Главная

Жаңалықтар

2020 2019 2018 2017 2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

31.12.2009
Клиенттердің назарына! Байланыс Орталығының мереке күндердегі жұмыс тәртібі.
Құрметті БТА Банкі клиенттері! 2010 жылдың 1,2,3 және 4 қаңтар мереке күндері Байланыс Орталығы арқылы кеңесті тек қашықтықтан банктік қызмет көрсету және төлем карталары бойынша алуға болады.

31.12.2009
«БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының Жаңа жылдық құттықтауы!
Құрметті достар! 2009-шы жыл да артта қалды. Өткен жыл БТА банкі өмірі үлкен өзгерістерге толы болды.

28.12.2009
Құрметті «БТА Банкі» АҚ клиенттері!
2009 жылдың аяқталуына байланысты, банктік қызмет көрсету альтернативті каналдары - Интернет-банкинг, SMS-банкинг, Cash&pay Төлем терминалдары, банкоматтар мен БТА Банкінің автоматтандырылған айырбас орындарында төлем қабылдауға шектеу қойылатындығы туралы хабардар етеді.

22.12.2009
БТА Банкінің қаржы берешегін қайта құрылымдау туралы іс жүргізу жөніндегі өндіріс британ соттарынан қорғау алып жатыр
«БТА Банкі» АҚ (бұдан әрі «Банк») қайта құрылымдалуына байланысты Алматы қаласының арнайы қаржы сотындағы Банкіге қатысты ойластырылып қозғалған істі Ұлыбританияда «шетелде қаралған негізгі сот ісі»- деп танып, мойындалғандығын қуана хабарлайды.

22.12.2009
БТА Банкі кредиторлармен келіссөздерінің негізгі кезеңінің ойдағыдай аяқталғанын хабарлайды
«БТА Банкі» АҚ кредиторлармен келіссөздерінің негізгі кезеңінің ойдағыдай аяқталғанын хабарлайды. 7 желтоқсанда Лондонда банктің өткізген қаржылық қайта құрылымдаудың «Қайта құрылымдаудың негізгі коммерциялық шарттарына» (Principal Commercial Terms Sheet) қол қою аяқталды.

08.12.2009
«БТА Банкі» АҚ және кредиторлар комитеті қайта құрылымдаудың негізгі коммерциялық шарттарына қол қойды (Principal Commercial Terms Sheet)
«БТА Банкі» АҚ 2009 ж. 7 желтоқсанында кредиторлар комитеті* және Банк қаржылық қайта құрылымдау қатынасының Principal Commercial Terms Sheet (ары қарай – «Негізгі коммерциялық шарттары») құжатына қол қойды.

17.11.2009
«БТА Банкі»-де семинар өтті
10-12 қарашада Алматы қаласында БТА Банкінде Заңсыз жолмен алынған ақшаға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (ЗЖАА/ҚҚІҚ) және Қазақстандағы екінші деңгейдегі банкілер комплаенс-бақылау қызметіндегі бөлімше қызметкерлеріне арнап семинар өткізілді.

23.10.2009
Алматының мамандандырылған қаржылық соты «БТА Банкі» АҚ-ның қайтақұрылымдау ісін занды деп таныды
16 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық соты «БТА Банкі» АҚ-ның қайтақұрылымдау туралы өтінішін толық қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

23.10.2009
БТА Банкі төлем карточкалары бойынша комиссиялар мөлшерінің өзгеруі
Құрметті БТА Банкі төлем карточкаларының иеленушілері, Сіздерге 2009 жылғы 23 қарашадан бастап келесі комиссиялардың белгіленгендігін хабарлаймыз

14.10.2009
БТА Банк «Республика» газетінің төңірегінде болып жатқан жағдайларды саяси реңк берілуіне қарсы
Бүгін , 14 қазанда «БТА Банкі» АҚ-ның Жолдасбеков 97 мекен-жайында орналасқан бас офистің алдында «Республика» газетінің және бірқатар құқық қорғау, саяси ұйымдардың ұйымдастыруымен санкцияландырылмаған наразылық акциясы өтті.

12.10.2009
«БТА Банк » АҚ басшылығындағы өзгеріс
Қазан айының 7-ші жұлдызында «БТА Банкі» АҚ директорлар Кеңесінің шешімімен Ардақ Сиязбекұлы Орымбаев, «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары және Басқарма Мүшесі болып сайланды.

12.10.2009
«БТА Банк» АҚ ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында 37 млрд. теңгені игерді
«БТА Банк» АҚ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мемлекеттік бағдарламасы аясында ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруды табысты аяқтады.

08.10.2009
Ағылшын соты Мұхтар Аблязов пен өзге де жауапкерлердің өтінішін қарастырудан бас тартты және олардың бүкіл әлем бойынша барлық активтері туралы ақпараттарды ашуды талап етті
2009 жылдың 30 қыркүйегінде Лондондағы апелляциялық сот «БТА» АҚ-ның бұрынғы топ-менеджерлері – Мұхтар Аблязовқа, Роман Солодоченко мен Жақсылық Жарымбетовке тиесілі активтер туралы ақпараттарды ашу жөнінде қаулы қабылдады.

07.10.2009
«Карточкалық депозит - Плюс Card» өнімі бойынша қолма-қол ақшаны алу лимитінің мөлшерін өзгерту
Құрметті БТА Банкі төлем карточкасының пайдаланушылар, Сіздерге 2009 жылғы 1 қарашадан бастап «Карточкалық депозит - Плюс Card» өнімі бойынша айына 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде қолма-қол ақшаны алуға шектеу белгіленетіндігін хабарлаймыз.

01.10.2009
Бонусты Акция
Құрметті клиенттер, «Бонусты» акциясының іске қосылғандығы жөнінде қуана хабарлаймыз.

23.09.2009
БТА Банкі АҚ қаита құрылымдау барысында кредиторлар комитетімен өзара түсіністік жөнінде Меморандумға қол қойды
Бүгін БТА Банкі АҚ несиелер бойынша борышты қайта құрылымдау жөнінде Кредиторлар Комитетімен өзара түсіністік жөнінде Меморандумға қол қойғандығын жариялады.

21.09.2009
Жеке тұлғалардың салымдары бойынша сыйақы ставкаларының өзгергендігі туралы
Құрметті БТА Банкінің клиенттері, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның өкімі негізінде 21.09.2009 ж. бастап жеке тұлғалардың жаңадан ашылатын салымдары бойынша келесі ең жоғарғы ставкалардың белгіленетіндігін хабарлаймыз

10.09.2009
БТА Банкі АҚ Кредиторлар Комитетін тағайындап, Қайта құрылымдаудың негізгі ережелеріне қол қойды, кредиттер бойынша шығындар резервін ұлғайту жөнінде хабарлады және борышты қайта құрылымдаудың нұсқаларын ұсынды
Кредиторлар Комитетін тағайындау

03.09.2009
Банк беделіне нұқсан келтіретін бұзақылық акцияларға шамданған БТА Банкі болашақта барлық осыған ұқсас әрекеттерге қатаң тыйым салынатынын мәлімдейді
2 қыркүйекте беймәлім жастар санкцияланбаған акция өткізіп, «БТА Банкі» АҚ Алматы филиалы қызметкерлеріне қатысты заңға қарсы әрекеттерді жүзеге асырды.

03.09.2009
«БТА Банкі» АҚ 2009 жылғы 27 тамызда «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс сырттай жалпы жиналысының өткізілгендігі туралы хабарлайды
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша берілген дауыстардың нәтижелері

27.08.2009
Англияның жоғарғы соты «БТА Банкі» АҚ-ның арызы бойынша қамтамасыз ету шаралары ретінде Мұхтар Әблязов пен басқа жауапкерлердің барлық активтерін тоқтату жөніндегі бұйрықты шығарды
«БТА Банкі» АҚ Банктің Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов, Банк Басқармасының бұрынғы төрағасы Роман Солодченко және Банк басқармасы төрағасының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жәрімбетовке қарсы Англияның Жоғарғы сотына арыз жазды.

26.08.2009
«БТА Банкі» АҚ басшылығындағы өзгерістер
БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 24 тамызда Басқарма Төрағасының орынбасары, «БТА Банкі» АҚ Басқарма мүшесі қызметіне Сергей Валерьевич Ельцов сайланды.

21.08.2009
«БТА БАНКІ» АҚ инвесторларды қайта құрылымдау үрдісі жөнінде хабардар етеді
2009 жылғы 18 тамызда «БТА Банкі» АҚ (БТА) және KPMG, PriceWaterhouse Coopers, Lovells халықаралық заң компаниясы арасында ұйымдастырылған онлайн-конференция кезінде инвесторлар мен кредиторларға банкті қайта құрылымдау үрдісі бойынша ақпарат ұсынылды.

21.08.2009
«БТА Банкі» АҚ басшылығындағы өзгерістер
«БТА Банкі» АҚ-ның 19 тамыздағы Директорлар Кеңесінің шешімімен Банк Басқармасының мүшелері Сәдуақас Мәмештегі және Нұржан Ботабаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтерінен босату жөніндегі өтініштері қанағаттандырылды.

19.08.2009
«БТА Банкі» АҚ және «Темекісіз» қоғамдық қоры өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумды бекітті
18 тамызда «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Мәлік Мұхаметқалиев және «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» Ұлттық Коалициясы заңды ұйымы болып табылатын «Темекісіз» Қоғамдық қорының Атқарушы Директоры Жәмила Садықова Өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

13.08.2009
Cash&Pay өз-өзіне қызмет көрсету терминалдарындағы қызметтерді кеңейту!
БТА Банкі Cash&Pay өз-өзіне қызмет көрсету терминалдары желісінде жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуге болатындығын өз клиенттеріне қуана хабарлайды!

11.08.2009
Құрметті БТА Банкінің төлем карточкасын ұстаушылар
Сіздерге 2009 жылғы 12 қыркүйектен бастап «Қамқор» төлем карточкасы бойынша қолма-қол ақшасыз нысанда шығын операцияларын жүзеге асыру және қолма-қол ақшаны алу кезінде 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде айлық лимит белгіленетінін хабарлаймыз.

30.07.2009
БТА Банкі полиэтилен құбырлары өндірісі бойынша екінші желіні іске қосуда «Казахстан-инжиниринг» ҰК АҚ қаржыландырды
30 шілде күні «Казахстан-инжиниринг» ҰК Акционерлік қоғамы холдингі құрамына кіретін «Тыныс» АҚ диаметрі 110 мм ден 500 мм ге дейінгі магистральді желілерге арналған полиэтиленді трубалар өндірісі бойынша екінші экструизонды желілерді іске қосу салтанатты түрде ашылды.

29.07.2009
«БТА Банкі» АҚ KazPrime индикаторын қалыптастыруға қатысуын уақытша тоқтатады
2009 жылғы 6 тамыздан бастап "БТА Банкі" АҚ KazPrime қазақстандық банкаралық депозиттер индикаторын қалыптастыру туралы Келісімнен уақытша шығады.

28.07.2009
Интернет-банкинг жүйесінде қызметтердің кеңейтілуі
Құрметті Интернет-банкинг жүйесінің пайдаланушылары, Сіздерге қызмет көрсету операторларының тізімін қайтадан кеңейткендігімізді асыға хабарлаймыз.

23.07.2009
"БТА Банкі" АҚ басшылығында өзгерістер
20 шілде күні өткен «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында Басқарма құрамын өзгерту туралы шешім қабылданды.

21.07.2009
«БТА Банкі» ақ қайта құрылымдау барысы жөнінде хабарлайды
«БТА Банкі» АҚ 17 шілдеде ХҚЕЖ-не сәйкес, Ernst & Young LLP компаниясы тарапынан тексеруден өткен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялады.

17.07.2009
«БТА Банкі» қайта құрылымдау барысы жөнінде хабарлайды
Lazard Frères «БТА Банкі» АҚ-ның қаржы кеңесшілерінің бірі болып тағайындалды және UBS инвестициялық банкімен бірлесе сыртқы борышты қайта құрылымдау бойынша жоспарды енгізу жұмысын жалғастыруда.

12.07.2009
«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің сырттай кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу жөніндегі хабарлама
«БТА Банкі» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков к-сі, 97, Директорлар кеңесінің 2009 жылғы 30 маусымдағы №6-6 кезектен тыс шешімне сәйкес, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының өткізілетіндігін хабарлайды.

03.07.2009
«БТА Банкі» АҚ «Lovells LLP» компаниясын заң кеңесшісі етіп тағайындады
Lovells LLP «БТА Банкі» АҚ-ның активтерді қайтару сұрақтары бойынша заң кеңесшісі болып тағайындалды.

01.07.2009
"БТА Банкі" АҚ акционерлерінің жылдық жиналысы болды
Сәрсенбіде, 1 шілде күні БТА Банкі акционерлерінің жалпы жиналысы болып өтті.

26.06.2009
БТА Банкі қалыпты режимде жұмыс істейді және баламалы өтімділік деңгейін қамтамасыз етеді
«БТА Банкі» АҚ, 5 ай ішіндегі Банк қызметінің есебіндегі теріс капитал Банктің бұрынғы басшылығымен өздерінің аффилиирленген компанияларына, соның ішінде Қазақстаннан тыс жерлердегі жобаларды қаржыландыруға берілген кредит бойынша залалдарды тануға қатысты бұрын жарияланған деректерді анықтау екендігін хабарлайды.

02.06.2009
«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу жөніндегі хабарлама
«БТА Банкі» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков көш., 97, Директорлар Кеңесінің 28.05.2009 ж. № 5-4 шешіміне сәйкес, Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру жөнінде хабарлайды.

29.05.2009
БТА Банкі дағдарысқа қарамастан инфрақұрылымы мен клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуда
БТА Банкі оңтүстік астанадағы шағын және орта бизнес өкілдеріне кешенді қызмет көрсету үшін барынша жақсы жағдай жасайды.

28.05.2009
“БТА Банкі” АҚ Қазақстандағы тұңғыш тәулік бойы қызмет ететін автоматтандырылған сейфтік депозитарий ашты
28 мамыр күні Астана қаласындағы Сейфуллин көшесі, 27 мекен-жайында орналасқан БТА Банкінің “Столичное” (“Астаналық”) бөлімшесінде түрлі көлемдегі 460 ұяшыққа арналған Қазақстандағы тұңғыш автоматтандырылған депозитарий ашылды.

26.05.2009
“БТА Банкі” АҚ жеке шарттар бойынша “МАЭК-Қазатомпром” ЖШС қызметкерлеріне берілетін ипотекалық бағдарлама мерзімін ұзартты
БТА Банкі Маңғыстау облысындағы ірі кәсіпорын “МАЭК-Қазатомпром” ЖШС қызметкерлеріне арналған жеке шарттар бойынша берілетін ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыру мерзімін ұзарту жөнінде шешім қабылдады.

13.05.2009
«БТА Банкі» АҚ салымшыларға «Тиімді бағам» жаңа депозитін ұсынады.
2009 жылдың сәуір айынан бастап БТА Банкінің депозиттер тізімі нарықта бірегей саналатын «Тиімді бағам» мультивалюталық салымымен толықтырылды.

06.05.2009
БТА Банкі ардагерлерді Ұлы Жеңістің алпыс төрт жылдық мерекесімен құттықтады
БТА Банкінің Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденов Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесті. Ардагерлерді келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, оларға ақшалай сыйлықтар тапсырды.

05.05.2009
БТА Банкінің Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденов баспасөз мәслихатын өткізді
30 сәуір күні БТА Банкінің бас ғимаратында Ә. Сәйденов негізгі сыртқы қарыздарды уақытша тоқтатуға қатысты банктің жағдайына түсініктеме беріп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

30.04.2009
БТА Банкі Шығыс Қазақстан облысындағы минералды мақта өндіретін зауытты қаржыландырды
2009 жылғы 30 сәуір күні Өскемен қаласы маңындағы Глубокое кентінде қайта жаңарту жұмыстарынан кейін қуаттылығы жылына 30 млн. тонна минералды мақта мен минералды мақта өнімдерін өндіретін зауыттың ашылу салтанаты болды.

30.04.2009
«БТА Банкі» АҚ бидайды қайта өңдейтін және ұн шығаратын компанияларды қаржыландырады
«БТА Банкі» АҚ агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасы аясында (АӨК) «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қаржысының есебінен бидайды қайта өңдейтін және ұн шығаруға мамандандырылған компанияларды, оның ішінде «Алматы ұн комбинаты» мен «Сұлтан элеватор-диірмен-макарон кешені» АҚ-ын қаржыландырады.

24.04.2009
БТА Банкі қарызды басқарудың кредиторлармен келісілген бағдарламасы қабылданғанға дейін өз міндеттемелері бойынша негізгі қарыздарды төлеуді тоқтатады
“БТА Банкі” АҚ-ына бірнеше кредитордан сыртқы борыштарды мерзімінен бұрын қайтару жөнінде талап келіп түсті.

22.04.2009
Маңғыстау облысындағы БТА Банкі шағын және орта бизнесті қолдауға мемлекет бөлген қаржының 90 пайызға жуығын игерді
20.04.09 ж. жай-күйі бойынша БТА Банкі 18,98 млрд. теңгені (592 жоба) игерді, бұл Үкіметтің еліміздің экономикасын тұрақтандыру жөніндегі дағдарысқа қарсы бағдарламалары аясында шағын және орта бизнесті (ШОБ) қолдауға “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры бөлген қаржының 86,3 пайызын құрайды.

15.04.2009
“БТА Банкi” АҚ сауданы қаржыландыру саласындағы екі мәмілесі үшін “Best Deals of 2008” және “Deal of the Year 2008” наградаларымен марапатталды
Сауданы қаржыландыру саласындағы екі беделді басылым - Trade Finance пен Global Trade Review-тің ұсынуымен БТА Банкінің бірден екі мәмілесі “Best Deals of 2008” (Үздік мәміле) және “Deal of the Year 2008” (Жыл мәмілесі) наградаларына лайықты деп танылып, дүние жүзі бойынша аталмыш журналдар тағайындаған 98 награданың 4-еуін иеленді.

09.04.2009
“БТА Банкі” АҚ UBS Investment Bank-ті қаржы кеңесшісі етіп таңдады
Голдман Сакс Груп, Инк. (The Goldman Sachs Group, Inc.) халықаралық компаниясымен қатар UBS Investment Bank “БТА Банкі” АҚ-ның қаржы кеңесшісі болып тағайындалды.

07.04.2009
«БТА Банкі» Алматы филиалы “Cash & Pay” төлемдерді қабылдау терминалдары “I-Payment” жаңа бағдарламалық платформаға көшірілді.
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап Алматы филиалының клиенттері “Cash & Pay” төлемдерді қабылдау құрылғыларының кеңейтілген мүмкіндіктерін пайдалана алады: төлем картасынан төлем жасау, салықтарды, ЖП айыппұлдарын және тағы басқаларды төлеу.

01.04.2009
“БТА Банкі” АҚ 2009 жылғы қаңтар-ақпан айларында Қарағанды облысындағы шағын кәсіпкерлікті несиелендіру бойынша нарықтағы үлесін 7,8% -ға арттырды
БТА Банкі үстіміздегі жылдың алғашқы екі айында Қарағанды облысында шағын және орта бизнесті несиелендіру бойынша нарықтағы үлесін 7,8% -ға арттырып, 01.03.09 ж. 39,73%-ды иемденді. Сонымен БТА Банкінің Қарағанды облысы бойынша ШОБ несие портфелі бүгінгі таңда 40,4 млрд. теңгені құрады.

30.03.2009
БТА Банкінде алғашқы әлеуметтік ипотекалық несие қайта қаржыландырылды
30 наурыз күні “БТА Банкі” АҚ Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденов ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру туралы мемлекеттік бағдарлама аясында БТА Банкінің №1 клиентіне сертификат тапсырды.

24.03.2009
БТА Банкінің басшылығы баспасөз мәслихатын өткізді
25 наурыз күні БТА Банкінің бас ғимаратында Директорлар Кеңесінің Төрағасы Арман Дунаевтың, Басқарма Төрағасының Орынбасарлары Генриг Холодзинскийдің, Әбіләкім Жұмахметовтың, сондай-ақ Басқарушы директор, Басқарма мүшесі Күнсұлу Қапбасованың қатысуымен баспасөз мәслихаты болып өтті. Банк басшылығы қаржы институтының қазіргі жағдайы мен даму перспективасы туралы әңгімеледі.

20.03.2009
“БТА Банкі” АҚ мен “Қазақстан” Республикалық телерадиокорпорациясы” АҚ Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды
20 наурыз күні “БТА Банкі” АҚ Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденов пен “Қазақстан” Республикалық Телерадиокорпорациясы” АҚ Басқарма Төрағасы Жанай Омаров мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру бойынша дағдарысқа қарсы бағдарламасын тиімді жүзеге асыру мақсатында жасалған Меморандумға қол қойды.

16.03.2009
БТА банк өз салымшылары мен клиенттері және кредиторлары алдындағы міндеттемелерін орындап жатыр
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 2009 жылдың 2-ақпанында «БТА банктің» дауыс беруші акцияларының 75 пайызын алғаннан кейін, банктегі жағдай тұрақтанды.

16.03.2009
«БТА Банкі» АҚ 2009 жылдың 06 наурызында «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының өткені туралы хабарлайды
Қорытынды бойынша келесі шешімдер қабылданды.

12.03.2009
Құрметті акционер!
Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – Банк) екінші деңгейлі банктердің капиталына қатысу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы хабарлайды.

11.03.2009
“БТА Банкі” АҚ мен “ҚазАгро” Ұлттық холдингі” АҚ Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
“БТА Банкі” АҚ мен “ҚазАгро” ҰХ” АҚ 2009-2010 жылдарға арналған экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру туралы мемлекеттік бағдарлама аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау мақсатында жасалған Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

09.03.2009
БТА Банкінің басшылығы мемлекеттік қаржының игерілуін бақылау жөніндегі комиссия өкілдерімен кездесті
9 наурыз күні “БТА Банкі” АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы Арман Дунаевпен және басқа да топ-менеджерлердің антидағдарыстық бағдарлама аясында бөлінген мемлекеттік қаржының игерілуін бақылау жөніндегі комиссия өкілдерімен кездесуі болып өтті.

05.03.2009
БТА Банкінде Директорлар Кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
6 наурызда “БТА Банкі” АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында 9 адамнан тұратын Директорлар кеңесінің құрамын бекіту жөнінде шешім қабылданды.

01.03.2009
"БТА Банкі" АҚ ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасы аясында өтініштерді қабылдаудың басталғандығы жөнінде хабарлайды
«БТА Банкі» АҚ 2009 жылдың 4 наурызынан бастап «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның мемлекеттік бағдарламасы аясында ипотекалық кредиттерді қайта қаржыландыру бойынша жеке тұлғалардан өтінімдерді қабылдайды.

26.02.2009
Мемлекет басшысы БТА Банкінің лицензиясын жою жөніндегі алып-қашпа әңгімелерді жоққа шығарды
Бұл жөнінде 25 ақпан күні “Ақордада” өткен дағдарысқа қарсы бағдарламаның қол жеткізген қорытындыларына арналған жиында сөз болды.

23.02.2009
БТА Банкі Интернет-банкингтің Қолдау қызметінің жұмыс тәртібін ұзартты
БТА Банкі клиенттерге 2009 жылғы 23 ақпаннан бастап Интернет-банкинг жүйесі Қолдау қызметінің жұмыс тәртібінің ұзарғандығын хабарлайды.

20.02.2009
“БТА Банкі” АҚ несие карталарын тоқтату алынып тасталғанын хабарлайды
20 ақпан күні БТА Банкінің 5 ақпанда несие карталарына салынған уақытша тоқтатуы алынып тасталды.

19.02.2009
«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтыруларды енгізу жөніндегі хабарлама
«БТА Банкі» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков к-сі, 97, Директорлар кеңесінің 03.02.2009 ж. №2-1 шешіміне сәйкес, 2009 жылдың 06 наурызына белгіленген Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілетін толықтырулар жөнінде хабарлайды

16.02.2009
Әнуар Сәйденов “БТА Банкі” АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
2009 жылғы 16 ақпан күні “БТА Банкі” АҚ Директорлар кеңесінің мәжілісінде “Банктер және ҚР-дағы банк қызметі туралы» ҚР заңнамасына сәйкес ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Әнуар Сәйденовті Басқарма төрағасы қызметіне тағайындау жөнінде шешім қабылданды.

13.02.2009
Жиі қойылатын сауалдардың жауабы
БТА Банкінің капиталына мемлекеттің қатысуы салымшылар мен несиегерлердің сенімін арттыруға елеулі шарттар жасайды. Қаржы институтының акционерлері мен менеджменті БТА Банкінің отандық банк жүйесінің көшбасшысы мәртебесін сақтамақ ниетте. Банктің одан әрі дамуы туралы толығырақ “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ басқарма төрағасының орынбасары, “БТА Банкі” АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы Арман Дунаев әңгімелеп береді.

05.02.2009
«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу жөніндегі хабарлама
«БТА Банкі» Акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков көш., 97, 2008 ж. 03 ақпандағы Директорлар Кеңесінің № 2-1 шешіміне сәйкес, Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру жөнінде хабарлайды.

04.02.2009
“Самрұқ-Қазына”ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ БТА Банкіне 1,7 млрд. доллар ақша аударды және қаржы институтының басшылық органын қалыптастыруды әрі қарай жалғастырады
2009 жылғы 3 ақпан күні болған Директорлар Кеңесінің мәжілісінде Арман Дунаев “БТА Банкі” АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Сонымен қатар БТА Банкінің Басқарма құрамына бұдан бұрын “Астана-финанс” АҚ Директорлар Кеңесін басқарған Сәдуақас Мәмештегі, “Самрұқ-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ өкілі Рахимов Сейітқали тағайындалды. Сондай-ақ БТА Банкі акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу жөнінде шешім қабылданды, жиналыс 2009 жылғы 6 наурыз күнге белгіленді.

02.02.2009
Мемлекет “БТА Банкі” АҚ акцияларын сатып алды
Кейінгі үш ай ішіндегі экономикалық ахуалдың қиындауына байланысты Үкімет ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің “БТА Банкі” АҚ акцияларының бақылау пакетін сатып алу жөніндегі ұсынысын қабылдады.

30.01.2009
“БТА Банкі” АҚ акционерлері капиталды арттыру жөнінде шешім қабылдады
Жұма, 30 қаңтар күні БТА Банкі акционерлерінің жалпы жиналысы болды. Онда жарияланған акцияларды шығарып, орналастыру арқылы банктің жарғылық капиталын арттыру жөнінде шешім қабылданды.

28.01.2009
“БТА Банкі” АҚ сауданы қаржыландыру бойынша Қазақстандағы үздік банк атанды
“БТА Банкі” АҚ беделді “Global Finance” халықаралық журналының ұсынуымен “Сауданы қаржыландыру бойынша Қазақстандағы үздік банк” атағына ие болды.

27.01.2009
БТА халықтарының биі
Әрбір халық өзінің ұлттық биіне ұлттық бояуларын – мәдениетін, ділін, жігерлілігін қосады. Десек те ұлтына қарамастан би тілі бәріне түсінікті. Халықаралық банк болуды мақсат тұтқан БТА-ның жаңа жарнама компаниясы осы би тақырыбына арналады.

23.01.2009
“БТА Банкі” АҚ 250 млн. АҚШ доллары сомасындағы еурооблигацияны өтеді
Ол 2007 жылдың қаңтарында “Global Medium Term Note” бағдарламасы аясында орналастырылған болатын. Орналастыруды ұйымдастырушылар JP Morgan және Credit Suisse. Купондық мөлшерлеме 3М LIBOR+137,5 базистік пунктті құрады.

20.01.2009
“БТА Банкі” АҚ Қазақстандағы ең беделді қаржы институты атанды
“Exclusive” іскерлік басылымының “Ең беделді 50 компания рейтингі” деп аталатын жыл сайынғы зерттеуіне сәйкес “БТА Банкі” АҚ 2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы қаржы институттарының арасында бірінші ұстанымға ие болды.