Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«ТұранӘлем Банкі» АҚ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Қазына» ТДҚ-ынан депозит алды

24.12.2007 / Баспасөз орталығы

«ТұранӘлем Банкі» АҚ «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ келісіміне сәйкес 9,8 млрд. теңге көлемінде ( 81 млн. АҚШ долларына жуық) депозит алды.

Депозит Қазақстанның Қаржы министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, «Қазына» Тұрақты даму қоры» АҚ, Қазақстан Ипотекалық Компаниясы және екінші деңгейлі банктер арасында 2007 жылдың 6 желтоқсанында қол қойылған келісім аясында орналастырылды. Бұл құжат Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі әрекеттер жоспарын жүзеге асыру аясындағы ынтымақтастыққа бағытталған.

ТұранӘлем банкіне берілген қаржы 3 жылға орналастырылды және ол тиісті мемлекеттік комитет мақұлдаған құрылыс жобаларын аяқтау үшін пайдаланылуы тиіс. Өз кезегінде «Қазына» ТДҚ БТА-дан қаржыны игеру және мақсатты пайдалану жөнінде ақпарат сұрастыруға құқылы. Оның үстіне, қаражатты алған банк және құрылыс компаниялары бірлесіп кем дегенде жобаның 15 пайызын қаржыландыратыны жөніндегі шартты сақтауы қажет. Осылайша «Қазына» ТДҚ жобаның 85 пайызын, ЕДБ – 10 пайызын, құрылыс компаниясы 5 пайызын қаржыландырады.

Бұдан басқа БТА мен «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасындағы келісімге сәйкес шағын және орта кәсіпорындарды қолдау бағдарламасына қатысу үшін банк 12,2 млрд. теңге (100 млн. АҚШ долларына жуық) алады.

«ТұранӘлем Банкі» АҚ —ТМД аумағындағы банк желісін құруда көшбасшы және ірі банктердің бірі. 2007 жылғы 1 қазандағы жай-күйі жөніндегі алдын ала мәліметтер бойынша ТӘБ шоғырландырылған активтері жыл басынан бері 47,4% -ға 24 087 млн. АҚШ долларына дейін, капиталы - 2,4 есеге 3 614 млн. АҚШ долларына дейін артты. ТӘБ шоғырландырылған таза пайдасы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есеге артып 487 млн. АҚШ долларын құрады.

ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өнімдерін ұсынатын ТұранӘлем банкі ТМД елдеріндегі қызмет аясын одан әрі кеңейтуде. Украинаға, Ресейдің 4 аймағына, Беларуське, Грузияға, Арменияға, Қырғызстан мен Түркияға тарайтын стратегиялық серіктес банктер желісінің болуы осыны дәлелдейді. ТӘБ өкілдіктері Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ -де жұмыс істейді.

ТұранӘлем Банкінің Қазақстан Республикасының барлық аймағында тармақталған филиалдар желісі (22 филиалы мен 260 бөлімшелері) бар.