Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
Өте маңызды: Клиенттердің БСН/ЖСН-ға ауысуы туралы хабарлама
10.03.2010Құрметті заңды тұлғалар – клиенттер және жеке кәсіпкерлер!
«БТА Банкі» АҚ Қазақстан Республикасының «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында 2010 жылғы 13 тамыздан сәйкестендіру нөмірлеріне (БСН/ЖСН) ауысатындығын хабарлайды.
Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) - бұл заңды тұлғаға /филиал мен өкілдікке/ және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмірі (14.08.2007ж. бастап тіркеу куәлігінде көрсетілетін 12-белгіден тұратын сандық код).
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер және жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бірегей нөмірі (01.01.98ж. баcтап жеке басын растайтын құжатта көрсетілетін 12 белгіден тұратын сандық код).
Сіздердің назарларыңызға:
2010 жылдың 13 тамызынан бастап заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, филиалды есептік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінде қалыптастырылған БСН болмаған жағдайда ол құжаттар жарамсыз болып есептелінеді.
2010 жылдың 13 тамызынан бастап ҚР резиденттерінің және резидент еместердің жеке басын растайтын құжаттарда ЖСН болмаған жағдайда ол құжаттар жарамсыз болып есептелінеді.
2010 жылдың 13 тамызынан бастап БСН және ЖСН мына жағдайларда қолданылады:
- — банктерде және банктік операциялардың кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда банктік шоттар ашып, жүргізу;
- — төлемдер жүргізу және қаржыларды аудару, соның ішінде міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аудару, сонымен қатар салық міндеттемелерін мүлтіксіз орындау.
Осыған байланысты, «БТА Банкі» АҚ заңды тұлғаларға - клиенттерге үздіксіз қызмет көрсету үшін 01.08.2010ж. дейін банкке сәйкестендіру нөмірлерінің (БСН/ЖСН) барлығын растайтын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті ұсыну қажеттігін хабарлайды.
2010 жылғы 13 тамыздан бастап клиенттерге одан әрі банктік қызмет көрсету (төлем құжаттарын қабылдауға шоттар ашып, қызмет көрсетуге) мынандай жағдайларда мүмкін болмайтындығын естеріңізге саламыз:
- — мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте және басқа құжаттарда сәйкестендіру нөмірлерінің (БСН/ЖСН) болмаған,
- — Банктің қызмет көрсетуші бөлімшесіне сәйкестендіру нөмірлерінің (БСН/ЖСН) барлығын растайтын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті ұсынбаған жағдайларда.
Сұрақтар туындаса, қызмет көрсету орны бойынша «БТА Банкі» АҚ Бөлімшесіне хабарласуыңызды сұраймыз.
Құрметпен,
«БТА Банкі» АҚ