Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
«ТұранӘлем Банкі» АҚ Қазақстандағы сауданы қаржыландыру саласындағы үздік банк атанды
25.12.2007 / Баспасөз орталығыБеделді Global Finance қаржы басылымының жүргізген арнайы зерттеулері бойынша «ТұранӘлем Банкі» АҚ Қазақстандағы «Сауданы қаржыландыру саласындағы үздік банк» деп танылды.
Таңдау кезінде транзакция көлемі, қызметтің географиялық қызмет аясының орнын толтыру, клиенттерге қызмет көрсету, бәсекелік баға және инновациялық технологиялар сияқты критерийлер ескерілді. Global Finance қаржы басылымының редактораты талдаушылармен, халықаралық ірі компаниялардың жетекші топ-менеджерлерімен және қаржы сарапшыларымен бірлесе отырып, 67 мемлекет пен аймақтағы сауданы қаржыландыру саласындағы үздік банктерді анықтады. Зерттеу нәтижелері Global Finance журналының ақпандағы санында жарық көретін болады.
«Сауданы қаржыландырудағы үздік банктер олар экспорт - импорттың ғаламдық желісінде өз қызметтерін ұсынып, халықаралық сауданың артып жатқан көлемін аз тәуекелділіктермен тиімді басқару үшін оларды автоматтық үдерістерге біріктіре отырып клиенттердің талаптарына жауап бере алатын банктер», - деп атап өтті зерттеу нәтижелеріне тоқталған Global Finance Президенті Joseph D. Giarraputo.
«Қаржы нарығының қазіргі қиын кезеңінде бұл марапат сауданы қаржыландыру саласында БТА-ның сенімді серіктес болып қалатынын және өзінің клиенттері мен серіктестерінің сенімін жоғалтпайтынын көрсетеді», - деп есептейді «ТұранӘлем Банкі» АҚ халықаралық қатынастар және сауданы қаржыландыру басқармасының бастығы Тимур Сабырбаев.
2007 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша сауданы қаржыландыру бойынша нарықтағы БТА үлесі 37% - ды құрады. Алдағы жылғы нарықтағы үлесі бойынша банк өзінің бұрынғы ұстанымын (жайғасымын) сақтауды және мүмкіндігінше оны 40%-ға арттыруды жоспарлап отыр. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша сауданы қаржыландырудағы БТА несие қоржыны 4 млрд. долларды құрайды. Оның ішінде резидентке 70%-ы, бейрезидентке 30%-ы тиесілі.
Сондай-ақ өз мемлекеттеріндегі жеңімпаздар арасында мына банктер бар: Citi (АҚШ), HSBC (Ұлыбритания), Альфа Банк (Ресей), ЮниКредит (Австрия), BNP Paribas (Франция) және тағы басқалар.