Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
Құрметті кредиторлар!
24.08.2010«БТА Банкі» АҚ қайта құрылымдаудың шарттары бойынша «БТА Банкі» АҚ-ның реттелген облигацияларының барлық шығарылымдары (KZ2CKY08A535, KZ2CKY10A887, KZ2CKY10B158, KZ2CKY10B828, KZ2C0Y30C125, KZ2C0Y10D067) Банктің жай акцияларына айырбасталуы арқылы мерзімінен бұрын өтеуге жататынын хабарлайды. Банк кредиторларға аударатын акциялардың саны бойынша есеп айырысулар 2010 жылдың 30 маусымына қарасты көрсетілген облигациялар бойынша Банктің негізгі берешегінің сомасын және олар бойынша есептелген сыйақыларын есептей отырып шетелдік консультанттармен жүргізілді. Айырбастауға арналған жай акцияның бағасы оны дөңгелектеу кезінде олқылық жібермеу үшін 57,3296743241565 теңге мөлшерінде деп анықталды. «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ның жүйесінде мәміле бағасы үтірден кейін 6 белгіден көп болмауы керектігін назарға ала отырып, қарымта бұйрықтарда акцияның бағасын 57,329674 теңгеге тең етіп көрсету қажет.
Қарымта бұйрықтар бойынша параметрлерді «БТА Секьюритис» АҚ-мен келісу қажет. Келесі байланыс телефондары арқылы хабарласуыңызға болады: +7(727) 393 73 12, 393 73 13, 393 73 14.