарту мен дамытудың Еуропалық банкімен келісім жөніндегі өз құқығын беруі нәтижесінде «ТұранӘлем Банкі» АҚ қырғыз банкі акциясының шамамен 71 пайызын иемденді.

ТӘБ үшін бұл сауда өз өнімдерін ұсынатын елдердегі көшбасшылық позицияға жету бойынша банк конгломератының стратегиялық жоспарларын жүзеге асырудағы алғашқы қадамдардың бірі болып табылады.

«Біз өз қызметімізді тиімді бизнес қалыптастыруға шоғырландыра отырып, Қырғызстандағы өз позициямызды нығайтуды жоспарлап отырмыз, бұл біздің клиенттерімізді жоғары сапалы қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті ТӘБ Директорлар Кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) — ірі банктердің бірі және ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы. 2007 жылғы 1 қазандағы жай-күйі жөніндегі алдын ала мәліметтер бойынша ТӘБ шоғырландырылған активтері жыл басынан бері 47,4% -ға, 24 087 млн. АҚШ долларын дейін, капиталы - 2,4 есе, 3 614 млн. АҚШ долларына дейін артты. ТӘБ шоғырландырылған таза пайдасы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есеге артып, 487 млн. АҚШ долларын құрады.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі бар (22 филиалы мен 260 есеп айырысу - кассалық бөлімдері ).

«ТұранӘлем» банкі белгілі «Итоги» қаржы журналының пікірі бойынша «ТМД-дағы үздік банк», сондай-ақ Euromoney халықаралық журналының ұсынысымен 2006 және 2007 жылдардағы «Орта Азиядағы үздік банк» атанды. Беделді The Banker іскер журналы ТӘБ рейтингісін осы жылғы әлемнің 300 үздік банктер рейтингісіне қосты және «Жыл топжарғандары» номинациясы бойынша 3-орынға лайықты деп тапты. Еуропалық Бизнес Ассамблеясы (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) ТӘБ-іне еуропалық аймақтың банк секторындағы «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағын берді.


Қазіргі таңда «ТұранӘлем Банкі» АҚ еншілес ұйымы – «Темірбанк» АҚ өз активтерінің көлемі бойынша Қазақстанның ірі банктерінің жетілігіне кіреді. Банктің активтері 2007 жылғы 1 қарашадағы жай-күйі бойынша 2,7 млрд. АҚШ долларына өсті.

Банктің таза пайдасы 2007 жылғы қаңтар-қазан айларында 62 млн. АҚШ долларын құрады. Меншікті капиталы аталған мерзімде 438 млн. долларға жетті.

Қазіргі таңда Темірбанкке мынадай рейтингілер берілген: Fitch: ұазқмерзімді ВВ-; қысқа мерзімді В; жеке D\E, қолдау рейтингі 3; болжам тұрақты. Moody's: депозитттер бойынша ұзақмерзімді Ва1; қысқамерзімді N\P; қаржылық орнықтылық рейтингі Е+; болжам тұрақты. Standard & Poor's: ұзақмерзімді В+; қысқамерзімді В; ұлттық шкала бойынша рейтинг KzBBB+; болжам тұрақты.


Активтерінің көлемі бойынша «Инэксимбанк» ЖАҚ банктік қызметтердің қырғыз нарығында екінші орынды иемденеді. 2007 жылғы 1 қарашадағы жай-күйі бойынша бұл банктің активтері 126 млн. АҚШ долларын құрады, бұл жыл басымен салыстырғанда 23 пайызға артық.

Активтер құрылымындағы негізгі жеке салмақ клиенттерге берілген несиелерге түседі, олардың көлемі 88 млн. АҚШ долларын (70%) құрайды, бұл Қырғыз Республикасындағы барлық банктердің ішіндегі ең ірі көрсеткіш болып табылады. Ағымдағы жылдың 10 айы ішіндегі несие портфелінің көлемі 92 пайызды құрады.

2007 жылдың 1 қарашасында клиенттердің депозитттері 64 млн. астам АҚШ долларын құрады. Банктің 1 қарашадағы таза пайдасы 3 млн. АҚШ долларын құрады. Акционерлік капиталы 13,7 млн. АҚШ доллары көлемінде, жиынтық капиталы – 19,3 млн. АҚШ долларына жетті.

«Инэксимбанк» халықаралық Euromoney журналының ұсынысы бойынша «Қырғызстандағы жылдың үздік банкі» атанды.