Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
«БТА Банкі» АҚ күн тәртібіндегі кезектен тыс жалпы акционерлер жиналысына толықтыруларды енгізу туралы
30.07.2010Алматы, «30» шілде 2010 ж. – Бүгін «БТА Банкі» АҚ (бұдан кейін – «Банк») Директорлар кеңесінің 2010 ж., «26» шілдедегі № 7-5 шешіміне сәйкес өз акционерлеріне Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтырулар енгізгендігін хабарлады. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі күн тәртібіндегі кезектен тыс жалпы акционерлер жиналысына толықтырулар енгізетін ынтагер болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғам туралы» Заңының 43 бабының тармағына сәйкес «БТА Банкі» АҚ күн тәртібіндегі жалпы акционерлер жиналысы келесі сұрақтар бойынша толықтырылады:
3 сұрақ. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне қаржының орнын толтыру мен төлем талаптарына сыйақыны анықтау» Ережесіне өзгерістер енгізу туралы.
4 сұрақ. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа басылымдарын бекіту жайлы.
Кезектен тыс күн тәртібіндегі жалпы акционерлер жиналысының алдындағы толықтыруларды ескере отырып келесі сұрақтар қарастырылатын болады:
- «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамының өзгеруі туралы.
- Санақ комиссиясы құрамындағы мүшелерінің көбеюі туралы.
- «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне қаржының орнын толтыру мен төлем талаптарына сыйақыны анықтау» Ережесіне өзгерістер енгізу туралы.
- «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі жайлы» жаңа оқылымда бекітілуі туралы.
«БТА Банкі» АҚ кезектен тыс жалпы акционерлер жиналысы 2010 жылдың «18» тамызында сағат 11:00-де өтеді. Жиналысқа қатысушылардың тіркелуі Алматы қаласы «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков көшесі 97, А2 блок, 2 қабаттағы мәслихат залы мекенжайы бойынша өтеді. «БТА Банкі» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2010 жылдың «03» шілдесіндегі жайына байланысты құрылған.
Банк «БТА Банкі» АҚ акционерлерін кезектен тыс жалпы акционерлер жиналысының жұмысына қатысуға шақырады. Күн тәртібіндегі сұрақтарға байланысты ақпарат пен материалдарды +7 (727) 2 66 72 54; +7 (727) 2 66 72 69 телефондары бойынша ала аласыз.
Толық жиналмаған жағдайда, келесі жалпы акционерлердің жиналысы 2010 жылдың «19» тамызында сағат 11:00-де Алматы қаласы, «Самал-2» ы/а, Жолдасбеков көшесі 97, А2 блогы, 2 қабаттағы мәжіліс залы мекенжайы бойынша өтеді. Акционерлерді тіркеу сағат 10:00-ден басталады.
Акционерлер мен жеке тұлғалар жеке басын куәландыратын куәлікті көрсетуге міндетті. Акционерлердің өкілдері Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ресімделген сенімхатты, сондай-ақ өзінің жеке куәлігін көрсетулері керек.
Акционерлер-заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «ҚР банктер мен банктік қызметтер туралы» 17 Заңының 5 бабының 1 тармағы бойынша тіркелген елге байланысты талаптарды ұстанған акционерлерінің (қатысушылар) өтінішін беруі керек.
Байланыс телефондары:
Питулова Ольга Владимировна, Корпоративті хатшының көмекшісі
Тел: +7 (727) 266-72-54, 266-72-69
e-mail: o_pitulova@bta.kz
БАҚ байланыс телефондары:
тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz