Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Британия Виргин аралдарының сотының шешіміне қатысты БТА Банкінің ресми түсініктемесі

31.03.2010

Алматы, 31 наурыз 2010 ж. - БТА Банкінің 2009 ж. қарашасындағы ұсынысы бойынша жүргізілген соттық талқылау бойынша Британияның Виргин аралдары сотының шешімдеріне түсінік беру қажет деп есептейді. Бұл соттық бақылау БТА Банктің 57,5 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі кредитті қайтарып алу жөніндегі талап құқығын өзгеге беруінің жағдайларына қатысты.

БТА Банкі бұл кредитті Швейцарияның Riroil Sarl компаниясына 2008 жылдың тамызында берген. Содан кейінгі уақытта бір құжаттар белгілі болды, олар бойынша БТА Банкі бұл кредит жөніндегі өзінің талап ету құқықтарын Британияның Виргин аралдарында тіркелген Reuel Limited компаниясының пайдасына берген 2009 жылы беріпті- міс.

Белгілі болып отырғандай, іс жүзінде 2009 жылдың ақпанына дейін БТА Банкі Директорлар Кеңесінің бұрынғы төрағасы М.К.Әблязовтың бақылауында болды.

БТА Банкінің қазіргі уақыттағы менеджментінің көзқарасы тұрғысынан алғанда, талап ету құқығын өзгеге беру туралы бұл келісім орын алған жоқ және банкінің бұрынғы басшылығының қаржыны ұрлау жөніндегі әрекеті болып табылады, өйткені бұл келісімнің коммерциялық шарттары Банктің мүдделеріне елеулі нұқсан келтіреді. Шын мәнінде бұл келісімнің БТА Банкі пайыздық табыс алып келетін кредит жөніндегі табыс құқығын Reuel Limited офшорлық компаниясының активі жоқ қамтамасыз етілмеген міндеттемесімен айырбастаған-мыс. Оның үстіне кредитті қайтару мерзімі өзгеге беру барысында екі жылға ұлғайтылған.

Бұл келісім заңсыз және БТА Банкі мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүргізілген. Кеңестің бұрынғы төрағасы М.К.Әблязов болып табылады. Бұл тұлға Британияның Виргин аралдарының резиденті болып табылатындықтан, 2009 жылдың қарашасындағы алдын ала тыңдау барысында Британияның Виргин аралдары сотынан Әблязов мырзаны Британияның Виргин аралдарының құқық өкілетінен тыс тұрған жауапкер ретінде жауапқа тартуға рұқсат алды.

Содан кейінгі уақытта Әблязов мырза бұл рұқсат жөнінде шағымданды және 2010 жылдың 24 наурызында Британияның Виргин аралдарының соты бұл кезеңде Әблязов соттық талқылаудың қажетті жағы болып табылмайды деп таныды. Қазіргі уақытта БТА Банкі бұл бұйрықты апелляциялау мүмкіндігін және қажеттігін қарастыруда.

Сондай-ақ, бұл соттық талқылаудың алдын алу кезеңінде тұрғанын, істің шын мәнінде әлі қарастырылып жатпағандығын және бұл келісімдегі Әблязов мырзаның қатысы және атқаратын рөлі жөніндегі шешімді Британияның Виргин аралдарының соты шығармағандығын түсіну қажет. Бұл соттық талқылау өзге жауапкерлерге қатысты жалғасын табады және БТА Әблязовты процеске жауапкер ретінде қосу және бұл келісімге байланысты басқаша құқықтық өкілетте жаңа соттық талқылауды бастау жөнінде арыз беруге құқылы.

Сондай-ақ, Британияның Виргин аралдары сотының бұйрығының БТА Банкінің процестеріне және Әблязов мырзаға қарсы оның Лондондағы тұрғылықты жері бойынша берілген және ақшаны кредит ретінде Банктен алааяқтық арқылы шығаруға қатысты талап жоқ. Бұл күндері БТА Банктің Әблязов мырзаға қарсы талап арыздарына қатысты сомасы бірнеше миллион АҚШ долларын құрайды және қазіргі уақытта банк өз активтерін қайтарып алу жөніндегі жұмыстарын жалғастыруда.

Англияның жоғарғы сотына берілген талап арыз аясында Әблязов мырза тікелей және жанама түрде бақылау жасап отырған активтердің қай жерде болғанына қарамастан «оқшаулату» туралы соттық бұйрық шығарылды. Бұл бұйрықтың аясында Әблязов мырзаның жарататын қаржыларына шек қойылды, ал, оның паспорты бұл тұлғаның Ұлыбритания аумағынан шығып кетуінің алдын алу үшін заңгерлердің сақтауына берілді. Бұл шаралардың барлығы күшінде қалады және Британияның Виргин аралдары сотының кредит жөніндегі талаптар құқығын Reuel Limited компаниясына беру туралы іс бойынша бұйрығының бұл шараларға ешқандай қатысы жоқ.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 24 26, 266 47 97, 250 53 78

e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz