Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
БТА Банктің негізгі акционері – «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ банктің кейбір кредиторларына талап қойды
25.08.2010Алматы, 25 тамыз 2010 ж. – Бүгін БТА Банкі (бұдан кейін – Банк) өзінің негізгі акционері – «Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (бұдан кейін – «Самұрық-Қазына») жалпы 300 млн. АҚШ доллар сомасына шектелген келісімдердің заңдылығын теріске шығару мақсатында Банктің кейбір кредиторларын жауапқа тартып, қазақстандық сот төрелігіне жүгінгендігін хабарлайды.
Дау туғызып отырған келісім Банктің ұсынған кепілімен Британдық Виргин Аралдарының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылған Credit Suisse-нің берген кредиттеріне байланысты болып отыр.
«Самұрық-Қазына» Банктің негізгі акционері ретінде бұл келісімдердің заңдылығына дау туғызуға құқылы. Қазақстандық сот «Самұрық-Қазынаның» жүгінуіне байланысты Банк кепіліне қатысы бар талаптарға сәйкес «Самұрық-Қазына» талабы бойынша шешім қабылдағанға дейін кредиторлардың белгілі бір төлемдерді талап етуіне рұқсат етілмейді деген ұйғарым жасады.
Қазіргі кезде Банк 2010 жылдың 5 қыркүйегіне дейін аяқталатын өзінің борыштық міндеттемелеріне байланысты қайта құрылымдауды жүргізіп жатыр. Банк бұл үрдіс сот бекіткен жоғарыда аталып өткен қайта құрылымдау Жоспарына сәйкес өткізіледі деп сенім білдіреді.
БАҚ байланыс телефондары:
тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz