Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ ТМД коммерциялық банктерінің арасында бірінші болып мемлекеттік Жапон халықаралық ынтымақтастық банкімен (JBIC) мәміле жасады

11.12.2007 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем Банкі» АҚ Жапон халықаралық ынтымақтастық банкімен мәміле жасаған ТМД-дағы алғашқы коммерциялық банк болды (Japan Bank for International Cooperation, JBIC). ТӘБ ООО Марин Гарденс (Ресей) компаниясының Nippura Co. LTD (Жапон) компаниясынан 5,351,295.00. USD сомасына акрильді аквариумды шынылар топтамасын сатып алуды қаржыландырды. Бұл мәміле ТМД мен Шығыс Еуропадағы ең ірі құрылыс болатын Мәскеудегі океанариум құрылысы бойынша ірі жобаның бір бөлігі болып табылады. Сондай-ақ бұл JBIC-тің қатысуымен ресейлік жобаны қаржыландыру бойынша қазақстандық банктің алғашқы мәмілесі.

Мұндай мәміле «ТұранӘлем Банкі» АҚ мен JBIC арасында 2004 жылдың сәуірінде қол қойылған несие келісімі арқылы жүзеге асты. Осы құжатқа сәйкес Жапония өнімін алуға тілек білдіргендер «ТұранӘлем Банкі» АҚ клиенттері ТӘБ-інен орта мерзімді (5 жылға дейін) немесе келісім сомасының 85 пайызына дейінгі мөлшерде ұзақ мерзімді несие (10 жылға дейін) ала алады. Осылайша ТӘБ клиенттері өз мәмілелерінің JBIC-те мақұлдануына кететін уақыт пен ақшаны үнемдей алады.

ТӘБ мен JBIC арасындағы несие келісімінің сомасы 30 млн. АҚШ долларын құрайды. Егер қазіргі желі табысты түрде кәдеге асатын болса және алдағы мәмілелерді жүзеге асыру қажеттілігі туындайтын болса ол ұлғайтылуы мүмкін.

Бұл несие келісімі осы сияқты басқа несиелерден қаржыландыру құрылымымен ерекшеленді, өйткені JBIC сияқты Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ, LTD-де (Жапония) ортақ қаржыландырушы банк болып табылады. ТұранӘлем банкіне қарыз мына пропорцияларда беріледі: қаржыландыру сомасының 60 пайызы көлемінде А траншын JBIC ұсынады және соманың 40 пайызы көлеміндегі В траншын Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ LTD ұсынады.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) —ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі.

2006 жылдың 31 желтоқсанынан 2007 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімдегі жай-күйі ХСҚЕ бойынша аудиттелген есепке сәйкес ТӘБ шоғырландырылған активтері 47,4% -ға 24,1 млрд. АҚШ долларына дейін, капиталы - 2,3 есеге 3,6 млрд АҚШ долларына дейін артты. ТӘБ шоғырландырылған таза пайдасы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есеге артып және 2006 жылдың қорытындысы бойынша табыстан 58% -ға артып 487 млн. АҚШ долларын құрады.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 260 есеп айырысу - кассалық бөлімдері) бар.


Жапон халықаралық ынтымақтастық банкі (Japan Bank for International Cooperation, JBIC) – Жапонияның ең ірі мемлекеттік банктерінің бірі, оның мақсаты қаржы институттары ұсынған несиелер аясында Жапониядан шығатын экспортқа және мемлекеттердің саяси/экономикалық тәуекелдіктерінен кепілдендірілген/сақтандырылған қарызгер/импортшыға жағдай жасау.