Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
БТА Банкі клиенттерге жақындай түсті
14.05.2010БТА Банкі клиенттерге жақындай түсті
Алматы, 11 мамыр 2010 ж. – Қазақстандық БТА Банкі мен «Астерос» Компаниясы («Астерос» тобына енеді) Байланыс Орталығының кезекті таралымын шығару кезеңінің аяқтағанын хабарлады.
Қазіргі уақытта БТА Банкте Қазақстандағы ең жоғары технологиялық және бүгінгі күнге сай Байланыс Орталығы Avaya Call Center Elite тұғырнамасының негізінде клиенттермен өзара әрекеттесе отырып, жұмыс жасайтын орталық бар:
- Электронды өтінім жүйесі банктік қызметтерді алу үшін клиенттің Банк бөлімшесіне алғаш рет келуін шығаруға мүмкіндік береді;
- Тиімді маршрутиза жүйесі клиенттің күту уақытын төмендете отырып, оны басқа мекенжайға жіберу санын азайту арқылы қызмет көрсету сапасын едәуір көбейтеді;
- Сөздік өзара қарым-қатынас жүйесі банк клиенттеріне анықтамалық ақпараттарды, яғни валюта курстарының өзгергендігін, банкомат мекенжайларын және т.б мәліметтерін тезірек алуға мүмкіндік береді, аталмыш жүйе «Телебанкинг» ақпараттық негіздемесінің бір бөлігі болып табылады;
- Телефон шалу жүйесі кепілдіксіз кредит бойынша белсенді сатылымды өткізу үшін қолданылады, сонымен қатар борышкерлермен белсенді жұмыс жасау үшін Soft Collection шарасы бойынша автоматты телефон шалуды жүргізуде қолданылады;
- Дауысты тану жүйесі клиенттерге дауыстық менюге екпінді тәртіптің ғана көмегімен емес, сонымен қатар дауыстық басқару арқылы өзіне қызмет көрсету сервистерімен қолдануға мүмкіндік береді;
- Өзара әрекеттерді интерактивті есептеу жүйесі БО операторларының клиенттен орталықтан тиімді жұмыс жасау мәліметерін алуға мүмкіндік береді, ал сапаның есептік қызмет көрсету жүйесі клиенттің қанағаттану деңгейін тіркейді.
«БТА Банкі» АҚ бөлшектік маркетинг Департаментінің Директоры Татьяна Федорованың ойынша,- «Алмасу технологиясының негізінде құрылған байланыс орталық банкке екі өзекті міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, біз өзіміздің клиенттерімізге сапалы сервисті ұсына отырып, олардың адалдығын ақтау үшін белсенділігімізді арттырамыз. Екіншіден, операциялық шығындарды сатылымға дейін және кейінгі қызмет көрсетуде едәуір төмендетеміз».
«Астерос» компаниясының телекоммуникациялық шешім Департаметінің Директоры Валерий Соколюктің айтуына қарағанда «Байланыс орталықты құра отырып, біз банктің Қазақстандағы бизнесін дамыту үшін негізгі жоспарын ескергенбіз. Құрылған шешім жоғарғы сапалы қызметінің деңгейін жоғалтпастан, үлкен жүктемелік жұмысқа дайын. Бүгінде БТА Банктің байланыс орталығына ең алыс бөлімшелердің операторлары қосылуға мүмкіншіліктері бар» екен.
Екі жыл бұрын БТА Банкі клиенттермен даму мен жетілдіру қатынасының міндеттерін жетілдіруді басты мақсат ретінде қойып, кең ауқымды Байланыс орталығын құруға кірісті.
Банктің жобасының бастамасында call-орталық базалық терім функциясымен жұмыс жасады. «Астерос» мамандары БТА Банктің Байланыс орталығына берген бизнес талабын талдап, аудиттік желі архитектурасына (сәулетіне) өткізді. БТА Банкі және «Астерос» біріккен командалары банк клиенттеріне бизнес-жүйелерді талқылау қызметін көрсетуді өткізді, яғни маршрутиза кестесін клиенттердің интерактивті сөздік өзара әрекетін қолдану жүйесімен ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Енді телефон шалғаннан кейінгі дыбыс Клиенттерді белгілі бір банктік өнімнің дәрежеінің аясында қызмет көрсететін, сонымен қатар клиенттік базаның сәйкестендірілген клиенттік базаның бунақтайтын операторға бағытталады.
Өткен жылдың қиын болуына қарамастан, Банк «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорымен 2009 жылға арналған Байланыс орталығының дамуы бойынша ойластырған жоба аясында барлық жоспарларын жүзеге асырды.
Компаниялар жайында ақпарат
«БТА Банкі» АҚ – «Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры акционері болып табылатын Қазақстанның жүйе құрушы банкі. «БТА Банкі» АҚ банк-серіктестерінің желісі Ресейді, Украинаны, Белорусьті, Грузияны, Арменияны, Қырғызстан мен Түркияны қамтыған. БТА-ның өкілдері Ұлыбританияда, Ресейде, Украинада, Қытай мен БАӘ-да бар.
«БТА Банкі» АҚ Қазақстан Республикасындағы дамыған филиалдар қатарымен (22 филиал және 274 бөлімше), сонымен қатар банкоматтардың (835) және өзіне-өзі қызмет көрсететін терминалдардың (160) кең тараған желісіне ие. БТА Банкі шамамен 1,2 млн. жеке және 132 мың корпоративті клиенттерге қызмет көрсетеді.
Толығырақ ақпаратты «БТА Банкі» АҚ баспасөз-қызметінен алуға болады, тел: +7 (727) 312 24 26, 266 47 97, 250 53 78, e-mail: pr@bta.kz немесе www.bta.kz сайтынан таба аласыздар.
«Астерос» тобы 2008 жылдың желтоқсанында «Би-Эй-Си» компаниясының негізінде құрылған. Топтың құрамына «Астерос», «Аверта» ,«Кабест», «Диалог-Киев компаниялары енеді. Топта 800 адам қызмет атқарады.
Қосымша ақпарат алу үшін «Астерос» тобының PR-менеджері Анастасия Денисоваға жүгініңіздер. Тел.: +7 (495) 787-24-50, e-mail: pr@asteros.ru. Топ жайында ақпаратты www.asteros.ru таба аласыздар.