Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
«БТА Банкі» АҚ жылдық акционерлердің жалпы жиналысының қорытындылары
24.06.2010Осы арқылы «БТА Банкі» АҚ, 2010 жылғы 22 маусымда «Алматы қ., Самал-2 ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, А-2 блок, 2-қабат» мекенжайында өткен «БТА Банкі» АҚ Жылдық Акционерлердің жалпы жиналысының қорытындылары туралы хабарлайды.
Жылдық Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша келесі шешімдер қабылданды:
- 2009 қаржы жылының Банк қызметінің қорытындылары бойынша «БТА Банкі» АҚ жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін.
- 2009 қаржы жылының Банк қызметінің қорытындылары бойынша кірістің болмауына және меншік капиталының теріс болуына байланысты «БТА Банкі» АҚ таза кірісі бөлінбейді және жәй акциялар бойынша дивидендтер төленбейді.
«БТА Банкі» АҚ таза кірісінің болмауына байланысты сақтық капиталын қалыптастыру мүмкін еместігі туралы ақпарат назарға алынсын.
- «БТА Банкі» АҚ және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттерін акционерлердің ескеруі және оларды қарастыру қорытындылары туралы ақпарат назарға алынсын.
- «БТА Банкі» АҚ аудиторы ретінде «Эрнст энд Янг» ЖШС бір жыл мерзімге сайлансын.
- ««БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу мөлшері, шығындарды төлеу және өтеу шарттарын белгілеу ережелері» жаңа редакцияда бекітілсін.
- «БТА Банкі» АҚ жарияланған акциялары 55 219 743 695 (елу бес миллиард екі жүз он тоғыз миллион жеті жүз қырық үш мың алты жүз тоқсан бес) дана мөлшерге ұлғайтылсын.
- «БТА Банкі» АҚ облигацияларын айырбастау шарттары және тәртібі анықталсын.
- «БТА Банкі» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту. «БТА Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы Сәйденов Әнуар Ғалимуллаұлы мырзаға «БТА Банкі» АҚ жаңа редакциядағы Жарғысына қол қоюға құқық берілсін.
- «БТА Банкі» АҚ Корпоративтік басқару кодексі жаңа редакцияда бекітілсін.