Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
ҚҚА БТА Банктің қайта құрылымдау Жоспарын бекітті
09.06.2010Алматы, 9 маусым 2010 ж. – Бүгін БТА Банкі 2010 жылдың 4 маусымындағы №83 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржылық ұйымдар мен нарықты қадағалау және реттеу агенттігі (ҚҚА) БТА Банктің ұсынған қайта құрылымдау Жоспарын бекіткенін хабарлады. Аталмыш Жоспар 2010 ж. 28 мамырында Алматы қаласында өткен Банк кредиторларының байқаулық Жиналысында басым дауыспен мақұлданған болатын.
БТА Банктің қайта құрылымдау Жоспарын түбегейлі бекітілуінің шешімін Алматы қ. Арнаулы қаржы соты қабылдауы тиіс (Сот). Соттың оң шешімін алғаннан кейін БТА Банкі қарастырылған қайта құрылымдау Жоспарының негізінде алдыңғы облигацияларының күшін жою, кредиторлар арасында қолма-қол ақшаны бөлу, Қазақстанның қаржы биржасында және басқа да сауда алаңдарында сәйкестендірілген бағалы қағаздарды жайғастыру сияқты шараларды орындауға кіріседі.
Жоғарыда аталып өткендей, 28 мамырда Алматы қаласында өткен кредиторлардың байқаулық Жиналысындағы БТА Банктің қаржы берешегін қайта құрылымдау Жоспарындағы 2 442 млрд. теңге (16,65 млрд АҚШ доллары) сомасы 2 247,4 млрд. теңге көлемінде кредиторлармен мақұлданған болатын. Бұл Банк қаржы берешегінің 92,03 пайызын құрайды.
БАҚ байланыс телефондары:
тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz