Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

25.12.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ Қазақстандағы сауданы қаржыландыру саласындағы үздік банк атанды
Беделді Global Finance қаржы басылымының жүргізген арнайы зерттеулері бойынша «ТұранӘлем Банкі» АҚ Қазақстандағы «Сауданы қаржыландыру саласындағы үздік банк» деп танылды.

24.12.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін «Қазына» ТДҚ-ынан депозит алды
«ТұранӘлем Банкі» АҚ «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ келісіміне сәйкес 9,8 млрд. теңге көлемінде ( 81 млн. АҚШ долларына жуық) депозит алды.

19.12.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының өткені туралы хабарлайды
«ТұранӘлем Банкі» АҚ 2007 жылдың 13 желтоқсанында «ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының өткені туралы хабарлайды.

13.12.2007
Еуразиялық банкирлер клубының құрылуы туралы
Алматыда 12 желтоқсан, сәрсенбі күні Еуразиялық банкирлер клубының құрылтай (ЕБК) мәжілісі болып өтті. Бұл оқиға Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың идеясын жүзеге асырудағы алғашқы қадам болып табылады. Ол туралы алғаш рет 2007 жылғы маусымның 10-ында Санкт – Петерборда өткен Экономикалық форум барысында жарияланып, ТМД елдеріндегі қаржылық және банк қоғамдастықтары тарапынан қызу қолдауға ие болған еді.

11.12.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ ТМД коммерциялық банктерінің арасында бірінші болып мемлекеттік Жапон халықаралық ынтымақтастық банкімен (JBIC) мәміле жасады
«ТұранӘлем Банкі» АҚ Жапон халықаралық ынтымақтастық банкімен мәміле жасаған ТМД-дағы алғашқы коммерциялық банк болды (Japan Bank for International Cooperation, JBIC). ТӘБ ООО Марин Гарденс (Ресей) компаниясының Nippura Co. LTD (Жапон) компаниясынан 5,351,295.00. USD сомасына акрильді аквариумды шынылар топтамасын сатып алуды қаржыландырды.

05.12.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ клиенттер санының артуына байланысты Алматыдан жаңа бөлімшелері ашылады
5 желтоқсан күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ Алматының іскерлік маңызды аудандарынан 4 жаңа бөлімшесін ашады. Олар - «Алатау» (Төле би көш., 50/54 Төлебаев көш. қиылысы, тел. 312 23 66), «Есентай» (Көктем–2 шағынауданы, 2 үй, тел. 295 49 77), «Шебер» (Абай даңғ., 127/99 А Жароков көш. қиылысы, тел. 312 23 17) және «Тараз» ( Ақсай-2 шағынауданы, 12 үй, тел. 256 77 96).

04.12.2007
Акционерлердің кезектен тыс сырттай жалпы жиналысы болып өтті
«ТұранӘлем Банкі» АҚ 2007 жылы қарашаның 20-да сырттай дауыс беру кезектен тыс жалпы жиналысын өткізілгені туралы хабарлайды.

23.11.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ тағы да «ТМД-дағы үздік банк» атанды
21 қараша күні ресейлік «Итоги» журналы, халықаралық Fitch Ratings рейтингілік агенттігі Ресейдің Өнеркәсіпшілер мен Кәсіпкерлер Одағымен бірлесіп Банкирлер күніне орай «Қомақты ақша» сыйлығын тапсыру салтанатын өткізді.

22.11.2007
Хабарлама
«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтыруларды енгізу жөніндегі хабарлама

22.11.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ «Темірбанк» АҚ-ынан «Инэксимбанк» ЖАҚ акцияларының бақылау пакетін сатып алды
«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) өзінің еншілес құрылымы - «Темірбанк» АҚ-ынан «Инвестициялық экспорттық-импорттық банк» ЖАҚ («Инэксимбанк», Қырғызстан) акцияларының бақылау пакетін сатып алу бойынша мәмілені аяқтады.

15.11.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ «30 корпоративті көшбасшы» бағдарламасы аясында көмірді жерасты газдандыру серпінді жобасын қаржыландырады
«ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» бағдарламасы аясында экологиялық таза озық технология — көмірді жерасты газдандыруға бағытталған серпінді жобасын қаржыландырмақ.

12.11.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу жөніндегі Хабарлама
«ТұранӘлем Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков көш., 97, 12.11.2007ж. Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру жөнінде хабарлайды.

07.11.2007
БТА – «ТұранӘлем» банкінің жаңа аты
2007 жылғы 7 қараша күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ өзінің ребрендингі басталғанын хабарлайды.

07.11.2007
ТұранӘлем банкінің 2007 жылдың үшінші тоқсанының алдын ала әзірленген қорытындысы бойынша қаржылық жандайы
2006 жылдың 31 желтоқсанынан 2007 жылдың 1 қазанына дейінгі аралықтағы алдын ала берілген мәліметтер бойынша БТА топтастырылған активтері 47, 4%-ға 24,1 млрд. АҚШ долларына, капиталы 2,3 есеге 3,6 млрд. АҚШ долларына өсті. БТА топтастырылған таза пайдасы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есеге артып және 2006 жылдың қорытындысы бойынша 60%- дан асып, 492 млн. АҚШ долларын құрады.

07.11.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен «Әлем АРТ» қоры Алматыда «Отандағы концерттер» III халықаралық фестивалін ұйымдастырды
9-10 қараша күндері Алматыда жыл сайынғы «Отандағы концерттер» классикалық музыка фестивалі өтеді. Бұл шараның ұйымдастырушылары «Әлем Арт» қоғамдық қоры мен «ТұранӘлем Банкі» АҚ.

22.10.2007
Астанада ең ірі құрылыс жобасы – «Хайвил Астана» ТҮК-нің бірінші блогы пайдалануға берілді
20 қазанда астанамыздағы ірі құрылыс жобасы – тұрғызылып жатқан алты «Хайвил Астана» тұрғын үй кешенінің бірі – «А» блогының салтанатты ашылуы болды. Жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыс кезінде оңтүстік кореялық компанияның дайын тұрғын үйді табысты түрде пайдалануға беру дерегі өз нысандарын пайдалануға берудің сапасы үшін де, мерзімдері үшін де клиенттер алдында жауап беретін сенімді серіктес ретіндегі «High Vill Kazakhstan» компаниясының мәртебесін тағы да растады.

19.10.2007
ТұранӘлем Банкі» АҚ ұйымдастырған тұңғыш республикалық ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды
Бүгін Алматыдағы Ғалымдар үйінде «ТұранӘлем Банкі» АҚ жариялаған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты болып өтті.

15.10.2007
Интернет-банкинг жүйесінде бюджетке салықтық және басқа да міндетті төлемдерді жасау
2007 жылғы 15 қазаннан бастап енді сіз мүлік, жер және көліктен басқа, салықтар мен бюджетке басқа міндетті төлемдердің тағы 40 түрі бойынша қосымша төлем жасау мүмкіндігіне ие боласыз.

08.10.2007
ТұранӘлем Банкі халықаралық капитал нарықтарындағы өз мүмкіндіктерін сенімді түрде көрсетті
2007 жылғы 5 қазан күні AMRO Bank N.V., JPMorgan мен Standard Chartered Bank «ТұранӘлем Банкі» АҚ-на арналған 750 млн. доллар сомадағы секьюритизацияның (эмиссия) аяқталғаны туралы хабарлады.

05.10.2007
ТӘБ акционерлерінің сырттай жалпы жиналысы
«ТұранӘлем Банкі» АҚ 2007 жылғы 4 қазан күні «Казахстанская правда» газетінде мынадай тақырыпта ТӘБ акционерлерінің сырттай жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарландыру жарияланғанын хабарлайды.

03.10.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ Украинаның ірі сақтандыру компаниясы НАСК «Орантаның» акцияларын сатып алды
2007 жылғы 2 қазан күні Киевте (Украина) украиндық ұлттық акционерлік «Оранта» (әрі қарай НАСК «Оранта») сақтандыру компаниясы акцияларының мемлекеттік пакетін сату бойынша конкурс болып өтті. Конкурсқа ТМД-ның ірі қаржы топтары: «ТұранӘлем Банкі» АҚ (Қазақстан Республикасы), «Банк ЦентрКредит» АҚ (Қазақстан Республикасы) және «Альфа-банк» ААҚ (Ресей Федерациясы)қатысты.

28.09.2007
26-27 қыркүйек күндері 30-ға жуық елден келген 500-ден астам қатысушылар VIII Алматы банкаралық конференциясына жиналды
26-27 қыркүйек күндері Алматы қаласында «InterContinental Hotel – The Ankara in Kazakhstan» қонақүйіндеТұранӘлем Банктің ұйымдастыруымен банк және әлемдік қаржы қоғамдастығы өкілдерінің кезекті кездесуі - VIII Алматы банкаралық конференциясы (АБК) болып өтті.

25.09.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ «Еуропаның үздік компаниясы» атағына ие болды
«ТұранӘлемБанкі» АҚ Еуропалық Бизнес Ассамблея (EBA, Оксфорд, Ұлыбритания) құрылтайшылық ететін еуразиялық аймақтың банк секторында «Еуропаның үздік компаниясы» («Best Enterprise of Europe») атағына ие болды.

20.09.2007
“ТұранӘлем Банкі” АҚ акционерлерінің сырттай кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, “Самал-2” ы-а, Жолдасбеков к-сі, 97 мекенжайы бойынша орналасқан “ТұранӘлем Банкі” Акционерлік қоғамы, Директорлар Кеңесінің 2007ж. 28 тамыздағы №8-2-1 шешіміне сәйкес, Банк акционерлерінің сырттай кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлайды.

03.09.2007
Тұрмысы нашар отбасыларынан шыққан дарынды жастар Ержан Тәтішев Қоры гранттарының иегерлері атанды
Бүгін Алматыда еліміздің жетекші ЖОО жолдама беретін Ержан Тәтішев қорының жеңімпаздарын білім гранттарымен марапаттау рәсімі өтті.

29.08.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Ислам даму банкі негіздемелік келісімге қол қойды
2007 жылғы 29 тамыз күні «ТұранӘлем Банкі» (ТӘБ) АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Әбіләкім Жұмахметов пен Ислам даму банкінің (IDB) Вице-президенті Амаду Бубакар ТұранӘлем Банкіне 10 жыл мерзімге 50.млн. доллар сомаға қаржыландыру желісін беру Туралы негіздемелік келісімге қол қойды.

24.08.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ Қызыл-қи цемент зауыты құрылысы бойынша жобаны қаржыландырудың кепілгері болады
2007 жылғы 23 тамыз күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ атқарушы директоры Ербол Шаймаханов пен «Оңтүстік-Қырғыз Цементі» ЖАҚ бас директоры Ян Фишер ТұранӘлем Банкінің Қырғыз Республикасының Қызыл-Қи қаласындағы Қызыл-Қи цемент зауытының құрылысы бойынша жобаны қаржыландырудың кепілгері болатыны жөнінде келісімге қол қойды.

24.08.2007
Әлемдік қаржы нарығындағы өзгерістер ТұранӘлем Банкінің жұмысына айтарлықтай әсер етпейді
Әлемдік қаржы нарығындағы өзгерістерге байланысты ТұранӘлем Банкі өз серіктестеріне, клиенттері мен салымшыларына халықаралық қор нарығындағы жағдайлар Банктің жұмысына кері әсерін тигізбейтінін хабарлайды.

22.08.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Жапон халықаралық ынтымақтастық банкі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
2007 жылғы 22 тамыз күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) Басқарма Төрағасы Роман Солодченко мен Жапон халықаралық ынтымақтастық банкінің Халықаралық қатынастар Басқармасының Директоры (Japan Bank for International Cooperation, JBIC) Тошиюки Косуги өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

30.07.2007
Үлкен өнерге баспалдақ. Алматыда «ӘЛЕМ ART» тұңғыш республикалық телевизия жобасының жеңімпаздары анықталды
2007 жылғы 27 шілде күні «Қазақстан» телеарнасында «ӘЛЕМ АRТ» тұңғыш дәстүрлі әндер жобасының ақтық сыны болып өтті. Бұл байқауда 17 жасар ақтаулық күйші Абылай Тілепбергенов пен оның жерлесі 15 жасар Нұрым Асқанов жеңімпаз деп танылды.

25.07.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Әзірбайжанның қаржы министрімен өзара тиімді ынтымақтастық перспективаларын талқылады
24 шілде күні Алматыда «ТұранӘлем Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Мұхтар Әблязов Әзірбайжанның қаржы министрі Самир Шарифовпен кездесті.

19.07.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ Атырау филиалындағы жаңа кеңсесінің тұсауын кесті
2007 жылғы 18 шілде күні Атырауда облыс орталығының болашағы зор аудандарының бірінде салынған “ТұранӘлем Банкі” АҚ Атырау филиалының жаңа бизнес-орталығының ашылу салтанаты болып өтті.

17.07.2007
Euromoney «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ын тағы да Орта Азияның үздік банкі деп таныды
ТұранӘлем Банкі Euromoney халықаралық басылымы өткізген «Үздік жетістіктері үшін марапаттар» байқауы аясында (Awards for Excellence) орталық-азиялық аймақтағы 2007 жылғы үздік банк атанды.

16.07.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ THE BANKER журналының жыл сайынғы таңдаулы 1000 рейтингісінің әлемнің 300 үздік банктері қатарына қосылды
«ТұранӘлем Банкі» АҚ аса беделді The Banker қаржы басылымының болжамы бойынша 295 - рейтингілік орынды иемденіп, екінші жыл қатарынан әлемнің таңдаулы 1000 үздік банктері қатарына кірді.

12.07.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ WAKALA құрылымы бойынша 250 млн. АҚШ доллары сомасына ислам несиесін тартты
2007 жылғы 10 шілде күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ 250 млн. АҚШ доллары сомасындағы Исламдық қаржыландыруды тарту бойынша мәмілені сәтті аяқтады. Көшбасшы ұйымдастырушылар Abu Dhabi Islamic Bank PJSC (“ADIB”), Barclays Capital мен CIMB Bank (L) Limited (“CIMB”) болды.

06.07.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен CREDIT SUISSE банкі түріктің PETKIM PETROKIMYA химиялық холдингін жекешелендіру жөніндегі мәміленің қаржы кеңесшілері
«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Credit Suisse банкі Petkim Petrokimya Holding A.S химия холдингінің 51 пайыз акциясын сату бойынша өткен аукционда жеңіске жеткен және осы пакет үшін 2 млрд. 50 млн. АҚШ долларын ұсынған TransCentralAsia Petrochemical Holding Consortium консорциумының кеңесшілері.

05.07.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның қолдауымен Алматыда Грузия күндері өтуде
4-6 шілдеде «ТұранӘлем Банкі» АҚ «ӘлемАрт» қорымен бірге Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің қолдауымен Алматыда Грузия Күндерін өткізуде.

03.07.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ Қазақстанның 30 серпінді жобасына енетін электр металлургиясы кешенінің құрылысын қаржыландырады
2007 жылғы 3 шілде күні Ақтөбеде болашақ Электр металлургиясы кешенінің іргетасына капсула cалу салтанаты болып өтті, оған қуаттылығы 500 мың тонна металл өнімдерімен металлургиялық өндіріс және жылына 180 МВт электр энергиясын өндіретін газ турбиналық электростанция кіреді..

03.07.2007
2007 жылдың қаңтар – cәуір айларында «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның таза табысы шамамен 40 %-ға өсті
«ТұранӘлем Банкі» АҚ активтері 2006 жылдың 31 желтоқсанынан 2007 жылдың 1 мамырына дейін 25%-ға 16,3 млрд. АҚШ долларынан 20,4 млрд АҚШ долларына дейін өсті, меншікті капиталы 28% -ға сәйкес 1,53 млрд. АҚШ долларынан 1,97 млрд АҚШ долларына дейін өсті.

28.06.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ шетелдік өкілдіктер жұмысын қайта ұйымдастырады
«ТұранӘлем Банкі» АҚ өзінің шетелдегі өкілдіктерінің жұмысын қайта ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. Бұрын саудалық қаржыландырудағы клиенттерді тартуға, Ресеей нарығын талдау мен РФ-дағы клиенттермен байланыс орнатуға бағытталған Банктің Ресейдегі өкілдігі бұдан былай инвестициялық қаржыландыру жобасына шоғырландырылады.

27.06.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Жапондық ORIX корпорациясы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
2007 жылғы 20 маусым күні ORIX (Токио) корпорациясының кеңсесінде «ТұранӘлем Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Мұхтар Әблязов пен ORIX корпорациясының Президенті Ёшихико Мияучи (Yoshihiko Miyauchi) Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды (Альянс жөнінде келісім).

27.06.2007
«ТұранӘлем Банкі»АҚ ABN AMRO Bank N.P. қолдауымен тәуекелдіктерді басқару жүйесін жетілдіреді
Маусым айының басында «ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко тәуекелдіктерді басқару бойынша ТӘБ-іне кеңес беру қызметін көрсету үшін ABN AMRO Bank N.P. компаниясымен келісімге қол қойды.

08.06.2007
Үлкен өнерге баспалдақ
Қазақстанда жаңа республикалық телевизиялық «ӘЛЕМ ART» жобасы басталды

05.06.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Қызылорда облысының әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
2007 жылғы 4 маусым күні Қызылордада «ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко мен Қызылорда облысының Әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

04.06.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілді
«ТұранӘлем Банкі» АҚ 2007 жылғы 25 мамыр күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өткізілгенін хабарлайды.

30.05.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Қарағанды облысының Әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы келісім жасады
2007 жылғы 30 мамыр күні Қарағандыда “ТұранӘлем Банкі” АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко мен Қарағанды облысының Әкімі Нұрлан Нығматулин Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

30.05.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ 100 млн. АҚШ доллары сомасындағы бес жылдық еуробондтарды өтеді
«ТұранӘлем Банкі» АҚ 2007 жылғы 29 мамыр күні 100 млн. АҚШ доллары сомасындағы еуробондтар шығарылымын өз уақытында және толығымен өтеді.

24.05.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ негізгі қаржы көрсеткіштерінің өскенін жария етті
2007 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша ТұранӘлем банкінің активтері жыл басынан бері 18,5 пайызға өсіп, 19,4 млрд. долларды құрады, нәтижесінде активтер бойынша ТӘБ-нің нарықтағы үлесі 24,6 пайызды құрады. Негізгі көрсеткіштер 2007 жылдың 1-тоқсанының соңында активтердегі үлесі 66,5 пайызды құраған банктің несиелік портфелінің өсуімен байланысты.

22.05.2007
Мансабыңды кең ауқымда жоспарла!
Алматы қаласынының жоғары оқу орындарының бітіру алдындағы курсында оқитын студенттеріне арналған байқау

18.05.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Маңғыстау облысының әкімдігі өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
2007 жылғы 17 мамыр күні Ақтау қаласында “ТұранӘлем Банкі” АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко мен Маңғыстау облысының Әкімі Қырымбек Көшербаев Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастықтың басты бағыттарынан мұнай-газ, энергетика және құрылыс салаларында, сондай-ақ бәсекелестікке қабілетті өнімдерді шығаруға бағытталған инновациялық жобаларды жүзеге асыру белгіленді.

14.05.2007
Euromoney «ТұранӘлем Банкі» АҚ –ын екі мәртебелі сыйлықпен марапаттады
Халықаралық Euromoney басылымы «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ын дамушы Еуропа нарықтарындағы корпоративтік басқару бойынша көшбасшы банк - "Corporate Governance 2006", сондай-ақ ТӘБ-ін Орталық және Шығыс Еуропадағы және Орталық Азиядағы ең тиімді басқарылатын банк - "Best Managed Companies 2007"деп таныды.

13.05.2007
Қаржы және экономика саласындағы мамандарының назарына
«Ержан Тәтішев қоры» Қоғамдық Қоры Қазақстан-Британ Техникалық Университеті жанындағы Халықаралық Экономика Университетімен және де Лондон Экономика және Саяси Ғылымдар Мектебімен бірлесе отырып, 2007 жылдың 6-7 маусымында қаржылық және экономикалық мамандықтар үшін лекциялар циклын ұйымдастырады.

08.05.2007
Жеңіс Күнімен!
“ТұранӘлем Банкі” АҚ Сіздерді ұлы мереке – Жеңіс Күнімен құттықтайды!

08.05.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Emirates Bank Group екіжақты ынтымақтастық жөнінде келісім жасады
«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Emirates Bank Group исламдық қаржыландыруды дамыту әрекетін біріктіру мақсатында екіжақты ынтымақтастық жөнінде келісім жасады.

25.04.2007
Назар аударыңыз! Банк карталарындағы алаяқтықтың жаңа түрі - электронды емес фишинг
ПИН-кодты енгізу операциялары кезінде аса сақтық қажет. Өйткені алаяқтықтың жаңа түрі - электронды емес фишингтің еріксіз құрбанына айналуыңыз мүмкін.

25.04.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ 500 млн. АҚШ долларына балама жапон иені сомасындағы синдикатталған несиені тартты
ING Bank N.V. (“ING”), Standard Chartered Bank (“SCB”) және Sumitomo Mitsui Banking Corporation Europe Limited (“SMBCE”) 500 000 000 АҚШ долларына балама жапон иені сомасындағы синдикатталған несиені тарту жөніндегі мәміленің сәтті аяқталғанын және осы мәміле бойынша келісімге 2007 жылғы 20 сәуір күні қол қойылғанын қуанышпен хабарлайды.

24.04.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
Алматы қаласы, 050051, «Самал-2» ықшамауданы, Жолдасбеков к, 97, мекен-жайында орналасқан «ТұранӘлем Банкі» акционерлік қоғамы 23.04. 2007ж. Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы өтетінін хабарлайды

20.04.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
2007 жылғы 19 сәуірде Өскемен қаласында “ТұранӘлем Банкі” АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко мен Шығыс Қазақстан облысының Әкімі Жәнібек Кәрібжанов Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

18.04.2007
Алдағы жылдары тұрғын үй нарығын дамытуға нық сенімді «ТұранӘлем Банкі» АҚ Алматы қаласында «Отау» Мамандандырылған Ипотека Орталығын ашты
Баспана тапшылығы мәселесін шешу үшін Қазақстанға кем дегенде 50 жыл уақыт қажет. Қазақстандағы қазіргі жағдайды дүние жүзінің барлық дамыған елдерінің тәжірибесімен салыстыра келе ТұранӘлем банкінің сарапшылары осындай шешімге келді.

17.04.2007
"Alles Walzer" – "Бәрі вальс билейді!"
2007 жылғы 14 сәуір күні Алматыдағы Салтанат Үйінде алғаш рет Вена балы өткізілді. Мұндай салтанат алғаш рет ұйымдастырылды. Оның бас демеушісі «ТұранӘлем Банкі»АҚ.

11.04.2007
ТұранӘлем банкі 2006 жылы шоғырландырылған таза кірісін шамамен үш есеге ұлғайтты
Сейсенбі , 10 сәуір күні “Алматы- Мәскеу - Тбилиси - Киев” телекөпірі арқылы баспасөз конференциясы болып өтті. Конференция барысында ТӘБ басшылығы Банк қызметінің 2006 жылғы қорытындыларымен таныстырды және кейінгі жылдарға жасаған жоспарларымен бөлісті.

09.04.2007
Парламентарийлер банкирлермен бірге қаржы секторының Қазақстан экономикасына ықпалы жөніндегі мәселелерді талқылады
2007 жылғы 9 сәуір күні ТұранӘлем Банкі ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары үшін “Ашық есіктер күнін” өткізді. Қаржы және бюджет комитетінің, сондай-ақ басқа да Мәжіліс комитеттерінің өкілдері болып табылатын парламент депутаттары тобының коммерциялық Банкке осындай сапары Қазақстанда алғаш рет болып отыр.

05.04.2007
Банктің жарияланған жай акцияларын бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында жазылыс арқылы орналастыру туралы шешім
"ТұранӘлем Банкі" Акционерлік қоғамы (бұдан әрі- Банк), мына мекенжайда орналасқан: Алматы қаласы, Самал-2 ықшамауданы, Жолдасбеков көшесі, 97 үй, осы мәлімет арқылы Банктің Директорлар кеңесімен 3 007 575 (үш миллион жеті мың бес жүз жетпіс бес) дана көлеміндегі банктің жарияланған жай акцияларын бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында жазылыс арқылы орналастыру туралы шешімнің (2007 жылдың 02 сәуіріндегі №3-4 шешім) қабылданғаны туралы хабардар етеді.

03.04.2007
Әлемдік деңгейдегі жаңа «Қазақстандық ТұранӘлем филармониялық оркестрі» туған елдегі тұңғыш концертін өткізеді
Бүгін Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрында әлемдік деңгейдегі Қазақстандық «ТұранӘлем» филармониялық оркестрінің туған елдегі тұңғыш концерті болып өтті.

25.03.2007
Қазақстандық «ТұранӘлем» филармониялық оркестрі өзінің алғашқы концертінің тұсаукесерін Лондонның әйгілі сахналарының бірінде өткізді
23 наурыз күні Лондонның әйгілі залдарының бірі – «Әулие Джеймс» концерт залында Қазақстан мен ТМД-ның ең ірі мәдени жобаларының бірі, «ТұранӘлем Банкі» АҚ бастамасымен және әйгілі қазақстандық музыкант Марат Бисенғалиевтің жетекшілігімен құрылған қазақстандық «ТұранӘлем» филармониялық оркестрінің алғашқы концерті болып өтті.

21.03.2007
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыз - бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы.

20.03.2007
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мен ТұранӘлем банкі 2007 жылғы 26 наурыздан бастап Валют-Транзит банк салымшыларының депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемдері төлене бастайтынын хабарлайды
2007 жылғы 26 наурыздан бастап «ТұранӘлем Банкі» АҚ «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшыларының депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемдерін төлей бастайды. «Валют-Транзит Банк» АҚ салымшылары салымды қай қалада ашқанына қарамастан, кепілдік берілген соманы ҚР-ның кез келген қаласынан ала алады.

15.03.2007
«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ мен «ТұранӘлем Банкі» АҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
«Сарыарқа» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен «ТұранӘлем Банкі» АҚ мемлекет пен жеке бизнес әлеуетін біріктіру жөнінде шешім қабылдап, ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ тарапынан меморандумға Басқарма Төрағасы Альберт Рау, «ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Роман Солодченко қол қойды.

14.03.2007
ТұранӘлем Банкі Ұлттық Тұтынушылар Лигасының «Мінсіз» сапа белгісімен марапатталды
«ТұранӘлем Банкі» АҚ Ұлттық Тұтынушылар Лигасы тағайындаған «Мінсіз» сапа белгісімен марапатталды. Тәуелсіз сарапшылар алқасы тұтынушылық сараптама талдауы, қоғамдық пікір және басқа да зерттеулер нәтижесі негізінде шешім қабылдады.

11.03.2007
Ержан Тәтішев Қоры басшылық органының жаңа құрамы қалыптасты
2007 жылғы 12 наурызда сағат 18.00-де Құрметті мүшелердің қатысумен Қамқоршылық Кеңестің алғашқы кеңейтілген отырысының нәтижелері бойынша “Ержан Тәтішев Қоры” Қоғамдық Қорының баспасөз брифингі өтеді.

07.03.2007
8 наурыз!
«ТұранӘлем Банкі» АҚ барша ұжымының атынан сізді 8 наурыз - көктем мен махаббат мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

22.02.2007
« ТұранӘлем Банкі» АҚ республикалық жыр мүшәйрасына бәйге жариялайды
Мүшәйраның мақсаты: халқымыздың ақындық өнерін дамыту, жас дарындардың есімдерін анықтау, қазақ әдебиетін насихаттау және ұлттық мәдениетімізге қолдау көрсету. Мүшәйрада қазақстандықтардың Отанға деген сүйіспеншілігі, халқымыздың салт-дәстүрі, республикамыздың бүгінгі жетістіктері ұлықтанатын болуы керек.

22.02.2007
«ТұранӘлем банкі» АҚ басшылығы өзгерді
«ТұранӘлем банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің 2007 жылғы 22 ақпандағы шешімімен бұған дейін Басқарма Төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген Солодченко Роман Владимирович Банктің Басқарма Төрағасы болып сайланды.

13.02.2007
ТұранӘлем банкі 2006 жылғы активтері мен меншікті капиталының екі мәрте өскендігін көрсетті
2006 жылғы қорытынды бойынша «ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның меншікті жиынтық капиталы мен активтері екі есеге артып және аудит жүргізілмеген және шоғырландырылмаған есепке сәйкес 2 млрд. АҚШ долларын және 14,4 млрд. АҚШ долларын құрады. 2006 жылы банктің таза пайдасы 162,5 млн. АҚШ долларын құрады, ал 2005 жылы ол 110 млн. долларды құраған болатын.

12.02.2007
«ТұранӘлем банкі» АҚ бұқаралық ақпарат құралдарындағы «Грузияның біріккен телекоммуникациялық компаниясы» АҚ акциясының 91 пайыз мемлекеттік пакетін сатып алғаны жөніндегі ақпараттың жалған екенін мәлімдейді
«ТұранӘлем Банкі» АҚ кейінгі кезде бұқаралық ақпарат құралдарында жиі және асыра айтылып жүрген банктің «Грузияның біріккен телекоммуникациялық компаниясы» АҚ акциясының 91 пайыз мемлекеттік пакетін сатып алғаны жөніндегі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді.

09.02.2007
ТұранӘлем банкі мен «ТұранӘлем Секьюритис» компаниясы «2006 жылдың үздік банкі» және «2006 жылдың үздік басқарушы компаниясы» номинациялары бойынша бас жүлдені жеңіп алды
Ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Золотой Алтын» Қоғамдық ұлттық сыйлығының «2006 жылдың үздік банкі» номинациясы бойынша ең жоғарғы сыйлық – бас жүлдені ТұранӘлем банкі жеңіп алды. ТӘБ-нің «ТұранӘлем Секьюритис» еншілес компаниясы «2006 жылдың үздік басқарушы компаниясы» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болды.

05.02.2007
Қазақстан Президенті Украина Президентін және елдің іскер қауымын ТұранӘлем банкіне зор сенім артуға шақырды
«Біз ТұранӘлем банкіне зор сенім артатындықтан мен сіздердің де сенулеріңізді өтінер едім», - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина басшысы Виктор Ющенко және Украинаның іскер қауымы мен мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен кездесуде сөйлеген сөзінде.

04.02.2007
Ержан Тәтішев қоры және Қазақстанның алдыңғы қатарлы университеттерінің ректорлары әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан шыққан дарынды студенттерге білім гранттарын беру туралы Меморандумға қол қояды
2007 жылғы 5 ақпанда дарынды, әсіресе, әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардан шыққан студенттерге білім гранттарын беру бағдарламасы бойынша «Ержан Тәтішев қоры» Қоғамдық Қоры мен ҚБТУ, ҚМЭБИ және UIB ректорлары арасында Меморандумдарға қол қою рәсімі өтеді.

29.01.2007
Банкирлер мен кәсіпкерлер сауданы қаржыландыру саласындағы біліктіліктерін арттырады
Қазақстанда тұңғыш рет UCP 600 - «Құжаттамалық аккредитивтерге арналған жүйеленген ережелер мен дәстүрлердің» жаңа нұсқасының тұсаукесері өтеді. Ережелер 2007 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. UCP 600 аккредитивтік мәмілелердің процессингіне уақытша және жағдайларға байланысты өзгертулер енгізеді.

23.01.2007
Қазақстаннан еуроооблигация орналастыру бойынша ең ірі мәміле аяқталды
Қазақстаннан еурооблигацияны орналастыру бойынша ең ірі мәміле аяқталды. 1 миллиард АҚШ долларына еурооблигацияны тарту туралы негізгі құжаттарға қол қойылды. Қаражаттар банктің есепшотына келіп түсті.

20.01.2007
«ТұранӘлем Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
Алматы қаласы, 050051, «Самал-2» ықшамауданы, Жолдасбеков к, 97, мекен-жайында орналасқан «ТұранӘлем Банкі» акционерлік қоғамы 16.01. 2007 ж. Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетінін хабарлайды.

19.01.2007
ТұранӘлем банкінің Қазақстандағы екінші Western Union аударымдар бойынша мамандандырылған орталығы ашылды
Бүгін ТұранӘлем банкінің Қазақстандағы екінші жедел халықаралық ақша аударымдары бойынша мамандандырылған Western Union орталығы ашылды. Ақша аударымдарымен екі оператор айналысады. Клиенттерге менеджер-кеңесші көмектеседі.

04.01.2007
«ТұранӘлем банкінен сыйлыққа миллион!» акциясы бойынша 3-інші және ақтық ұтыс ойындарын өткізу
12 қаңтар күні 2006 жылғы 10-қазаннан 31-желтоқсан аралығында өткен «ТұранӘлем банкінен сыйлыққа миллион!» Акциясы аясында желтоқсан айы мен Акция өткізілген мерзім ішіндегі қорытынды бойынша төлем карточкаларын ұстаушылар мен банктің саудалық қызмет көрсету желісінің кәсіпорындары арасында үшінші және ақтық ұтыс ойындары өткізілетінін хабарлаймыз.

03.01.2007
ТӘБ қорытынды жасады және қаржыларды тарту жоспарларын мәлім етті
Бүгін ТұранӘлем банкінің басқарма төрағасының орынбасары Роман Солодченко 2006 жылғы халықаралық қаржы нарығындағы қаржы тартудың алдын ала жоспарларына қорытынды жасады және 2007 жылға арналған жоспарлар туралы хабардар етті.