Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
"БТА Банкі" АҚ Банк міндеттемелерін қайта құрылымдау жоспарын іске асыру аясында облигациялар шығару және орналастыру туралы шешім қабылдады
21.07.2010Алматы, 20 шілде 2010 ж. «БТА Банкі» АҚ (әрі қарай – «Банк») 2010 жылғы 01 мамырдағы Банктің Ақпараттық меморандумында мазмұндалған шарттармен (өзгерістерімен және толықтыруларымен) ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттік Басқармасының 2010 жылғы 4 маусымдағы №83 Қаулысымен келісілген және Алматы қ. Мамандандырылған қаржы сотының 01.07.2010ж. № 2-24/2009 Анықтамасымен бекітілген, 28.05.2010ж. Банктің Конкурстық Кредиторларының Жиналысымен мақұлданған «БТА Банкі» АҚ Қайта құрылымдау жоспарын іске асыру аясында облигацияның 9 (тоғыз) түрін шығару және орналастыру туралы шешім қабылдады.
Облигациялардың 9 түрі келесі құралдарды қамтиды:
- АҚШ доллармен негізгі облигациялар (8-жылдық);
- Теңгемен негізгі облигациялар (8-жылдық);
- АҚШ доллар түрінде дисконтпен арнайы борыштық құрал (OID облигациялары) (11-жылдық);
- Еуро түрінде дисконтпен арнайы борыштық құрал (OID облигациялары) (11-жылдық);
- АҚШ доллар түріндегі реттелген облигациялар (15-жылдық);
- Еуро түріндегі реттелген облигациялар (15-жылдық);
- Теңге түріндегі реттелген облигациялар (15-жылдық);
- Теңге түріндегі реттелген облигациялар (20-жылдық);
- Қалпына келтіру облигациялары (Rcovery Units) (10-12 жылдық).
Облигацияларды шығару және орналастыру шетел мемлекетің (Ұлыбританияның) заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ, Ұлыбритания заңнамасы осы шығарылымның Ұлыбританияның уәкілетті органында тіркелуін қарастырмайды. Облигацияларды орналастыру Банктің әрекет етуші кредиторлары арасында жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңының 22-1 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттік Басқармасының 30.07.05ж. №270 қаулысымен бекітілген «Шетел мемлекетің аумағында Қазақстан Республикасының резидент-ұйымының эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережелерінің» 2-ші және 3-ші тармақтарына сәйкес, Банк шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес ҚҚА-нен облигациялар шығаруға және орналастыруға рұқсат беру жөнінде сұрау жібереді.
БАҚ арналған байланыс:
тел. +7 (727) 312 24 26, 266 47 97
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz