Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі Жеңістің 65-жылдық мерейтойына орай ардагерлерге «Мәңгілік есте сақтау» акциясын ұсынды

06.05.2010

Алматы, 6 мамыр 2010 ж. – БТА Банкі Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 65-жылдық мерейтойына арналған «Мәңгілік есте сақтау» акциясын ұсынды. Акция аясының негізінде ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және бұрынғы концлагерь тұтқындарына арнайы жеңілдіктер мен сыйлықтар даярланды.

Сонымен, 2010 жылдың 15 сәуірінен бастап Банк өзінің барлық бөлімшелерінде ҰОС ардагерлері мен соған сәйкес дәрежедегі азаматтар үшін коммуналды қызметтерді төлеудің комиссиясын алып тастады.

Банк өздерінің 1929 жылға дейін туылған ардагер-салымшыларына, сонымен қатар БТА-ның бұрынғы ардагер-қызметкерлеріне арналған ерекше материалды көмек түріндегі сыйлығын тарту етіп отыр. Осы мақсатта банк барлық сыйлық алушыларға тең бөліп беру үшін 30 миллион теңге көлемінде қаражат бөлді. ҰОС ардагерлері БТА Банктің клиенттік базасының елеулі буынын құрайды, яғни бүгін олардың саны 5 мың адамнан асса, ал БТА-ның бұрынғы ардагер-қызметкерлерінің саны 60 адам болып отырғанын ескере кеткен абзал.

Мерекелік шаралардың аясында БТА Банкі өзінің еншілес «БТА Ипотека» компаниясымен және Алматы қ. әкімшілігімен бірлесе отырып, ҰОС ардагерлеріне оңтүстік астанадан екі пәтер алып беру үшін қаражат бөлінді. Баспананы Алматы қ. әкімшілігінің тізімі бойынша кезекте тұрған ардагерлер алады.

Ардагерлерді құрмет тұту дәстүрі БТА Банкі үшін көптен бері әр жылдың айтулы мерекесіне айналған. Ондаған жылдар бойына 9 мамыр қарсаңында банктің ардагер-салымшылары мен БТА-ның бұрынғы ардагер-қызметкерлеріне арнайы жеңілдіктері мен сыйлықтарын ұсынып келеді. Осы жылы да бұл дәстүр банктің қайта құрылымдау міндеттемелеріне байланысты ауқымды қаржылық қиындықтарына қарамастан өз жалғасын табуда.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 24 26, 266 47 97, 312 28 47
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz