Жаңалықтар
2016 | 2015 | 2014 | 2013 | 2012 | 2011 | 2010 | 2009 | 2008 | 2007 | 2006 | 2005 |
қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | маусым | шілде | тамыз | қыркүек | қазан | қараша | желтоқсан |
Standard&Poor’s БТА Банкінің кредиттік рейтингісін көтерді
27.10.2010Алматы, 27 қазан 2010 ж. - Standard&Poor’s халықаралық рейтингтік агенттігі (бұдан кейін – «Агенттік») БТА Банкінің (бұдан кейін – «Банк») кредиттік рейтингісін көтергенін хабарлады. Бұл ретте ұлттық және шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингтер «D»-дан «В»-ға («В» минус»), ал ұлттық және шетел валютасындағы қысқа мерзімді рейтингтер «D»-дан «С»-ға дейін көтерілді. Банктің өзгертілген кредиттік рейтингтерінің болжамы – тұрақты. Осыған сәйкес Банкке рейтинг бойынша ұлттық шкала деңгейінде «kzВB-» («kzВB» минус) берілді.
Агенттіктің кредиттік талдаушысы Екатерина Трофимованың ойынша, «рейтингтердің көтерілуі БТА Банкінің берешегін қайта құрылымдауын аяқтағанының нәтижесінде банктің кредитті өтеу қабілеттілігі; сондай-ақ БТА өзінің кредитті өтеу қабілеттілігін бағалауда Қазақстанның Үкіметі Банкке қаржылық қолдау көрсетіп келе жатыр».
БАҚ байланыс телефондары:
тел. +7(727) 312 28 47, 250 53 78
e-mail: pr@bta.kz
www.bta.kz