Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
БСН және ЖСН бірегейлендіру нөміріне ауысу
02.09.2010Құрметті клиенттер - заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер!
БТА Банкі Сіздерге ҚР-ның «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында 2012 жылдың 1 қантарынан бастап сәйкестендіру нөмірлеріне (БСН/ЖСН) ауысатындығын хабарлайды.
Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) - бұл заңды тұлғаға /филиал мен өкілдікке/ және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмірі (2007ж. 14 тамызынан бастап тіркеу куәлігінде көрсетілетін 12-белгіден тұратын сандық код).
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) – жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер және жеке тұлға үшін қалыптастырылатын бірегей нөмірі (1998ж. 1 қаңтарынан батап жеке басын растайтын құжатта көрсетілетін 12 белгіден тұратын сандық код).
2012 жылдың 1 қантарынан бастап ҚР резиденттерінің және резидент еместердің жеке басын растайтын құжаттар, онда ЖСН болмаған жағдайда жарамсыз болып танылады.
2012 жылдың 1 қантарынан бастап БСН және ЖСН мына жағдайларда қолданылады:
- — — банктерде және банктік операциялардың кейбір түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда банктік шоттар ашу және жүргізу;
- — — төлемдер жүргізу және ақшаларды аудару, соның ішінде міндетті зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аудару, сонымен қатар салық міндеттемелерін орындау.
Осыған байланысты, клиенттер-заңды тұлғалар БТА Банкке үздіксіз қызмет көрсету мақсатында 2011ж. 11 желтоқсанына дейінгі мерзімде банкке сәйкестендіру нөмірлерінің (БСН/ЖСН) болуымен мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті ұсыну қажет.
2012 жылдың 1 қантарынан бастап клиенттерге одан әрі банктік қызмет көрсету (төлем құжаттарын қабылдау және өңдеу, шоттар ашу және қызмет көрсету) келесі жағдайларда мүмкін болмайды:
- — — мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте және басқа құжаттарда сәйкестендіру нөмірлерінің (БСН/ЖСН) болмауы,
- — — Банктің қызмет көрсетуші бөлімшесіне сәйкестендіру нөмірлерінің (БСН/ЖСН) болуымен мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті ұсынбауы.
Толық ақпаратты Сізге қызмет көрсететін БТА Банктің бөлімшесінен алуыңызға болады.