Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
«ТұранӘлем Банкі» АҚ тағы да «ТМД-дағы үздік банк» атанды
23.11.2007 / Баспасөз орталығы21 қараша күні ресейлік «Итоги» журналы, халықаралық Fitch Ratings рейтингілік агенттігі Ресейдің Өнеркәсіпшілер мен Кәсіпкерлер Одағымен бірлесіп Банкирлер күніне орай «Қомақты ақша» сыйлығын тапсыру салтанатын өткізді.
2007 жылдың қорытындысы бойынша «ТұранӘлем Банкі» АҚ үздік нәтижелер көрсетіп, «ТМД-дағы үздік банк» номинациясы бойынша үздік атанды.
2006 жылы да «ТұранӘлем Банкі» АҚ «ТМД-дағы үздік банк» атанған болатын.
Сыйлық жеңімпаздарын «Итоги» журналының анкеталық сұраулары бойынша әріптестеріне дауыс беру арқылы кәсіби банктік қоғамдастыққа қатысушылардың өздері анықтайды.
Банкирлердің үлкен жиында бас қосуларына себепші болған сыйлықты тапсыру салтанаты ғана емес, сонымен қатар Fitch Ratings агенттігінің өтіп бара жатқан 2007 жылдың қорытындысын шығарып және ресейлік несие ұйымдары мен ТМД-ның ең ірі банктерінің жаңа рейтингілерін ұсынуы болды.
Банкирлер күні мерекесіне 80-нен астам ірі банктер мен ТМД несие ұйымдарының басшылары, қаржы мониторингі бойынша Федералдық қызметтің, Қаржы нарығы бойынша Федералдық қызметтің, банк ассоциацияларының басшылары, РФ президенті әкімшілігінің өкілдері қатысты. Салтанатқа ТұранӘлем банкінің атынан Басқарма Төрағасы Роман Солодченко қатысты.
22 қараша күні Мәскеу қаласында Х Еуразиялық Телефорум аясында үздік іскерлік атақ-абыройы мен жоғары кәсіпқойлығы үшін «ТұранӘлем Банкі» АҚ «Достастық Белгісі» құрметті дипломымен, ал Басқарма Төрағасы Роман Солодченко экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға қосқан орасан зор үлесі үшін «Достастық Белгісі» Орденімен марапатталды.
«Достастық белгісі» ордені – «Ынтымақтастық» халықаралық орталығы тағайындайтын қоғамдық марапат. Ол ТМД елдерінің экономикалық орталарымен халықаралық қарым-қатынас саласында жеткен орасан зор жетістіктері үшін жекелей сіңірген еңбектері үшін ұлы азаматтарға және түрлі деңгейдегі және меншіктік формасы әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына тапсырылады.