Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама
08.07.2010«БТА Банкі» акционерлік қоғамы, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050051, «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков к-сі, 97, 2010 ж. 3 шілдедегі № 7-1 Директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес, Банктің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлайды.
«БТА Банкі» АҚ Директорлар Кеңесі акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы болып табылады.
«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2010 жылғы «18» тамызда 11 сағат 00 минутта өтеді. Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушылар тіркеу 10.00 сағатта келесі мекенжайда басталады: Алматы қ., «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков к-сі, 97, А2 блогы, 2-қабат, мәжіліс залы.
«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2010 жылғы 3 шілдедегі жағдайы бойынша жасалған.
«БТА Банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібі:
- «БТА Банкі» АҚ Директорлар Кеңесінің құрамын өзгерту туралы.
- Санақ комиссиясы құрамының санын ұлғайту туралы.
Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысына «БТА Банкі» АҚ акционерлерін қатысуға шақырамыз. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі мен өткізілу мәселелеріне қатысты ақпаратпен және материалдармен заңнамада көрсетілген мерзімде келесі телефондар арқылы танысуға болады: +7 (727) 2 66 72 54; +7 (727) 2 66 72 69.
Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің қайталама жалпы жиналысы 2010 жылғы «19» тамызда 11 сағат 00 минутта келесі мекенжайда өтеді: Алматы қ., «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков к-сі, 97, А2 блогы, 2 қабат, мәжіліс залы. Акционерлерді тікеу 10.00 сағатта басталады.
Акционерлер - жеке тұлғалар өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжатты алып келулері тиіс.
Акционерлердің өкілдері Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс.
Акционерлер - заңды тұлғалар өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген еліне қатысты осындай акционерлердің (қатысушылардың) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заңының 17 бабы 5 тармағы бірінші бөлігінің талаптарын орындағандығы туралы өтінішті ұсынуы тиіс.
Байланыс үшін:
Питулова Ольга Владимировна, Корпоративті Хатшының көмекшісі +7 (727) 2 66 72 54, 2 66 72 69 E-mail: o_pitulova@bta.kz