Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

Жеке сәйкестендіру нөмірлеріне (ЖСН) ауысу

16.08.2010

Құрметті клиенттер – жеке тұлғалар!

БТА Банк ҚР «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында 2012 жылдың 1 қантарынан бастап жеке сәйкестендіру нөмірлеріне ауысу жүзеге асырылатындығын хабарлайды.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке тұлғалар үшін қалыптастырылатын бірегей нөмірі (1998ж. 1 қаңтарынан бастап жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілетін 12 белгіден тұратын сандық код).

2012 жылдың 1 қантарынан бастап ҚР резиденттерінің және резидент еместердің жеке басын растайтын құжаттар ЖСН болмаған жағдайда жарамсыз болып танылады.

  • Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
  • Жеке куәлік;
  • Қазақстан Республикасында шетел азаматының мекенжай түрі;
  • азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі;
  • Шетел және азаматтығы жоқ тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда тіркеу куәлігі.

2012 жылдың 1 қантарынан бастап ЖСН мына жағдайларда қолданылады:

  • банктерде және банктік операциялардың кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда банктік шоттар ашу және жүргізу;
  • төлемдер жүргізу және ақшаларды аудару, соның ішінде міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аудару, сонымен қатар салық міндеттемелерін орындау.

Осыған байланысты, клиенттер-заңды тұлғаларға үздіксіз қызмет көрсету мақсатында 2011ж. 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде Банкке жеке сәйкестендіру нөмірлерін ұсыну қажет.

2012 жылдың 1 қантарынан бастап клиенттерге банктік қызмет көрсету (төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу, шоттар ашу және қызмет көрсету) келесі жағдайларда мүмкін болмайды:

  • жеке басын куәландыратын құжаттарда жеке нөмірдің (ЖСН) болмауы,
  • Банктің қызмет көрсетуші бөлімшесіне ЖСН болуы туралы куәлікті ұсынбауы.

Егер Сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжатта ЖСН нөмірі болмаған жағдайда, тұрақты тұрғылықты мекенжай бойынша жаңа құжаттарды алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) жүгінулеріңізді сұраймыз. Осыдан кейін Банкке көрсету керек.

Толық ақпаратты Сізге қызмет көрсететін БТА Банктің бөлімшесінен алуыңызға болады.