Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
БТА Банктің Директорлар кеңесі тәуекелдер мен аудит және тағайындау сыйақы беру жөніндегі комитеттердің құрамын бекітті
17.09.2010Алматы, 17 қыркүйек 2010 ж. – Бүгін БТА Банкі 2010 жылдың 7 қыркүйегінде өткен Директорлар кеңесінің өткен мәжіліс қорытындысын хабарлады. Банктің аталмыш басқармасы алғаш рет жаңартылған құрамда: тәуелсіз директор Болат Бәбенов пен Кредиторлар комитетінің өкілдері – Маартен Лео Пронка, Кристоф Шефбекпен өзінің жұмысын бастағандығын атап өткіміз келеді.
Мәжілісте Директорлар кеңесі БТА тобына кіретін банк пен компаниялардың ағымдағы қызметіне қатысты мәселелерді қарастырды. Кеңес мүшелері қайта құрылымдау қорытындылары және БТА Банктің ағымдағы қаржылық жағдайымен танысып, банктің несиелік портфелінің сапасы жайында баяндаманы тыңдап, сонымен қатар күн тәртібіне енген басқа да мәселелерді қарастыра отырып, Директорлар кеңесінің жанындағы Комитеттердің құрамын өзгертуге шешім қабылдады.
Мәжілісте қабылданған шешімге орай, БТА Банктің Директорлар кеңесінің жанындағы Комитеттері төменде аталған құрам бойынша өз жұмыстарын жалғастырады:
Тәуекелдер жөніндегі комитет
Комитет Төрағасы – Кредиторлар өкілі Маартен Лео Пронк, комитет мүшелері - тәуелсіз директорлар - Константин Корищенко, Юрки Талвитие, Директорлар кеңесінің мүшелері - Әнуар Сәйденов, Абай Ескендіров, кредиторлар өкілі - Кристоф Шефбек
Аудит жөніндегі комитет
Комитет Төрағасы – Кредиторлар өкілі Кристоф Шефбек, комитет мүшелері - тәуелсіз директорлар - Константин Корищенко, Юрки Талвитие, тәуелсіз директор Болат Бәбенов, кредиторлар өкілі Маартен Лео Пронк.
Тағайындау және сыйақы беру жөніндегі комитет
Комитет Төрағасы – тәуелсіз директор Константин Корищенко, комитет мүшелері - Директорлар кеңесінің төрағасы - Арман Дунаев, тәуелсіз директор Болат Бәбенов және кредиторлар өкілі - Кристоф Шефбек.
БТА Банктің Директорлар кеңесінің келесі мәжілісі 2010 жылдың 28 қазанында Алматы қаласы, «Самал-2» ықшам ауданы, Жолдасбеков к-сі, 97, 12 қабаттағы мәжіліс залында өтеді.
БАҚ байланыс телефондары:
тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz