Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
30.12.2008
“БТА Банкі” АҚ ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін енгізу туралы сертификатты растады
“БТА Банкі” АҚ ISO 27001 стандартындағы сертификаты расталған постсертификаттық аудиттен сәтті өткенін хабарлайды.
29.12.2008
«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу жөніндегі хабарлама
«БТА Банкі» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков көш., 97, Директорлар Кеңесінің 29.12.2008 ж. № 12-4 шешіміне сәйкес, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру жөнінде хабарлайды.
24.12.2008
"БТА Банкі" АҚ сыртқы қарызды қайта құрылымдамайды
"БТА Банкі" АҚ ағымдағы жылы сыртқы міндеттемелерін сыртқы нарықта қайта қаржыландырусыз толығымен орындады, сондай-ақ ол 2009 және 2010 жылдары сәйкесінше 1,7 және 1,9 млрд. АҚШ долларына тең кезекті өтеулерді орындауға арналған барлық қажетті ресурстарды иеленіп отыр.
22.12.2008
“БТА Банкі” АҚ қолдауымен Шыңғыс Айтматовтың тұңғыш толық шығармалар жинағы жарық көрді
“Әлем Арт” қоғамдық қоры мен Айтматов атындағы халықаралық қор “БТА Банкінің” қолдауымен және Айтматовтар отбасының редакциялауымен Ш. Айтматовтың 8 томнан тұратын алғашқы толық шығармалар жинағын (қаз-қалпында) ұсынды.
18.12.2008
“БТА Банкі”АҚ болат өндіретін зауыт құрылысын қаржыландырды
15 желтоқсан күні Ақтау қаласында дайын өнімді, оның ішінде болат дайындамалары, арматура, сортты прокатты өндіру қуаттылығы 300 мың тонна металлургия зауыты ашылды.
12.12.2008
"БТА Банкі" АҚ Ақтөбе филиалы бас кеңсесінің жаңа ғимараты ашылды
2008 жылғы 11 желтоқсан күні БТА Банкінің Ақтөбе филиалы бас кеңсесінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды.
11.12.2008
"БТА Банкі" АҚ жылдық есептер 2008 байқауында Бас жүлдені иеленді
"БТА Банкі" АҚ жыл сайын өтетін "NB Annual Report 2008" жылдық есептер байқауында ақпараттылығы мен дизайны бойынша қазақстандық 26 компанияның арасында ең көп ұпай жинап, Бас жүлдені иеленді.
10.12.2008
"БТА Банкі" АҚ Қазақстандағы кремний өндіретін алғашқы зауыттың құрылысын қаржыландырды
2008 жылғы 9 желтоқсан күні Қарағанды облысында Қазақстандағы кремний өндіретін алғашқы зауыттың ашылуы болды. Бұл жоба "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
04.12.2008
«БТА Банкі» АҚ ішкі ресурстарының есебінен ағымдағы жылғы сыртқы қарыздарын өтеуді сәтті аяқтады
«БТА Банкі» АҚ халықаралық инвесторлар алдындағы міндеттемелерін табысты орындауды жалғастырып келеді.
03.12.2008
«БТА Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Мұхтар Әблязов: Егер біз өз елімізге сенер болсақ!
Биылғы жылы біз бүкіл әлеммен бірге экспорттық тауарлар құнының күрт төмендеуі жағдайында экономикалық сынақтың ауқымына кірдік. Қалыптасқан жағдай дағдарыстан шығудың принципті жолдары туралы мықтап ойлануды талап етеді.
28.11.2008
Нұр Бақбергенов “БТА Банк” ЖАҚ атқарушы директоры болып тағайындалды
2008 жылғы 21 қараша күні АР Орталық Банкінің “БТА Банк” ЖАҚ басшылығы құрамындағы өзгерістерді тіркеу туралы шешімі өз күшіне енді. Атқарушы директоры болып “БТА Банк” ЖАҚ Басқарма мүшесі Нұр Бақбергенов тіркелді.
27.11.2008
Елабугада “БТА-Казань” банкінің қосымша кеңсесі ашылды
Желтоқсанда банктің 25-інші аумақтық бөлімшесі – “БТА-Казань” АКБ -ының(ААҚ) Елабуга қаласындағы Мир даңғылы, 35 мекен-жайында орналасқан қосымша кеңсесі өз жұмысын бастайды.
26.11.2008
"БТА Банк" ЖШҚ Ұлттық банктің сыйлығына ие болды
2008 жылғы 24 қараша күні "БТА Банк" ЖШҚ "Басқарудың заманауи технологияларын енгізгені үшін" номинациясы бойынша Ұлттық банк сыйлығының лауреаты атанды.
13.11.2008
"БТА Банк" ЖШҚ (Мәскеу) жарғылық капиталын ұлғайтты
Ресей Федерациясының Орталық банкі "БТА Банкі" АҚ (Қазақстан) еншілес компаниясы болып табылатын "БТА Банк" ЖШҚ (Мәскеу) жарғылық капиталын ұлғайтты.
07.11.2008
Ақпараттық хабарлама
"СамрұқҚазына" мемлекеттік қорының «БТА Банкі» АҚ капиталына кіруі туралы түсініктеме
06.11.2008
“БТА Банкі” АҚ дүниежүзіндегі 40 үздік азиялық банктердің қатарына енді
The Banker халықаралық іскерлік басылымының Азиялық банктердің ТОП 200 (TOP 200 Asian Banks) жыл сайынғы рейтингі бойынша “БТА Банкі” АҚ бір жыл ішінде 58-орыннан 31-орынға орналасып 27 позицияға көтерілді.
03.11.2008
Индустрия және сауда министрлігі “БТА Банкі” АҚ-ын Қазақстанның экспортын дамытуды қолдау саласындағы үздік компания деп таныды
ҚР Индустрия және сауда министрлігінің сауда комитеті сауданы қаржыландыру арқылы экспортқа бағытталған компанияларға қолдау көрсетуге қосқан үлесі үшін “БТА Банк” АҚ-ын “экспортты дамытуға қосқан үлесі үшін” арнаулы номинациясы бойынша бірінші орынға лайықты деп тапты.
31.10.2008
“БТА Банкі” АҚ ұйымдастырған екінші республикалық жазба ақындар мүшәйрасының марапаттау рәсімі болып өтті
Бүгін Алматыдағы Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында “БТА Банкі” АҚ жариялаған екінші республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты болып өтті.
30.10.2008
БТА Банкі "СамрұқҚазына" мемлекеттік қорының жүйе құрушы банктер жүйесіне кіруі жөніндегі үкімет бастамасына оң баға береді
Қазақстандағы ірі БТА Банкі таяудағы акционерлер жиналысында "СамрұқҚазына"
23.10.2008
БТА Банкінің басшылығы “Баспананы халыққа қалдырайық” қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелерімен кездесті
23 қазан күні “БТА Банкі” АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко мен банктің басқа да топ-менеджерлері “Баспананы халыққа қалдырайық” қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті.
20.10.2008
«БТА Банкі» АҚ қазақстандық банктердің ішінде бірінші болып ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін енгізді
«БТА Банкі» АҚ ISO 27001 халықаралық стандарттарына сәйкес Британдық стандарттар институты (BSI) әзірлеген ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін (АҚБЖ) енгізген қазақстандық бірегей банктердің бірі.
16.10.2008
АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі «БТА Банкі» АҚ несиелік желісін 120 млн. долларға ұлғайтты
АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі «БТА Банкі» АҚ тікелей несиелік желісін 55-тен 120 млн. АҚШ долларына ұлғайтты.
13.10.2008
«БТА Банкі» АҚ-ының әртараптандырылған төлем құқықтарын секьюритизациялау жөніндегі мәмілесі Еуропаның дамушы нарықтарындағы үздік мәміле атанды
Әртараптандырылған төлем құқықтарын (ӘТҚ) секьюритизациялау жөніндегі БТА Банкінің мәмілесі Euromoney Institutional Investor, Derivatives Week және Total Securitization беделді халықаралық басылымдарының ұсынуы бойынша «Еуропаның дамушы нарықтарындағы секьюритизациялау жөніндегі жыл мәмілесі» атанды.
08.10.2008
«АиФ» пен БТА Тобының
and quot;Аргументы и факты and quot; газеті өткен сандарының бірінде жас оқырмандарды БТА Тобымен бірлескен сурет байқауына қатысу жөнінде ұсыныс жарияланды. Қазірдің өзінде редакцияға болашақта көшелерге ілініп, қаламызға көрік беретін ондаған жұмыстар келіп түсті.
01.10.2008
БТА Банкінің қолдауымен Астана мен Алматы қалаларында «Отанымыздағы концерттер» классикалық өнер фестивалінің IV маусымы өтеді
3-4 қазан күндері Астанада және 7-8 қазан күндері Алматыда Қазақстанның мәдени өміріндегі ең тамаша және көптен күткен оқиғалардың бірі – «Отанымыздағы концерттер» классикалық өнердің IV музыка фестивалі өтеді. Дәстүр бойынша биыл да фестивальді «Әлем Арт» қоғамдық қоры мен БТА Банкі ұйымдастырады.
24.09.2008
HSBC халықаралық даму стратегиясын әзірлеуде «БТА Банкінің» кеңесшісі қызметін атқарады
HSBC Bank plc БТА бизнесін стратегиялық кеңейту мәселелері бойынша «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің және Басқармасының кеңесшісі қызметін атқарады, банк тобы бірегей аумақтық желісі арқылы ТМД аумағындағы ірі жеке меншік қаржы тобы болуды көздеп отыр.
24.09.2008
24-25 қыркүйек күндері 30-ға жуық елден келген 500-ден астам адам IX Алматы банкаралық конференциясына қатысады
24-25 қыркүйек күндері Алматыда «InterContinental Hotel – The Ankara in Kazakhstan» қонақүйінде «БТА Банкі» АҚ-ының ұйымдастыруымен әлемдік банк және қаржы қоғамдастығының басқосуы – IX Алматы банкаралық конференциясы (АБК) өтеді.
18.09.2008
БТА Банкінің ұлттық жобасы аясында еліміздің қоғамдық-саяси қайраткері Мұстафа Шоқай «Петербург тұлғасы» медалімен марапатталды
Санкт-Петербург қаласының наградалар бойынша салааралық біріккен комитеті мен гуманитарлық қоры Санкт-Петербургтің ғылым, мәдениет және өнер салаларының дамуына қосқан орасан зор үлесі үшін қоғамдық-саяси қайраткер, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, публицист Мұстафа Шоқайды «Петербург тұлғасы» («Личность Петербурга») медалімен марапаттады.
17.09.2008
«БТА Жизнь» және «БТА Забота» компаниялары Директорлар Кеңесінің төрағасы болып Әнуар Айжолов тағайындалды
Директорлар Кеңесінің шешімімен БТА Банкінің «БТА Жизнь» және «БТА Забота» еншілес сақтандыру компаниялары Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып Әнуар Тұрсынұлы Айжолов тағайындалды.
12.09.2008
«БТА Банкі» АҚ 2008 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстанның банк секторындағы көшбасшылық ұстанымын нығайтты
2008 жылдың 6 айындағы қаржы есебі бойынша БТА-ның активтері 2,3 млрд. долларға (9,5%) өсіп, 3.356 млрд. теңгені (27,8 млрд. $) құрады. Ағымдағы жылғы табыстың өсуіне қарай баланстық капитал 4,9%-ға өсіп, 474 млрд. теңгені (3,9 млрд. $) құрады.
08.09.2008
«БТА Банкі» АҚ мен Қазақстандағы Қытай Банкі ынтымақтастық келісіміне қол қойды
2008 жылғы 8 қыркүйек күні Алматы қаласында «БТА Банкі» АҚ Басқарушы директоры Тимур Сабырбаев пен «Қазақстандағы Қытай Банкі» ЕБ АҚ Басқарма Төрағасы Тянь Вэй халықаралық бизнесті дамыту мен корреспонденттік шотты ашу саласы бойынша Ынтымақтастық келісіміне қол қойды.
05.09.2008
БТА Банкі АҚШ-тың Экспорт-Импорт Банкінің қатысуымен өткен сауданы және жобаны қаржыландыру семинарына демеушілік жасады
5 қыркүйек күні БТА Банкінің қолдауымен Алматыда АҚШ-тың Экспорт-Импорт Банкінің және Қазақстан мен ТМД нарығына кеңінен таралған John Deere (АҚШ) ауыл шаруашылығы құрал-жабдығын өндіруші компанияның қатысуымен өткен сауданы және жобаны қаржыландыру жөніндегі семинарға демеушілік жасады.
04.09.2008
Ержан Тәтішев атындағы Қор стипендианттарының саны 4 есеге артты
3 қырқүйек күні Ержан Тәтішев атындағы Қордың 2008 жылғы стипендианттарын марапаттау рәсімі болып өтті. Үстіміздегі жылы Қор шәкіртақы иегерлерінің санын 4 есеге арттырды. Олардың арасында балалар үйлерінің түлектерімен бірге мүмкіндіктері шектеулі балалар да бар.
26.08.2008
Бұдан былай «Лондон-Алматы» СК қызметтеріне Интернет-банкинг арқылы қол жеткізуге болады
БТА Банкінің клиенттері сақтандыру полисін онлайн тәртібі арқылы ресімдеудің бірегей мүмкіндіктеріне ие болды. БТА төлем картасының иелері уақыттарын үнемдеумен бірге сақтандыруда 15 % жеңілдікке ие болады.
22.08.2008
Хабарлама «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу жөніндегі хабарлама
"БТА Банкі" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2008 жылғы 22 қыркүйекте 10 сағат 30 минутта, ал акционерлерді тіркеудің басталуы 10.00 сағатта, мына мекенжайда өтеді: Алматы қ., Самал-2 ы/а, Жолдасбеков көш., 97, 2 қабат.
21.08.2008
Fitch Ratings «БТА Банкі» АҚ еншілес компаниясының рейтингін көтерді
Халықаралық Fitch Ratings рейтинг агенттігі «БТА Банкі» АҚ Ресейдегі еншілес банкі «БТА Банк» ЖШҚ дефольтінің ұзақ мерзімді рейтингін «B-»-тен «B+»-ке көтергені туралы хабарлады. Сонымен қатар эмитенттің ұлттық рейтингі тұрақты болжаммен «А-» деңгейіне көтерілді. Банктің басқа рейтингілері: эмитент дефольтының қысқа мерзімді рейтингі (ЭДР) «В» және жеке рейтингі «D/E» деңгейлері бойынша расталды.
07.08.2008
Аяулы ханымдар!
2008 жылғы 15 тамыз күні сағат 16.00-де (Алматы уақыты) «Самал-2» ықшамауданы, Жолдасбеков көш., 97, А1 блогы мекен-жайында: «АвтоЛеди» акциясы аясында бағалы сыйлықтардың орталықтандырылған ұтыс ойындары өтетінін хабарлаймыз.
23.07.2008
«БТА Банкі» АҚ «БТА Банк» ЖШҚ (Ресей) жарғылық капиталындағы үлесін арттырды
«БТА Банкі» АҚ (Қазақстан) «БТА Банк» ЖШҚ (Ресей, бұрынғы атауы «Славинвестбанк») жарғылық капиталындағы өзінің қатысу үлесін 15,6% -дан 52,84%-ға дейін арттырды. Осылайша қазақстандық БТА Банкі ресейлік БТА Банктің жарғылық капиталындағы ірі қатысушы болды.
21.07.2008
«БТА Банкі» АҚ исламдық қаржыландыру несиесінің екінші траншын өтеді
БТА Банкі кестеге сәйкес 2006 жылы 2 жыл мерзімге тартылған 63 млн. АҚШ доллары көлеміндегі маржасы 70 базистік пунктті құраған Исламдық қаржыландырудың екінші траншын төледі.
10.07.2008
Ержан Тәтішев Қорының 2008 жылғы білім бағдарламаларының үміткерлерін іріктеудің соңғы сәті
Жаз......Бұл мезгіл көпшілік үшін еңбек немесе оқу демалысы, кейбіреулеріне каникул уақыты болып табылады. Ал жеке тұлғаның қалыптасу кезіндегі кейбір азаматтар үшін бұл өмірдегі ең белсенді де, маңызды кезең. Өйткені түлектер мектеп қабырғасынан шығып, болашақ жайлы, өздерінің әрі қарай білім алуы, мансабы, болашағы жайлы сезімдерге - толғаныс пен тебіреніске толы өтпелі кезеңдердің бірін бастан кешеді...
03.07.2008
«БТА Банкі» АҚ қазақстандық банк жүйесінің көшбасшысы деп танылды
БТА Банкі активтерінің, меншікті капиталының және таза кірісінің көлемі бойынша The Banker басылымы жыл сайын өткізетін дүние жүзіндегі банктердің «ТОП 1000» рейтингіне сәйкес Қазақстандағы ірі банк болып табылады. Бұл туралы 2 шілде күні Лондонда өткен «Қазақстан: дамудың жаңа көкжиектері» атты халықаралық конференцияда мәлім болды.
20.06.2008
«БТА Банк» ЖШҚ АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламасы бойынша импорттық келісім-шартты қаржыландырды
2008 ж. маусымда «БТА Банк» ЖШҚ, Ресей (бұрынғы атауы «СлавинвестБанк») алғаш рет АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігінің GSM-102 мемлекеттік бағдарламасына қатысты, яғни 3 жылдық мерзімге 4,1 миллион АҚШ доллары сомасына клиенттің американдық ауыл шаруашылығы өнімін Ресейге импорттау келісім-шартын қаржыландырды.
12.06.2008
«БТА Банк» ААҚ-ның Қадағалау Кеңесінің шешімімен Колобов Юрий Владимирович Басқарма Төрағасы болып тағайндалды
«БТА Банк» Ашық акционерлік қоғамының Қадағалау Кеңесінің шешіміне сәйкес (9.06.2008 жылғы № 19 хаттама) Колобов Юрий Владимирович банктің Басқарма Төрағасы міндетін атқаруға кірісті.
11.06.2008
Ақпараттық хабарлама
«БТА Банкі» АҚ-ның басшылығы мен ұжымын Ұлы Тұлға және Кемеңгер жазушы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың жарық дүниемен қоштасуы қатты күйзелтті.
10.06.2008
СлавинвестБанк өз атауын БТА Банкі атауына өзгертеді
2008 жылдың 4 маусымында «СЛАВИНВЕСТБАНК» ЖШҚ-ның өз атауын «БТА Банкі» ЖШҚ-ға өзгертуіне байланысты, оның құрылтайшылық құжаттарына өзгерістер енгізілді.
29.05.2008
2008 жылдың бірінші тоқсанындағы қорытынды бойынша «БТА Банкі» АҚ активтері мен капиталының көлемі жағынан Қазақстандағы ірі банк
2008 жылдың бірінші тоқсанындағы алдын ала жасалынған мәліметтер бойынша «БТА Банкі» АҚ ішкі рыноктардан тартылған депозиттерінің есебінен ұлғайған активтер көлемі бойынша Қазақстандағы ірі банк.
21.05.2008
«БТА Банкі» АҚ 2008 жылдың 14 мамырда «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының өткені туралы хабарлайды
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша берілген дауыстардың нәтижелері:
15.05.2008
СлавинвестБанк – бірінші ресейлік банк – Азиялық-Тынық мұхиттық аймақтың Несие Нарығына Қатысушылар Ассоциациясының мүшесі
2008 жылғы 6 мамыр күні СлавинвестБанк өзінің Азиялық-Тынық мұхиттық аймақтың Несие Нарығына Қатысушылар Ассоциациясына (APLMA) кіргенін жариялады
15.05.2008
Faster жедел ақша аударымдарының «Сәтті аударым» акциясы!
Сіз БТА Банкінің Faster жедел ақша аударымдарын пайдаланып көрген жоқсыз ба? Олай болса оны пайдаланатын және «Сәтті аударым» акциясына қатысатын уақыт келді.
14.05.2008
«ИМГ Интернешнл холдинг компани» ЖШҚ Украинаның, Ресей мен Қазақстанның 10-нан астам компанияларын біріктіреді
7 мамыр күні «ИМГ Интернешнл холдинг компани» ЖШҚ Бағалы қағаздар мен қор нарығы бойынша мемлекеттік комиссиясына (БҚҚРМК) бағалы қағаздар сатуға (диллерлік, брокерлік қызметті және бағалы қағаздарды басқару қызметін қоса) лицензия алуға өтініш берді. Холдингтің Жарғылық капиталы құрылған және ол 300 мың гривенді құрайды. Холдингтің Президенті «Оранта» ұлттық акционерлік сақтандыру компаниясы қадағалау кеңесінің төрағалығына Олег Спилканы тағайындады.
05.05.2008
Faster жедел ақша аударымдарының «Сәтті аударым» акциясы!
Сіз БТА Банкінің Faster жедел ақша аударымдарын пайдаланып көрген жоқсыз ба? Олай болса оны пайдаланатын және «Сәтті аударым» акциясына қатысатын уақыт келді.
29.04.2008
Хабарлама
«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтыруларды енгізу туралы
21.04.2008
Грузия Премьер Министрі Поти қаласындағы «БТА Силкроуд Банк» жаңа сервис орталығын ашты
2008 жылғы 15 сәуір күні «БТА Силкроуд Банк» АҚ Поти қаласынан жаңа сервис орталығын ашты.
21.04.2008
«БТА Банкі» АҚ 2008 жылдың 14 сәуірінде «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының өткені туралы хабарлайды
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша берілген дауыстардың нәтижелері
18.04.2008
Астраханьда СлавинвестБанктің филиалы ашылды
СлавинвестБанктің Астраханьдағы филиалы кәсіпорындар мен аймақ тұрғындарына бәсекелес және жоғары технологиялы банк өнімдерінің толық спектрін ұсынады олар: салымдар, пластикалық карталарға қызмет көрсету, ипотекалық және жедел несиелендіру, есеп-айырысу кассалары, шағын және орта кәсіптік несиелендіру, ақша аударымдары, интернет-трейдинг және т.б.
17.04.2008
«БТА Банкі» АҚ 2007 жылы Қазақстандағы, ТМД мен алыс-жақын шет елдердегі қаржы нарығындағы позициясын нығайтты
2007 жылы «БТА Банкі» АҚ өз қызметінің барлық бағыттарын дамытуда зор табысқа қол жеткізді және республикамыздағы, алыс-жақын шет елдер мен әлемдік қаржы нарығындағы позициясын нығайта түсті.
15.04.2008
«БТА Банкі» АҚ «Эксклюзив» талдамалы-шолу журналының тағайындауы бойынша «Ең көрнекті макет» және «Ең ерекше макет» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды
«Эксклюзив» журналы өзінің туған күні қарсаңында басылым жарық көрген уақыттан бері оның беттерінде жарияланған ең үздік жарнама үлгілерін(модуль) белгіледі. БТА Банкі «Ең көрнекті макет» және «Ең ерекше макет» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды.
14.04.2008
Шыңғыс Айтматов «БТА Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің тәуелсіз директоры болып тағайындалды
Әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі құрамына тәуелсіз директор болып тағайындалды. Мұндай шешім 2008 жылғы 14 сәуірде өткен Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында қабылданды.
01.04.2008
АстанаЭксимБанктен БТА Банкке
Беларусь қаржы нарығындағы жетекші ойыншылардың бірі - АстанаЭксимБанк өз атауын БТА Банкке өзгертетінін және 2008 жылғы сәуірден бастап ребрендинг жүргізіле бастағанын хабарлайды.
26.03.2008
БТА Банкінің қолдауымен қазақстандық қаржыгерлер тәжірибе алмасу мақсатында Киевте болып қайтты
23 наурыз күні БТА Банктің қолдауымен (Украина) ұйымдастырылған Қазақстанның қаржы саласы өкілдерінің Киевке үш күндік сапары аяқталды. Украина астанасына барған делегация құрамында Қазақстанның Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Медет Сартбаев, Қаржылық қадағалау агенттігінің банктерді қадағалау департаментінің директоры Мұхтар Бөбеев, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының атқарушы директоры Асқар Өртембаев және Еуразиялық қаржыгерлер клубының кеңесшісі Досым Сәтпаев болды.
25.03.2008
Инэксимбанктен БТА Банкке: өрлеу
Инэксимбанк үшін жаңа кезең басталды. Оның клиенттері алдындағы жаңа перспективалары мен мүмкіндіктері ашылмақ.
20.03.2008
Достық концерті
16 наурыз күні Алматыдағы Натальи Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында Арменияға еңбек сіңірген әртістер Софи Девоян, Заруи Бабаян мен "Танцы и душа" театрының қатысуымен І-концерт болып өтті.
20.03.2008
«БТА Банкі» АҚ-ның БТА жаңа логотипін пайдаланудағы алғашқы бөлімшесі ашылды
19 наурыз күні ребрендинг аясында «БТА Банкі» АҚ-ның Жамбыл филиалы Шу қаласынан безендіруде БТА жаңа логотипі пайдаланылған №05-03 жаңа бөлімшесі ашылады.
19.03.2008
"БТА Банкі" АҚ Қазақстандағы үздік банк атанды
Беделді "Global Finance" іскерлік басылымының тағайындауы бойынша "БТА Банкі" АҚ "Қазақстандағы 2008 жылғы үздік банк" атағына ие болды.
14.03.2008
«БТА Банкі» АҚ 530 900 000 АҚШ доллары сомасына ғалами синдикатталған несиенің бірінші траншын өтеді
«БТА Банкі» АҚ кестеге сәйкес 530,9 млн. АҚШ доллары көлеміндегі ғалами синдикатталған несиенің бірінші траншын өтеді, ол 2006 жылғы қыркүйек айында жалпы сомасы 1 111 млн. АҚШ долларына тартылған болатын. Бұл ғалами несиенің ұйымдастырушылары The Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ, Ltd., Commerzbank Aktiengesellschaft және Standard Chartered Bank. Синдикатталған несиенің бірінші транш бойынша маржасы 0,35%-ды құрады.
11.03.2008
«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу жөніндегі ХАБАРЛАМА
«БТА Банкі» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков көш., 97, Директорлар Кеңесінің 11.03.2008 ж. № 3-1 шешіміне сәйкес, Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру жөнінде хабарлайды.
07.03.2008
БТА Банк пен ЛУКОЙЛ ынтымақтастықты арттырады
Алматыда 15-16 ақпан аралығында БТА Банктің шетелдік компаниялармен жұмыс жөніндегі корпоративтік блогының Бас дирекциясының ұйымдастыруымен ЛУКОЙЛ компаниясының тобына арналған семинар болып өтті. ЛУКОЙЛ ТК жоғары звеносының 20 басшысы корпоративтік клиенттерге ұсынылатын БТА-ның өнімдер желісімен танысты.
29.02.2008
GLOBAL TRADE REVIEW «БТА Банкі» АҚ-ның сауданы қаржыландыру саласындағы тағы бір мәмілесін үздік деп таныды
Сауданы қаржыландыру саласындағы беделді басылылым Global Trade Review журналының болжамы бойынша БТА Банкінің тағы бір мәмілесі «Best Deal 2007» (Үздік мәміле) атанды. Бұл Марин Гарденс ААҚ (Ресей) компаниясының Nippura Co. LTD (Жапония) компаниясынан 5,3 млн АҚШ доллары сомасына акрильді аквариумды шынылар жинақталымын сатып алуды қаржыландыру мәмілесі.
26.02.2008
«БТА Банкі» АҚ «Жыл мәмілесі 2007» наградасымен екінші мәрте марапатталды
БТА Банкі екінші жыл қатарынан «Best Deal 2007» (Үздік мәміле) наградасымен марапатталды. Бұл жылы мұндай шешімді саудалық және құрылымдық қаржыландыру саласындағы беделді екі басылым - «Trade Finance» мен «Global Trade Review» бірден қабылдады.
15.02.2008
«ТұранӘлем Банкі» АҚ «БТА банк» АҚ болып қайта тіркеуден өтті
Ребрендинг жүргізуге байланысты «ТұранӘлем Банкі» АҚ № 3903-1900-АО тиісті куәлігін алып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінде қайта тіркеуден өтті.
13.02.2008
ТұранӘлем Банкі 2007 жылы Қазақстандағы және ТМД мен алыс шет елдердегі қаржы нарығындағы өз позициясын нығайта түсті
2007 жылы «ТұранӘлем Банкі» АҚ (ТӘБ) өз қызметіндегі барлық бағыттарды дамытуда табысқа қол жеткізді және республикамыздағы, алыс-жақын шет елдердегі және әлемдік қаржы нарығындағы өз позициясын әрі қарай нығайта түсті.
17.01.2008
«ТұранӘлем Банкі» АҚ мен Ури банк өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
2008 жылғы 16 қаңтар күні «ТұранӘлем Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Роман Солодченко мен Ури Банк инвестициялық тобының Басшысы (Woori bank, Корея Республикасы) Ко Кьёнг Су өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
11.01.2008
«ТұранӘлем Банкі» АҚ DEG-дан 82 миллион АҚШ доллары сомасына қарыз тартты
«ТұранӘлем Банкі» АҚ DEG (Deutsche Investitions Und Entwicklungsgesellschaft MBH, Германия) халықаралық ұйымымен 82 млн. АҚШ доллары сомасына қарыз тарту бойынша келісімге қол қойды.
11.01.2008
«ТұранӘлем Банкі» АҚ «Росэксимбанк» ЖАҚ-ымен ынтымақтастық жөнінде келісім жасады
«ТұранӘлем Банкі» АҚ Ресейдің өнеркәсіптік өнімдерінің Қазақстан Республикасына, сондай-ақ ТМД елдерін қоса басқа да үшінші елдерге жеткізілуін қаржыландырып және кепілдік беруді ұйымдастыру үшін «Росэксимбанк» ЖАҚ-мен ынтымақтастық келісіміне қол қойды.
09.01.2008
«ТұранӘлем Банкі» АҚ исламдық мәмілесі «Қазақстандағы 2007 жылғы үздік мәміле» деп танылды
«ТұранӘлем Банкі» АҚ-ның Вакала бойынша 250 млн. АҚШ доллары сомасындағы исламдық мәмілесі беделді Islamic Finance News қаржы басылымының болжамымен «Қазақстандағы 2007 жылғы үздік мәміле» деп танылды.