Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

«БТА Банкі» АҚ және Кредиторлар Комитеті қайта құрылымдаудың негізгі коммерциялық талаптары туралы Келісімге өзгерістер енгізді

17.03.2010

Бүгін «БТА Банкі» АҚ (бұдан былай – БТА Банкі) және Кредиторлар Комитеті 2009 ж. 7 желтоқсанында қабылданған қайта құрылымдаудың негізгі шарттарына өзгерістер енгізу туралы келісімге қол қойды. Келісімде БТА Банктің коммерциялық қайта құрылымдау талаптарының қайта қаралуы көрсетілген.

Банктің қаржылық кредиторлары үшін негізгі коммерциялық шарттар заңнамалық міндетті құжат болып табылмайды және бұдан кейінгі БТА Банктің қайта құрылымдау үдірісі жалпы кредиторлар жиналысында қайта құрылымдау Жоспарының мақұлдануына байланысты және одан кейінгі бекітулер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қ. Мамандандырылған қаржы сотының бекітуімен жүзеге асады.

Толық қайта құрылымдаудың жаңартылған коммерциялық талаптарының мәтінімен www.bta.kz. БТА Банктің ресми сайтында таныса аласыз. БТА Банктің қайта құрылымдалуы туралы кестесі бекітілген тәртіппен жарияланатын болады.

БТА Банкінде бекітілген Кредиторлар Комитетінің құрамына: The Royal Bank of Scotland N.V. (бұрынғы атауы ABN AMRO Bank N.V.), CommerzBank Aktiengesellschaft, the D. E. Shaw Group, Euler Hermes Kreditversicherungs AG (Германия Федерациялық Респупликасының мүддесін білдіретін), Fortis Investment Management UK Limited, Gramercy Advisors LLC, Bank of Singapore Limited (бұрынғы ING Asia Private Bank Limited), KfW (өзінің еншілес құрылымдары DEG - Deutsche Investitions - und Entwicklungsgesellschaft mbH и KfW IPEX-Bank GmbH), Standard Chartered Bank, Export-Import Bank of the United States и Wachovia Bank N.A.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 24 26, 266 47 97, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz