Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

25.12.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ Қазақстандағы сауданы қаржыландыру саласындағы үздік банк атанды
Беделді Global Finance қаржы басылымының жүргізген арнайы зерттеулері бойынша «ТұранӘлем Банкі» АҚ Қазақстандағы «Сауданы қаржыландыру саласындағы үздік банк» деп танылды.

24.12.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Қазына» ТДҚ-ынан депозит алды
«ТұранӘлем Банкі» АҚ «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ келісіміне сәйкес 9,8 млрд. теңге көлемінде ( 81 млн. АҚШ долларына жуық) депозит алды.

19.12.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының өткені туралы хабарлайды
«ТұранӘлем Банкі» АҚ 2007 жылдың 13 желтоқсанында «ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының өткені туралы хабарлайды.

13.12.2007
Еуразиялық банкирлер клубының құрылуы туралы
Алматыда 12 желтоқсан, сәрсенбі күні Еуразиялық банкирлер клубының құрылтай (ЕБК) мәжілісі болып өтті. Бұл оқиға Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың идеясын жүзеге асырудағы алғашқы қадам болып табылады. Ол туралы алғаш рет 2007 жылғы маусымның 10-ында Санкт – Петерборда өткен Экономикалық форум барысында жарияланып, ТМД елдеріндегі қаржылық және банк қоғамдастықтары тарапынан қызу қолдауға ие болған еді.

11.12.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ ТМД коммерциялық банктерінің арасында бірінші болып мемлекеттік Жапон халықаралық ынтымақтастық банкімен (JBIC) мәміле жасады
«ТұранӘлем Банкі» АҚ Жапон халықаралық ынтымақтастық банкімен мәміле жасаған ТМД-дағы алғашқы коммерциялық банк болды (Japan Bank for International Cooperation, JBIC). ТӘБ ООО Марин Гарденс (Ресей) компаниясының Nippura Co. LTD (Жапон) компаниясынан 5,351,295.00. USD сомасына акрильді аквариумды шынылар топтамасын сатып алуды қаржыландырды.

05.12.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ клиенттер санының артуына байланысты Алматыдан жаңа бөлімшелері ашылады
5 желтоқсан күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ Алматының іскерлік маңызды аудандарынан 4 жаңа бөлімшесін ашады. Олар - «Алатау» (Төле би көш., 50/54 Төлебаев көш. қиылысы, тел. 312 23 66), «Есентай» (Көктем–2 шағынауданы, 2 үй, тел. 295 49 77), «Шебер» (Абай даңғ., 127/99 А Жароков көш. қиылысы, тел. 312 23 17) және «Тараз» ( Ақсай-2 шағынауданы, 12 үй, тел. 256 77 96).

04.12.2007
Акционерлердің кезектен тыс сырттай жалпы жиналысы болып өтті
«ТұранӘлем Банкі» АҚ 2007 жылы қарашаның 20-да сырттай дауыс беру кезектен тыс жалпы жиналысын өткізілгені туралы хабарлайды.