Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Өте маңызды: Клиенттердің ЖСН-ға ауысуы туралы хабарлама

10.03.2010

Құрметті Жеке тұлғалар – клиенттер!

«БТА Банкі» АҚ Қазақстан Республикасының «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында 2010 жылғы 13 тамыздан жеке сәйкестендіру нөміріне (ЖСН) ауысатындығын хабарлайды.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер және жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бірегей нөмірі (01.01.98ж. баcтап жеке басын растайтын құжатта көрсетілетін 12 белгіден тұратын сандық код).

2010 жылдың 13 тамызынан бастап ҚР резиденттерінің және резидент еместердің жеке басын растайтын құжаттарда, ЖСН болмаған жағдайда ол құжаттар жарамсыз болып есептелінеді:

  • Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
  • жеке куәлігі;
  • шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруын анықтайтын түрі;
  • азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  • Қазақстан Республикасының құжаттары, жеке куәліктері болмаған жағдайда, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар үшін тіркеу куәлігі.

2010 жылғы 13 тамыздан бастап ЖСН мына жағдайларда қолданылады:

  • банктерде және банктік операциялардың кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда банктік шоттар ашып, жүргізу;
  • төлемдер жүргізу және қаржыларды аудару, соның ішінде міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аудару, сонымен қатар салық міндеттемелерін мүлтіксіз орындау.

Осыған байланысты, «БТА Банкі» АҚ жеке тұлғаларға - клиенттерге үздіксіз қызмет көрсету үшін 01.08.2010ж. дейін банкке сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметті хабарлауға міндетті.

2010 жылғы 13 тамыздан бастап клиенттерге одан әрі банктік қызмет көрсету (төлем құжаттарын қабылдауға, шоттар ашып, қызмет көрсетуге мынандай жағдайларда мүмкін болмайтындығын естеріңізге саламыз:

  • жеке басын растайтын құжаттарда сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) болмаған,
  • Банктің қызмет көрсетуші бөлімшесіне сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бар жеке басын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайларда.

Сіздің жеке басыңызды растайтын құжатта Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) болмаған жағдайда, Банк оған ұсынылатын тиісті құжаттарды алу үшін тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) баруыңызды сұрайды.

Сұрақтар туындаған жағдайда, қызмет көрсету орны бойынша «БТА Банкі» АҚ Бөлімшесіне хабарласуыңызды сұраймыз.

«БТА Банкі» АҚ