Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкінің кезектен тыс жалпы акционерлер жиналысының қорытындысы

23.08.2010

Алматы, 23 тамыз 2010 ж. – Бүгін БТА Банкі (бұдан кейін – Банк) 2010 жылдың 19 тамызында Алматы қаласында өткен кезектен тыс жалпы акционерлер жиналысының қорытындысын хабарлады. Күн тәртібінде төмендегі сұрақтар қарастырылды:

  1. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы;
  2. Санақ комиссиясының сандық құрамын көбейту туралы;
  3. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне «Сыйақыны анықтау, төлем талаптары мен шығындардың орнын толтыру» Ережесіне өзгерістер енгізу туралы;
  4. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі жайлы» жаңа басылымдағы Ережені бекіту туралы;
  5. «БТА Банкі» АҚ бұрынғы лауазымды тұлғаларын Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту.

Банк акционерлерінің дауыс беруінің нәтижесінде, төмендегідей шешім қабылданды:

  1. Тәуелсіз директор Ульф Вокурканың басқа жұмысқа ауысуына байланысты, 2010 жылдың 17 тамызынан бастап БТА Банкі Директорлар кеңесінің құрамынан шығуы жөніндегі өтінішін қабылдау.

    Директорлар кеңесінің мүшелері – Ерлан Тәтішев пен Қайрат Әйтекеновтің өкілеттіліктерін тоқтату.

    Кредиторлар Комитетінің өкілдері Кристоф Шефбек пен Маартен Лео Пронк және тәуелсіз директор – Болат Бабеновты Директорлар кеңесінің құрамына сайлау.
  2. Қазіргі уақытта БТА Банкі Директорлар кеңесінің құрамы тоғыз адамнан тұрады: Директорлар кеңесінің төрағасы – Арман Дунаев, Директорлар кеңесінің мүшелері – Әнуар Сәйденов, Айдан Кәріпжанов және Абай Искандиров; тәуелсіз директорлар – Юрки Талвитие, Константин Корищенко және Болат Бабенов; Кредиторлар Комитетінің өкілдері – Кристоф Шефбек, Маартен Лео Пронк.

Сонымен қатар, Банк акционерлері төменде көрсетілген шешімді қабылдады:

  1. Жалпы акционерлер жиналысының жұмысын қамтамасыз етіп отыратын Санақ комиссиясының сандық құрамын көбейту;
  2. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне «Сыйақыны анықтау, төлем талаптары мен шығындардың орнын толтыру» Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  3. «БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесі жайлы» жаңа басылымдағы Ережені бекіту;
  4. «БТА Банкі» АҚ бұрынғы лауазымды тұлғаларын Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz