Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі халықаралық стандарт бойынша ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін енгізді

09.08.2010

Алматы, 9 тамыз 2010 ж. – БТА Банкі (бұдан кейін – Банк) халықаралық ISO/IEC 27001:2005 стандартқа сәйкес әзірленген ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін (бұдан кейін – АҚБЖ) ойдағыдай енгізгендігін хабарлады.

Үшінші сертификациялық аудитті өткізу нәтижесінен кейін ISO/IEC 27001:2005 стандартының сертификаты расталып, Банктің АҚБЖ құрылымы стандарттың барлық талаптарына сәйкес толық қабылданды. БТА Банкі халықаралық ISO/IEC 27001:2005 стандартқа сәйкес АҚБЖ енгізуді соңына жеткізген бірінші қазақстандық банк болып отырғанын ескергеніміз абзал.

АҚБЖ-нің әрекет ету саласы «БТА- оnline» заңды тұлғаларын қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесімен қызмет етеді, яғни сертификацияның нәтижесінде халықаралық сарапшылар жоғары деңгейдегі қорғалған сервис деп қабылдады.

БТА Банкіне ISO/IEC 27001:2005 сертификатын алу инвестициялық компаниялар тарапынан сенімді ұлғайтады, сонымен қатар АҚБЖ үшінші жақтың бекітілмеген қолжетімділігін болдырмау және ақпараттарды құпия ұстау арқылы клиенттердің Банк жұмысына сенімділігін бекітеді.

Халықаралық ISO/IEC 27001:2005 стандартқа сәйкес АҚБЖ-ны жетілдіру Банктің IT-стратегиялық дамуының маңызды бір бөлігі болып табылады.

ISO/IEC 27001:2005 стандарты туралы анықтама

Халықаралық ISO/IEC 27001:2005 стандарты «Ақпараттық технологиялар – Қорғау әдістері – Ақпаратты қауіпсіздікті басқару жүйесі – Талаптар» британдық BS 7799-2:2002 стандарт негізінде стандартизациялау бойынша Халықаралық ұйыммен (ISO) және Халықаралық электротехникалық комиссиясымен дамытылған.

ISO/IEC 27001:2005 стандарты ұйымның ақпараттық қаржыларын қорғау қабілеттерін жариялау үшін АҚБЖ-ға талаптарды бекітеді. Аталмыш стандарттың талаптары жалпы мінездемені қамтиды және барлық ұйымдар олардың түріне, көлеміне, меншіктік формасына сәйкес қолдана алады.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 28 47, 250 58 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz