Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі қайта құрылымдау үдерісін табысты аяқтады

01.09.2010

Алматы, 2010 ж. 1 қыркүйек – Бүгін БТА Банкі (бұдан кейін – Банк) кредиторлары алдындағы өз қаржылық міндеттемелерін 16,65 млрд. АҚШ доллар сомасына қайта құрылымдау үдерісінің табысты аяқталғанын хабарлады. Бұндай шешімді Алматы қ. Мамандандырылған Қаржылық Соты (бұдан кейін – Сот) 2010 жылдың 31 тамызында БТА Банкінің қаржылық берешегін қайта құрылымдаудың жоспарында (бұдан кейін – Қайта құрылымдау жоспары) алдын ала қарастырылған барлық шаралардың ойдағыдай жүзеге асырылуын айғақтайтын дәлелдердің негізінде қабылдаған болатын.

Кредиторларының алдындағы қаржылық міндеттемелерін қайта құрылымдауы аясында Банк бұрындары шығарылған облигацияларының және өзге де міндеттерінің күшін жойып, кредиторларға ақшалай түрде 945 млн. АҚШ долларын төледі, сонымен қатар жаңа борыштық бағалы қағаздар мен акцияларды қалпына келтіруге арналған 5,2 млрд.АҚШ долларына облигацияларды қоса алғандағы, 2,3 млрд. АҚШ долларына үлкен облигацияларды, 429 млн. АҚШ долларына дисконтты (OID) арнайы борыштық құралдарын және 773 млн. АҚШ долларына реттегіш облигацияларын және жаңартылмалы несие желісі бойынша, сауданы қаржыландыруға 698 млн. АҚШ доллар сомасына келісім жасады. Сонымен қатар, 44 175 794 956 дана қарапайым акцияларды шығарды. Қайта құрылымдау нәтижесінде Банктің қарыздық берешегінің көлемі 16,65 млрд АҚШ долларынан 4,2 млрд АҚШ долларына дейін қысқарып, кредиторлар алдындағы берешекті өтеу мерзімі 8 жылдан 20 жылға дейін ұзартылды.

Банктің жарғылық капиталына 4,6 млрд. АҚШ доллар сомасында облигациялар айырбасталды. Банк облигацияларын қарапайым акцияларға айырбастаудың нәтижесінде ішкі және сыртқы кредиторлар Банк акционерлік капиталының 18,5 пайыздық жиынтығына иелік ететін акционерлерге айналды. Бұрынғысынша БТА Банктің негізгі акционері – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, қаржы институтының облигацияларын қарапайым акцияларға айырбастаудың нәтижесінде оның үлесі Банк акционерлік капиталының 81,48 пайызына дейін ұлғайды. Миноритарлы акционерлерге өз кезегінде Банк акциясының 0,02 пайызы тиесілі.

Кредиторлардың Банк акционерлері құрамына енуі Директорлар кеңесі құрамының өзгеруіне алып келді. Бұдан бұрын да хабарланғанындай, акционерлердің 2010 жылдың 19 тамызында өткен кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданған шешімдерге сәйкес өтініштің негізінде тәуелсіз директор Ульф Вокурканың, сондай-ақ, Директорлар кеңесінің мүшелері – Ерлан Тәтішев пен Қайрат Әйтекеновтің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды. БТА Банкі акционерлерінің жиналысында Директорлар кеңесінің құрамына жаңа мүшелерді: Кредиторлар Комитетінің өкілдері - Кристоф Шефбек пен Маартен Лео Пронкті және тәуелсіз директор – Болат Бабеновті сайлау жөнінде шешім қабылданды.

Қайта құрылымдау жоспарында алдын ала қарастырылған барлық шараларды жүзеге асыру, басқаны былай қойғанда, Банктің өз капиталын – 108,8 млрд. теңге есебінен тиісті деңгейде қалпына келтіруге сәйкес. Банктің реттегіш өзіндік капиталы – 286,1 млрд. теңгені құрап, Банк капиталының жеткілікті нормативтерін сақтауға мүмкіндік береді. 2010 жылдың 31 тамызындағы жағдайына байланысты жеткілікті капиталдың бірінші деңгейінің коэффициентінің және ҚР Ұлттық Банкінің пруденциалдық нормативтеріне есептелген капиталдың баламалығының жалпы көрсеткіші: 5%, 5%, және 10% нормативті мәніне сәйкес – К1-1–11%, К1-2 – 10,7%, К2 – 14,6% құрады.

БТА Банкінің 2010 жылдың 8 айы ішіндегі жұмыстарының қорытындысы бойынша, бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттарына сәйкес дайындалған аудиттелмеген және шоғырландырылмаған қаржы есептілігінің деректеріне сәйкес, 2010 жылдың 31 тамызында Банк активтерінің көлемі – 1 952,9 млрд. теңгені (соның ішінде 665 млрд. теңге – клиенттердің несиесіне), өзіндік капиталының көлемі – 108,8 млрд. теңгені, міндеттемелері – 1 844,1 млрд. теңгені құрады. 2010 жылддың 8 айында Банктің таза пайдасы – 1 090,9 млрд. теңгені құрады.

БТА Банкі қайта құрылымдауды ойдағыдай аяқтап, өз күшін бизнесті белсенді түрде дамытуға және өзінің дағдарысқа дейінгі ұстанымдарын қалпына келтіруге жұмылдыруды көздеп отыр. Банктің болашақтағы орта мерзімді бизнес-стратегиясына әмбебаптығын және ішкі нарыққа бағытталғандығын сақтау жатады, солайша 2014 жылға қарай Банктің кредиттік портфелінің құрылымында корпоративті бизнестің үлесі 50 пайызды, шағын және орта бизнестің үлесі - 30 пайызды, бөлшектік бизнестің үлесі - 20 пайызды құрауы жоспарланып отыр.

Банкті қорландыру стратегиясы да ішкі нарыққа бағытталған жеке және заңды тұлғалардың салымдарын тарту есебінен депозиттік қорды белсенді түрде өсіруді көздейді. Банктің жоспарында 2014 жылға қарай депозиттік қорды 2008 жылмен салыстырғанда екі есе арттыру қарастырылған.

Бизнестің корпоративтік сегментінде Банк несиелік портфелдің сапасын жақсарту, әртарапта тәуекелге бел буу, несиелік портфельдің тиімділігін және табыстылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды атқаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Банк кепілдік қорды қалпына келтіруді және заңсыз түрде шығарылған активтерді мүмкін болғанынша кері қайтарып алуды заңдық және қаржылық кеңесшілерімен бірге жұмыс істей отырып жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Шағын және орта бизнес сегментінде Банк «Даму» Қоры жүзеге асырып отырған кәсіпкерлерді мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау жұмыстарын жалғастырмақ..

Бөлшектік сегментте Банк несиелік портфельді жоспарлы түрде, орташа есеппен жыл сайын 14 пайызға ұлғайтуды көздейді. Бұл тұста нарықтық бағдарламалар бойынша кредиттер тек қана Банк жалақылық жобалар негізінде қызмет көрсететін компаниялардың қызметкерлеріне, сондай-ақ аккредиттелген қаржылық тұрғыдан тұрақты компаниялардың қызметкерлер құрамына берілетін болады.

Басқарма Төрағасы Әнуар Сәйденовтің пікірінше, БТА Банкті қайта құрылымдаудың сәтті аяқталуы қазақстандық банк секторындағы бұлыңғырлық кезеңіне қойылған кезеңіне қойылған көптен күтілген соңғы нүкте болып табылады және отандық және шетелдік инвесторларға берілген оңды белгінің қызметін атқарады.

«Осы сәтке жетер жолды БТА Банкі он тоғыз айда басып өтті. Осы уақыт ішінде орасан зор жұмыс атқарылды, оған Банктің барлық қызметкерлері және біздің кеңесшілеріміз қатыстырылды. Бүгін біз БТА Банкті құтқаруға жұмсалған барлық күш-жігердің табыс әкелгендігін қуанышты көңіл-күймен сезінудеміз. Банк міндеттемелерін қайта құрылымдау үдерісі сәтті аяқталды, бірақ біз бұл жетістікпен тоқталып қалғымыз келмейді. Алдымызда БТА-ның ұстанымдарын қалпына келтіру жөніндегі күрделі әрі қызықты жұмыстар күтіп тұр. Мен біздің талпыныстарымыздың ерте ме, кеш пе, әйтеуір табысқа жеткізбей қоймайтындығына сенемін. Біздің клиенттерімізге, серіктестерімізге, инвесторларымызға, акционерлерімізге және БТА-ның ұжымына Банкінің басынан өткен қиын-қыстау кезеңде көрсеткен сенімдері мен қолдаулары үшін шексіз алғысымды білдіремін».

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz