Главная

Жаңалықтар

2016 2015 2014 2013 2012 2011 2010 2009 2008 2007 2006 2005 
қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр маусым шілде тамыз қыркүек қазан қараша желтоқсан 

БТА Банкі қайта құрылымдау қорытындысын тұрақты түрде заңды қорғау үшін АҚШ сотына жүгінді

01.10.2010

Алматы, 1 қазан 2010 ж. – Бүгін БТА Банкі АҚШ аймағында Нью-Йорктің Оңтүстік аймағының құқықтық өкілеттілігінде жатқан қаржылық дәрменсіздік ісі бойынша (бұдан кейін – «АҚШ Соты») тұрақты түрде заңды қорғауын алу үшін АҚШ Сотына жүгінді. Аталмыш өтініш БТА Банктің қайта құрылымдау мәселелері бойынша шетелдік өкілеттік уәкілдерінің ролінде шыққан БТА Банкі басшысы Әнуар Сәйденовтің атынан бағытталды.

Бұдан бұрын Банк 2010 жылдың 2 наурызында АҚШ Соты «банкроттық жөнінде АҚШ заңының мәліметінің» 15 бабына сәйкес АҚШ аймағында негізгі шетелдік өндіріс есебінде БТА Банктің қайта құрылымдауын мойындау жөнінде бұйрық шығарды. Аталмыш бұйрық Банктің қайта құрылымдау жүйесі аяқталуына дейін заңды түрде қорғауды қамтамасыз етіп келді. Сонымен қатар АҚШ аймағында активтеріне байланысты және кезкелген Банкке қатысты сот үдерісін кейінге қалдыруды ұсынды.

2010 жылдың 31 тамызында Алматы қаласының Мамандандырылған қаржылық соты БТА-ның қайта құрылымдау үдерісін аяқтау жөнінде шешім шығарғаннан кейін, Банкте АҚШ аймағында қайта құрылымдау қорытындысын тұрақты түрде заңды қорғауын алу қажеттілігі туындап отыр.

АҚШ Соты Банктің өтінішін қарастыру негізіндегі тыңдау 2010 жылдың 26 қазанында Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 10:00-де болады. Оң шешім шығарған жағдайда қайта құрылымдаудың нәтижесінде өтелген Банктің борыштарына байланысты кейінге қалдыру тұрақталып, ал, АҚШ аймағында осы борыштарды өндіріп алу әрекеті тоқтатылады.

БАҚ байланыс телефондары:

тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz